Бұдан басқа, есірткімен елірген жайда жүретін адамдар, іс жүзінде қорғалмаған сексуалды қатынасты, сондай-ақ кездейсоқ жыныстық қатынасты жиі жасайды



Дата02.07.2016
өлшемі63.11 Kb.
#173101
АИТВ және нашақорлық
Егер бұрындары АИТВ-инфекциясының негізгі берілетін жолы жыныстық жол деп саналса, енді қазіргіуақытта, сондай-ақ вирустың тікелей қанға түсуі кезіндегі шприцті нашақорлық – «жаңа тәуекелді тобы» бірінші орынға шығып отыр, бұл - жұқтыру ықтималдылығы, сексуалды қатынас жасау кезіндегіден әлдеқайда жоғары деген сөз.

Бұдан басқа, есірткімен елірген жайда жүретін адамдар, іс жүзінде қорғалмаған сексуалды қатынасты, сондай-ақ кездейсоқ жыныстық қатынасты жиі жасайды. Сондықтан да жұқтырудың едәуір үлесі, есірткі тұтынған не есірткіге тәуелді серіктесінен жұқтырған, есірткі тұтынушылардың жыныстық серіктестерінің, сондай-ақ АИТВ жұқтырылған анадан туған балалардың үлесіне тиеді. Есірткіні көктамырына енгізіп тұтынатын адамдар, қаражатын үнемдеу мақсатымен, сондай-ақ біріне бірі достық сезімін білдіру себебінен, шприцтерді залалсыздандырмастан, бүкіл тобына 1-2 шприцті өте жиі пайдаланады. Иненің сағасында АИТВ жұқтырылған қанның бір бөлігі қалуы мүмкін, ол есірткімен бірге топтағы басқа да мүшелерінің қанына түседі. Нашақорлардың арасында ең болмағанда АИТВ жұқтырған біреуі пайда болса, біраз мезгілден кейін топ мүшелері (2-3 жылдың ішінде 70% жуығы) АИТВ-жұқтырылғанға айналады. Есірткіні араластыру және оны жинау үшін ортақ ыдысты пайдалану да жұқтыру тәуекелдігін арттырады. Жұқтырылған қан ортақ ыдысқа түсуі, содан кейін, тиісінше есірткіні басқа да тұтынушыларының инесіне түсуі мүмкін.

Бұдан басқа, есірткі дилері «дайын мөлшерлемесін» сататын, шприцтің ішінде болуы мүмкін. Осыған әрқайсысында бөлек шприці болғанына қарамастан, осындай жолмен көптеген адамдардың жұқтыруының нақты оқиғалары белгілі.

Нашақорлық пен нашақорлар тақырыбы, есірткіні инъекциялық тұтынуы кезінде АИТВ-дан қалай қорғану керектігі туралы жай әңгімеден гөрі, едәуір кең. Есірткіні тұтыну, адамзат тарихында ежелгі кезден белгілі. Есте сақталмаған кездерде, кокаинның жапырақтары, мактың гүлдері секілді табиғи есірткі заттарын көптеген ұлттар мен дін ұстаушылар әртүрлі мақсатта пайдаланған. Табыну қызметшілері осыларды діни және табыну әдет-ғұрыптарын атқару кезінде санасын бұзуға және психикалық жағынан көңілдендіру үшін қолданған. Емшілер осыларды күшін қалпына келтіру үшін және аурудан айықтыру үшін пайдаланған. Нашақорлық (гректің narke – қатып қалу және mania – есі кету,құмарту, құштарлық,) осыларға тәуелділіктің пайда болуымен, есірткілік дәрілік заттар мен есірткі заттарын тұрақты қабылдауға құмарлығын білдіретін, аурудың жалпы атауы. Бір есірткі заттарын тұтынудан тәуелділік, алайда екі және одан да көп есірткі заттарына тәуелділік – полинашақорлық пайда болуы мүмкін. Есірткіге тәуелділіктің өзіндік кезеңдері болады. Есірткіге психикалық тәуелділік, бір рет тұтынғаннан не бірнеше рет тұтынуға талпынғаннан кейін де (әр адамда әртүрлі) дамуы мүмкін. Психикалық тәуелділік, осыдан кейінгі барлық кезеңінде сақталады, яғни, егер адамның бойында психикалық тәуелділік қалыптасса, ол сол қалпында не өзгедей түрінде бүкіл өмір бойына қалады. Психикалық тәуелділік екі симптоммен білінеді: 1) есірткі заттарын екінші қайтара қабылдауға тежеусіз құмартуы және шалқыған күйдегі психикалық қолайлы жайға жетісуі.

