Қызылшаның алдын алу



Дата20.10.2023
өлшемі14.16 Kb.
#481194
қызылша диктант


Қызылша – ауа арқылы кеңінен таралатын жедел вирусты жұқпалы ауру. Оның белгілері: дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығының қабынуы, ауыз қуысындағы өзгерістер, теріде бөртпелердің пайда болуы. Қызылша жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланыста болғанда жұғады . Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді.
Қызылшаның белгілері: Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол салқын тию белгілерімен басталады:дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тамаққа тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел,мұрынның бітуі.Кейініректе конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы мүмкін. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан 21 күннен кейін беттің шырышты қабығындажәне ауыз қуысында ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Қызылша кезінде кейіннен бір-біріне бірігетін қызғылт дақ түрінде бөртпелер шығады. 1-ші күні бөртпе құлақтың артына, бетіне және мойынға, кеуденің жоғарғы бөлігіне шығады. 2-ші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады, 3-ші тәулікте бөртпелер аяққа, екі қол алақанына және табандарына шығады.Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді. Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40,5°С- қа қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады,олар 2 аптадан кейін кетіп,тері қайта таза болады.
Қызылшаның дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек. Асқынбай тұрғандағы қызылшаның белгілерін емдеу үшін демалу керек, суды көп ішу, дене қызуын түсіретін, тұмау және тамақ ауруын, қақырықты түсіретін дәрілер мен витаминдерді қабылдау қажет.
Қызылшаның алдын алу
Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі екпе болып табылады. Қызылшаға қарсы егу арқылы вирусты жасанды жолмен тоқтатады, нәтижесінде ағза өзін қорғайтын иммунитет жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет