Қызылтау ауылдық округінің әкімі
Руслан Рахметоллаұлының
тұрғындар алдында беретін есебінің жобасы
Қызылтау ауылдық округіне төрт елді мекен кіреді Жуантөбе, Лекер, Ақши, ТЭЦ. Барлығы 243 отбасы, халықтың саны 1405 адам. Оның ішінде 136 зейнеткер, 22 тыл ардагері, 40 алатын алқа, 26 күміс алқа иегерлері бар.Сондай-ақ округте орта бастауыш мектеп, мектепшілік балабақша, дәргерлік амбулатория 3 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетуде. Төрт елді мекенде және қыстақтарда 271 телефон нүктесі жұмыс істейді. Ауылшаруашлық нысандарына келетін болсақ округте 46 шаруақожалықтары, 1 серіктестік бар. Олар мал басын арттырумен қатар ауыл тұрғындарына көмек жасап,үнемі демеушілік көрсетуде. Жыл бойы Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтарын, облыс, ауданның өкілетті басқару органдарының шешеімдерін орындау жөнінде жұмыстар жүргізу үнемі назарда ұсталды. Азаматтардың өтініштерімен үнемі жұмыстар жасалып, олар уақытында қаралып оң шешімін табады.
Қызылтау ауылдық округі әкімінің аппаратына 2013 жылы барлығы 211 өтініш түсті. Атап айтсақ 1 өтініш жер мәселесі туралы, денсаулық сақтау туралы – 1, мемлекеттік стандартқа сәйкес мал басын растайтын мәлімет сұрап – 152 өтініш, жұмыспен қамту туралы – 15, байланыс және ақпарат туралы – 2 өтініш, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық туралы – 23 және әр түрлі мәселе бойынша – 17 өтініш түсті. Осы өтініштер "Қызылтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде қаралып, жазбаша жауаптары беріліп тиісті шешімдері шығарылды.
Әлеуметтік саласы бойынша
Округіміздің әлеметтік – экономикалық негізгі қадамдары: жұмыссыздықты төмендету, денсаулық сақтау мен білім беру қызметінің сапасын арттыру, елді-мекендерді көріктендіру мен тазалық жұмыстары және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамның тұрақтылығы мен бірігуін одан әрі дамыту.
Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған 26 адам болса, олар жыл бойына кесте бойынша қоғамдық жұмыстарға тартылып отырды. Жыл басынан бері 8 адам тұрақты жұмысқа қабылданса, 2 адам маусымдық жұмысқа қабылданды. «Жол картасы 2020» бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша 2013 жылы мал өсімін арттыруға несие алушылар 4 адам, олар Дюсенбаева Бақыт -3,0 мил.тенге, Ибраев Асхат -3,0 мил.тенге, Акижаев Сарсенбек -1,0 мил.тенге, Акижаев Кенжебек-1,мил.600 тенге төмендетілген пайызбен несие алып, өз шаруашылықтарын дамытуда. «Жол картасы 2020» бағдарламаның 3-ші бағыты бойынша 2013 жылы ауданнан баспанамаен қамтылған ЦЭС елдімекеннің тұрғыны жас маман Байжанов Ернұр.Сонымен қатар Лекер ауылының тұрғындарының сұрауымен Лекер ауылының тұрғыны Ж.Шайхин «Қызылтау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бас маман қызметіне ораналасып, бүгінгі күні Лекер ауылының тұрғындарына қызмет етуде. Лекер ауылының тұрғындарымен өткізілген жиында көтерілген тағы бір мәселе электрик қызметкерінің жоқтығы болатын. Бұл мәселе он шешімін тауып, бір адам тамыздың 1-ші жұлдызынан бастап түрақты жұмысқа қабылданды. Тағы бір қойылған өзекті мәселе ауыз су тасымалдауы болатын, су тасымалдайтын тіркеме алынып Лекер ауыл тұрғыны азамат Асылбеков Ғалымжанға бекітіліп берілді.
Қамқорлық айы барысында 31 адамға, атап айтқанда зейнеткерлерге, тыл еңбекккерлеріне, мүгедектерге көп балалы және аз қамтамасыз етілген жанұяға 316600 теңге көлемінде көмек көрсетілді. «Серпіліс»МКҚК-ның тракторымен бір реттік көмек көрсетіліп, тегін тыл ардагерлерінің аулаларын көң-қоқыстарын шығарылып берілді.Сонымен қатар «Айыртас» ШҚ-ның басшысы Молдашбеков Смет, «Қаныш» ШҚ-ның басшысы А.Тасыбаев «Әкіш» ШҚ-ның басшысы С.Сулеев «Еспе» ШҚ-ның басшысы Н.Греблюк 2 тоннадан шөппен көмек көрсетті.Ауыл мешіті көп балалы және аз қамтамасыз етілген жанұядан 5 балаға оқу құралдарымен көмек көрсетті. Барлығы 35000 тенге көлемінде. 17 отбасына 3 тоннадан көмірмен көмек көрсетілді.Ұнның бағасын тұрақтандыру үшін ауданнан жеңілдетілген бағамен 2400 теңге көлемінде 15000 тонна ұн босатылды. Биылғы жылы да осындай шаралар жалғасын табады.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша
Ауыл шаруашылық нысандарына келетін болсақ, жоғарыда аталған 1 серіктестік, 46 шаруақожалықтары бар болса, оның ішінде екі шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мал өсірумен айналысуда. Ауылдық округ бойынша мал саны жылдан жылға артуда. Биылғы жылы 1-ші шілденің санағы бойынша ірі қара мал саны - 7959 бас, қой мен ешкі – 30680 бас, жылқы саны - 3455 басқа жетті. Ауылдық округ аумағында мал азығын дайындау мақсатында 22 шаруа қожалығына арзандатылған бағамен 46 тонна жанармай берілді. Ауылдық округтегі елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға малдәрігерлік профилактикалық іс-шаралардың белгіленген мерзімде өткізілуі үнемі бақылануда. 2013 жылы ауыл шаруашылық өнімдері Астана және Павлодар қалаларына 1 рет, Екібастұз қаласында айына екі рет өтетін жәрмеңкелерге жеткізіліп, қала тұрғындарына ұсынылды. Қазіргі уақытта ауылымыздың шаруа қожалықтары малдың санын емес сапасын арттыруға көңіл бөлуде. Малды асылдандыру мақсатында ауылымыздың «Оразбек», «Қайырбек», «Айыртас», «Ақыш», «Нұржан», «Мақсат», «Қаныш» жеке шаруа қожалықтары Май ауданынан,Железин ауданынан асыл тұқымды ақ басты ірі бұқа алып, малдың санын емес сапасын арттыруға көңіл бөлуде.
Өз шаруашылықтарын дамыту мақсатында «Сыбаға», бағдарламаласы бойынша «Айыртас» ШҚ-ның басшысы Молдашбеков Смет Қанағатұлы, «Қаныш» ШҚ-ның басшысы Тасыбаев Айтмұхамед Қазезұлы, «Жайлау» бағдарламасы бойынша «Нұрмұхан» ШҚ-ның басшысы Мұқашева Айгүл Сейтжанқызы өз шаруашылықтарын дамытуда.
Өкінішке орай елді мекендерімізде мал бағылмау себептеріне байланысты мал ұрлық қылмысы өршіп тұр. Осы мәселені алдын алу мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі ауылға тұрақты участкелік қызметкерін бекітіп берді. Бүгінгі күні участкелік инспектор өз қызметін атқаруда. Оған қоса қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауылдық округте «Сақшы сарбаздар» тобы құрылып, топ мүшелерінің құжаттары ішкі істер бөліміне тапсырылды.
Көріктендіру және санитарлық жұмыстары
Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтті. Мамыр-маусым айында мекемелер ұжымы мен оқушылардың қатысуымен сенбіліктер өткізілді. Округтің елді мекендерінде санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу үшін былтырғы жылы 292 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні толығымен игерілді. Бұл жұмыстарға Баянауыл аудандық «Серпіліс» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының МТЗ-82 тракторы қатысты. Сонымен қатар ауылымыз бойынша каңғып жүрген 30 ит атылды. Жуантөбе,Лекер елді мекеніндегі көң-қоқыстар шығарылып, арнайы жерге төгілді. Көше жарығына 1 млн 192 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бүгінгі күні Ақши, Жуантөбе және Лекер ауылдарында көше прожеторлары көшелерді жарықтандыруда.
Ауылдық округтегі елді мекендердегі барлық нысандағы малдарға малдәргерлік профилактикалық іс-шаралардың белгіленген мерзімде өткізілуі үнемі әкімнің бақылауында болды.
Білім беру саласы бойынша
2013-2014 оқу жылында 170 оқушы білім алып, 47 мұғалім еңбек етуде. Округте 1 жалпы орта, 1 негізгі орта, 1 бастауыш білім беру мектептері, 2 мектепішілік балабақша жұмыс істеуде. Мектептерімізде әлеуметтік қорғалмаған, аз қамтамасыз етілген, тубвиражды, тубқатынас, көп балалы отбасынан, Д есептегі балаларға, жалпы саны 94 оқушыға бір мезгіл тегін тамақ беріледі. Жазғы демалыста Баянауыл сауықтыру лагеріне 17 оқушы жіберіліп, 72 оқушы мектепішілік лагерінде тегін демалды. Аз қамтамасыз етілген отбасынан 1 балаға әкімшілік қызметкерлер тарапынан 15000 теңге қаражатпен көмек көрсетіліп, сауықтыру лагеріне жіберілді. Мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, жақсы көрсеткіш көрсетті. Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінен шалғай орналасқан ТЭЦ және Ескікөмір ауылдарындағы оқушыларды тасымалдау мақсатында Газель автокөлігі бүгінгі күні өз қызметін атқаруда. Биылғы жаңа оқу жыл басында ауылымыздың имамы Дюсембаев Ержан «Мектепке жол» ақциясы бойынша 5 балаға 5000 теңгеден ақшалай, 25000 теңгеге оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ осы акция бойынша 3 оқушыға 18000 теңге қаржылай көмек көрсетті.
Денсауылық сақтау саласы бойынша
Округ бойынша 1 дәрігерлік амбулатория, 4 медицина саласының қызметкері және 1 жедел жәрдем техникасы тұрғындарға қызмет етуде. Жыл басынан бастап ауыл тұрғындарын дәрігерлік тексеруден өткізу мақсатында ауылдық оругімізге жылжымалы медициналық көлігі келуде. Ауылдық округ тұрғындарының жылдағы дәрігерлік тексеруден өткізілуі, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылуы үнемі назарда ұсталады. Биылғы жылдың басынан округ бойынша 22 нәресте дүниеге келіп, олардың денсаулығы әрдайым медицина қызметкерлерінің бақылануында. Биылғы жылы дәрігерлік амбулаторияғы жаңадан жедел жәрдем техникасы бөлініп ауыл тұрғындарға қызмет етуде.
Мәдениет және спорт саласы бойынша
Бүгінгі күні округ бойынша Жуантөбе ауылдық мәдениет үйі және Лекер ауылдық клубы жұмыс істеуде. Былтырғы жылы Жуантөбе ауылдық мәдениет үйіне көптен күткен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда жаңартылған мәдениет үйі халыққа қызмет көрсетуде. Осы мәдениет үйімізде мемлекеттік, ұлттық мейрамдар әр-түрлі іс-шаралар аясында өткізіліп, мәдениет үйінің ұжымы, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары бұл шараларға белсене қатысуда. Өткізілген шаралардың мән-мазмұнына ерекше көңіл бөлінеді.
«Дені саудың, жаны сау» демекші, денсаулық сақтау жүйесін ілгерлетумен бірге салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табуда. Жыл бойына аудан, облыстық спорттық жарыстарға қатысуды ұйымдастырдық. Әр мерекеге орай ауыл тұрғындары арасында әртүрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізілуде. Сонымен қатар «9 мамыр Ұлы Жеңіс күнінің» 68 жылдығына орай Жуантөбе ауылында облыс көлемінде ұлттық ат спорты көкпар, аламан бәйге, тоқ бәйге және құнан жарыс түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды. Аталмыш қазақтың ұлттық ойыны «Көкпар» жарысына Екібастұз қаласы Ақкөл ауылынан «Пырақ», Май ауданы Ақшыман ауылынан «Қайса - ата» Қызылтау ауылдық округі Ақши ауылынан «Бестөбе» және Жуантөбе ауылынан «Қызылтау» командалары өзара сайысқа түсті. Ауылдық округ жастары Мәшхүр – Жүсіп Көпеевтің 155 жылдығына арналған XVІ аудандық жазғы спартакиядаға белсене қатысты.. Сонымен қатар Ж.Аймауытов атндағы ЖОББ мектебіде мектепішілік қазақша күрес және волейбол спорт түрлерінен секциялар жүргізілуде. Құрметті ауылдастар жыл бойына осындай жұмыстар істелді, әлі де шешуін таппай бітпеген шаруашылықтар баршылық.
2013-2017 жылдарға арналған Қызылтау ауылдық округінің дамудың іс-шаралар жоспарымен жұмыс істеу барысы.
Ауыл шаруашылық саласын дамыту
- «Сыбаға», «Жайлау» бағдарламасымен несие,субсидия алуға ШҚ-ына жәрдем жасау;
- Округ аумағында малөлекселерін көметін жер телімін белгілеп, заңдастыру жұмыстарын жүргізу;
- Округте мал дәргерлік пункт ашу;
Инфрақұрылым базасын дамыту
-
Орталықтағы сумен қамтамасыз ету нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
-
Баянауыл –Угольное тас жолын күрделі жөндеуден өткізу;
-
Ағаш көшеттерін отырғызу және көкалдандыру жұмыстарын жүргізу
-
ауыл аралық жолдарды жөндеу;
-
әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Спорт саласын дамыту
-
ауыл жастарының спортпен шұғылданып мәдени салауатты дамуына жағдайлар туғызу;
-
Жуантөбе,Лекер ауылына талапқа сай шағын футбол алаңын ашу;
-
Орталықтан балалар алаңын салу;
-
Ақши елді мекенінде «көкпар» ұлттық ойнының филиалын ашу
-
Спортық құрал жабдықтармен жабдықтау.
Денсаулық сақтау саласы
-
Лекер аулына дәргерлік пункт ғимаратын ашу;
-
Денсаулық сақтау мекеменің материалдық техникалық базасын жақсарту;
-
Денсаулық сақтау мекеменіңнысандарының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Білім саласын дамыту
-
Білім беру нысандарының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізу;
-
Білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту.
Жеке кәсіпкерлікті дамыту
-
орта кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсету;
- Жуантөбе ауылында шағын наубайхана ашу;
-
Жуантөбе, Лекер аулына шаштараз ашу;
-
Округте автокөлік жөндеу орталығын ашуға қолдау көрсету.
- әрбір жұмыссыз отбасының бір мүшесін жұмыспен қамтуға жағдай қарастыру мәселелрі үнемі күн тәртібінде ұсталады.
2013-2017 жылдарға арналған ауыл әкімі аппараты ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдағы мәселелерін онан әрі дамытуға өз күшін салып дәрежелі жұмыстар атқарамыз деп сендіреміз.
Қызылтау ауылдық округінің әкімі Р. Мұқашев
Достарыңызбен бөлісу: |