Денелік жағынан тәуелділігі – бұл есірткі заттары заттар алмасуына қосылатын және организмі қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет ететін кездегі жай-күйі. Осы кезеңінде «сынық» деп аталатын жай-күйі пайда болады. Өзінің «тосаңмын» деген атауы жай аталмаған тәуелділіктің қалыптасу кезеңі. Адам осы кезеңінде:

- ол есірткі тұтынудан дер кезінде бас тарта алады деп саналады және толық тәуелділікке түспейді;

- осыны қандай ғаламат ретінде шын пейілімен айта жүріп, есірткі тұтынушылардың тобына жаңа мүшелерін тартып, осыған жиі тартушы рөлін атқарады;

- есірткіні тұтынудың қауіптілігі туралы келіп түскен ақпаратты (тіпті денелік жағынан тәуелді болған нашақорлар) сезініп қабылдамайды. Көптеген жағдайда, есірткі тұтынуды адам, денелік жағынан тәуелділікке түскен кезде сезіне бастайды. Денелік жағынан құмартып тұрушылық тәуелді адамның мінез-құлқын айқындайды. Оның өмірі – бұл тұйық шеңбер: ақша табу керектігі, есірткіні қолға түсіруі, оны тұтынуы, әлде-бір мезгілде өзін «қалыпты» сезінуі, қайтадан ақша іздеуі және т.б. Есірткі заттары мынадай түрлер мен топтарға бөлінеді.



Бірінші топ - каннабиноидтар, үнді препараттары, оңтүстік-шу, маньчжур мен краснодар қарасорасы. Қарасораның жекелеген бөлігінен мынадай препараттар дайындалады: гашиш –қарасора ұшының шайыры; анаша – қарасора тұмсығы; марихуана – қарасораның кептірілген ұшы, сабағы, жапырағы. Еуропада гашишизмнің үлесіне барлық зақымданудың 20-30% тиеді. Мұсылман елдерінде кең таралған, мұнда спирт ішімдіктеріне дәстүрлі тыйым салынған. Осындай елдерде гашизммен зақымданғандар – 20 мен 40 жастағы еркектердің 60% дейін болып отыр.

Бірінші топтағы препараттарды тұтынудың тәсілдері: шегу; шприц арқылы көктамырға енгізу; тұнба мен қайнатпа түрінде ішке қабылдау. Қарасора препараттарын тұтыну «гашишизм» деген атауға ие. Ол төрт саты түрінде білінеді. Бірінші сатысы 5-10 минуттан кейін білінеді, 5-10 минутқа созылады және қапалану мен үрей білінеді. Екіншісі көтеріңкі көңіл- күймен және санасының бұзылуымен сипатталады. Негізгі симптомдары күлу, үрейлену, жаңғалақтық не орынсыз қатігездік, сөйлесуге деген қажеттілігі мен қозғалыс жасауға деген қажеттілігі болады. Үшіншісі санасының ауысқаны, жалған күлуі не жылауымен білінеді. Төртінші сатысы үшін, осылардың масаңдау жайынан көрінуі тән болады, оған құмарту мен ашқарақ сезімі ілесе жүреді. Бірнеше жылдан кейін, абстинентті синдромы дамиды, ол қалғуымен, басы мен жүрегінің ауруымен, терісінің қышуымен, бұлшық еттерінің қалтырауымен білінеді.



Екінші топ - апиындар, апиын магының препараттары: героин, морфий, промедол, кодеин, папаверин, лаудонон. Нашақорлардың жалпы санының арасында 50-ден 60% дейін апиыншылардың үлесіне тиеді. Екінші топтағы препараттарды тұтыну тәсілдері: шегу; ұнтақтар, таблеткалар, тұнбалар, қайнатпалар; шприцтің көмегімен – тері астына, бұлшық ет арасына, көктамыр ішіне енгізу. Апиынды тұтыну «морфинизмом» деп аталады. Осы топтағы препараттарды қабылдау, психикалық және дене жағынан тәуелділікке қарай дамуына және абстинентті синдромының дамуына қарай тез әкеледі. Апиынды масаңдау кезінде, жалғыз қалуға және тыныштықта болу қажеттілігі, галлюцинация пайда болады. Абстиненциясы тез дамиды және «сынық» деп аталатындай азапты түрде ауыр өтеді.

Үшінші топкокаин,оңтүстік американдық кокаин өсімдігінің жапырағынан жасалған препараттар. Кокаиндар есірткі мақсатында көктамырға енгізуге пайдаланылады. Кокаинды масаңдану көрінісі, жалпы тонусының көтерілуімен, шүйіркелесуге және әрекет етуге деген ынтасымен, көңілді көңіл- күйімен және көп сөзділігімен сипатталады. Масаңдық 3 сағатқа дейін созылады және жалпы әлсіздік пен ұйқышылдыққа көшеді. Сыртқа тері қабатының бозаңдығымен, көз жанарының кеңеюімен, күре тамырында қан қысымының көтерілуімен, жүрек соғысының, демінің және бұлшық ет тонусы жиілігінің артуымен білінеді. Абстинентті синдромы 3-6 айдан кейін дамиды. Ауру біраз уақыттан кейін мерзімінен бұрын қартаю, жеке басының дағдарысы, кокаинды психозы және әртүрлі галлюцинациясы дамиды.

Наркотикалық заттардың төртінші тобы – эфедронды. Эфедрон – эфедриннен тұратын, дәрілік препараттарды өңдеуші өнім. Эфедронды топтың ынталандырушысы – джеф, винт және басқалары осыдан 5-6 жыл бұрын пайда болды. Бұл есірткілер,аурудың, яғни «сынықтың» білінуі болмауы себебінен, жастар ортасында апиын секілді оншалықты қауіпті емес деп саналады. Осыған байланысты осылар жастар арасында тез тарала бастаған. Алайда, бір рет «бұранда» инъекциясының өзі, оның жоғары улылығы себебінен және дереу психикалық және денелік жағынан тәуелділікті дамытуы себебінен өте қауіпті.Содан кейін жеке басының толық күйреуі басталады, осындай нашақорлар «бұранданың» мөлшерлемесі үшін адам өлтіруі мүмкін. Тіпті осындай нашақорлар есірткі тұтынуын тоқтатқаннан кейін инфарктан өледі. Бұл – таза түрінде ақ кристалды ұнтақ, ол капсул, таблетка және нақты түрінде шығарылады. Оны қабылдағаннан, әдеттен өзге жігерлілік пен төзімділік пайда болады. Экстезидің әсер етуі 4-тен 6 сағатқа дейін. Препараттың әсер етуі аяқталғаннан кейін сергектік сезіледі, қатты шаршағандық пен құмарлық пайда болады, дененің температурасы 420С дейін көтеріледі, жағы қатты қарысады, басы ауырады, көз қарашығы екі жағына алма –кезек жүгіреді, асқазаны мен бұлшық еттерінің іші ауруы басталады, қатты дағдаруы және ұйқысының қашуы мүмкін. Қабылдаудың қауіптілігі, организмінің сусыздануы мен қатты қызуы болып табылады. Жастарды есірткілеуге тарту жүйесі үш кезеңнен тұрады: Бірінші кезеңінде жастар әдетте экстези үлгісіндегі зияны жоқ таблетканы қабылдайды, ол өзін «жекпе –жек күйіндегі» дағдыға қалыптастырады. Зияны жоқ деген – бұл әшейін елес қана. Өзін «пысықай» әрі бәрінен күшті сезінетін жеткіншекте, міндетті түрде есірткі тұтынуды қайталауға деген құлшыныс пайда болады. Біріншісінен кейін екінші кезеңі келеді. Бұл каннабиоидтарды (гашиш, анаша, марихуана) не эфедронды топтағы препараттарды (джеф, винт) тұтыну, бұлар есірткінің әсері туралы түсінігін кеңейтеді, химиялық әсер ету мезгілінен өтеді, инъекциялық есірткілер алдындағы үрейден арылады. Есірткі мөлшерлемесі мен осыларды қабылдау жиілігі өседі. Бұдан кейін үшінші кезеңі келеді, яғни, жас жігіт апиынға ұрынады, ол биологиялық тәуелділікті туғызады. Кезекті мөлшерлемесіз, денелік жағынан өмірінің мәні болмайды. «Сынығы» есірткі үлестемесін табу жолында кез-келген қылмысқа итермелейді. Салауатты өмір салтының бұзылуына байланысты, аурудың әлеуметтік ықпал ететін, есірткімен ілесе жүретін, АИТВ/ЖИТС, венериялық аурулар мен туберкулез секілді аурулар, есірткі тұтынушыларда анағұрлым тез дамиды.

«№ 1 АҚЕ» МКҚК базасында АИТВ/ЖИТС бойынша анонимдік тестілеу және ПӘК кабинетінің эпидемиолог-дәрігері Н.Сүгірова.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет