«Қызықты математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысы
Мақсаты:
-
Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу.
-
Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін - өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивтік тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Би билеп, ән де бүгін шырқалар- дегендей, қош келіпсіздер бүгінгі ойнымызға.
Әркімнің өз бақыты талғамы да
Қасиетті де, бойдағы арманы да
Дана халқым қабыл ал сәлемімді
Математика сүйер жас қауым алдарыңызда!
Сайысуға келдік біз қуанышпен,
Өнер, білім көрсетіп жарысуға
Сынау үшін өздерінің бақтарын
Шықсын кәне, өнерімен ортамызға.
Ортаға «Әл-Фараби» және « Әл-Хорезми» топтарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ қазы сайлаймыз.
-
______________________________________________
-
______________________________________________
-
______________________________________________
Сайыс барысы:
-
Топтың таныстыруы
-
Сұрақ-жауап сайысы
-
«Кім алғыр?» ойыны
1. Шырпымен ойын.
2. Сөз құрастыру
3. «Адымда - ойлан» ойыны (математикалық терминдер)
-
Ойнайық та, ойлайық «Мақал- мәтелді жалғастыр»
-
Математикалық фокус.
1. Сиқырлы сандар.
2. Сиқырлы шаршылар.
-
Сәйкестілік тест
-
Көңілді көбейту
-
«50 ұпай кімге бұйырады?» ойыны
-
Математикалық лото ойыны
-
Топ басшылар сайысы
-
Семантикалық карта
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.
-
Топтың таныстыруы
Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, таныстыру сайысын бастаймыз. Алғашқы болып өзін таныстыратын « Әл-Фараби» тобы.
« Әл-Фараби» тобы
Ұраны: ». «Қандай болса – дағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»
Әні:
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Бабамыз Әл-Фараби өзің қолда
Жеңіс тек біздер болар осы жолда
Достар-ау, сендер де бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алдыда, оң мен солда.
Амандасуы:
Бастары копьютердей
Бойлары бәрі бірдей.
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей – сәлем!
«Әділқазыларға сәлем»:
Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Әл-Фараби»-дың әділ сына.
Жүргізуші: Келесі кезекте «Әл-Хорезми» тобы
Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл
Әні:
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.
Келешектің үмітіміз талапты
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,
Сегіз қырлы,өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.
Амандасуы:
Құны бір құрдас,
Жаны бір жан дос.
Тілегі бір, жүрегі бір,
Бірге өскен жолдас,
Сендерге де бір сәлем!
«Әділқазыларға сәлем»:
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !
Әділдікке бас иеді күллі әлем !
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
-
Сұрақ-жауап сайысы
1-топтың сұрағы
-
Тәуліктің 1/24 бөлігі?
-
Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
-
13 санының квадраты нешеге тең?
-
Жердің жасанды емес серігі?
-
Оу осі координаталық жазықтықта қалай аталады?
-
Диаметрдің жартысы
-
10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі
-
Ең кіші натурал сан
-
Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі
-
Синустың косинусқа қатынасы
2-топтың сұрағы
-
Дәлелденбейтін тұжырым.
-
Шеңбердің кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді
-
Санауға қолданылатын сандар
-
15 санының квадраты
-
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
-
Қиылыспайтын түзулер
-
Табиғи жарық көзі
-
Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш
-
Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле
-
Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы
-
«Кім алғыр?» ойыны. 1. Шырпымен ойын. 2. Сөз құрастыру. 3. « Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.
1. Шырпымен ойын.
а)11 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен екі шаршы құрастыру.
ә) 10 шырпыны қолданып үш тең шаршы және 12 шырпымен бес шаршы құрастыру.
2. Сөз құрастыру.
а) зүту, усәле, дісіңке, түнек, деутең, тықықзаж. (артық сөздің астын сызу)
ә) бершең, тремдиа, адхор, усиадр, тренц, тепмек. (артық сөздің астын сызу)
3. « Адымда - ойлан» ойыны. Математикалық терминдер.
а) П әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.
ә) С әрпінен басталатын математикалық термин сөздерді адымдап айту керек.
-
Көрермендермен ойын
-
Музыкалық сәлем. «Алматы түні» әнінің әуенімен («Сәукеле сыры») екі топтағы қыздар айтады.
Өз ойыңды жүйелейтін,
Алған білімді түйіндейтін,
Әр нәрсенің жауабын тез
Есте сақтап күлімдейміз.-дей отырып, келесі сайысымызға көшелік.
-
Ойнайық та, ойлайық. «Мақал-мәтелді жалғастыр» ойыны
-
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
-
Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.
-
Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
-
Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.
-
Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
-
Бір түйір дәнде, бір тамшы тері бар.
-
Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңгең бірігіп ана болмас.
-
Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
-
Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ.
-
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
-
Бір тал кессең,он тал ек.
-
Алдыңа бір қарасаң, артыңа он қара.
Шыққанша құмардан
Талмай есеп шығарған
Дәл бүгінгі кездесуде
Білімменен сыналған деп, келесі сайысымызға көшелік.
-
Математикалық фокустар.
1. Сиқырлы сандар (1 топқа екі тапсырмадан)
а) арифметикалық амалдар қолданып төрт 9 цифрын пайдаланып, 10-ды жаз.
ә) арифметикалық амалдар қолданып төрт 7 цифрын пайдаланып, 78-ді жаз.
а) арифметикалық амалдар қолданып үш 6 цифрын пайдаланып, 30-ды жаз.
ә) арифметикалық амалдар қолданып алты 7 цифрын пайдаланып, 100-ды жаз.
2. Сиқырлы шаршылар.
а)Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі жұп сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 30 шығатындай етіп орналастыру керек..
ә) Тоғыз тордан тұратын сиқырлы шаршыға 20-ға дейінгі тақ сандарын қай бағытта алсақ та, қосындысы 33 шығатындай етіп орналастыру керек.
Ойла- ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген,
Формуланы білмесең,
Өте алмайсың көпірден.- дей отырып кезекті Сәйкестілік тест ойынына береміз. Мұнда жазылған формулалардың атауларын тауып, сәйкестендіру керек.
-
Сәйкестілік тест
№
|
Бейнеленуі немесе формуласы
|
Аталуы
|
1
|
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0
|
көлем
|
2
|
ах+в=0, а≠0
|
Квадраттық теңдеу
|
3
|
|
метр
|
4
|
сыйымдылық
|
Бұрыс бөлшектер
|
5
|
V=abc
|
Косинустар теоремасы
|
6
|
ах2+ bх+с=0, а≠0
|
Пифагор теоремасы
|
7
|
уақыт
|
килограмм
|
8
|
b2=а2+c2-2acCosβ
|
Араб цифрлары
|
9
|
ұзындық
|
литр
|
10
|
с2=а2+b2
|
Герон формуласы
|
11
|
|
Қысқаша көбейту формуласы
|
12
|
Z= {…-2, -1, 0, 1, 2, …}
|
секунд
|
13
|
(a+b)3=a3+3a2b+3ab2+b3
|
Синустар теоремасы
|
14
|
S=,p=
|
Сызықтық теңдеу
|
15
|
масса
|
Бүтін сандар жиыны
|
-
Көңілді көбейту. Екі топ бір-біріне екі таңбалы екі санды айтады. Ол санды топтан бір оқушы шығып тақтада көзі байлаулы тұрғанда көбейтуді орындайды
-
«Көрермендер көзайымы» ойыны (жұмбақ жасыру)
-
Музыкалық сәлем. Топтағы ұлдардың орындауында ән «Тақиялы періште». «Армандастар» әнінің әуенімен айтады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің шүбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.-дей отырып келесі сайысымыз «50 ұпай кімге бұйырады?» атты сайысымызға көшейік.
-
«50 ұпай кімге бұйырады?» ойыны
Тапсырма
|
Үш қабырғасы бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы кім?
|
жауабы
|
а)Герон ә)Лейбниц б)Галилей
|
Жауабы: Герон
тапсырма
|
Ең алғаш Еуропаға «миллион» сөзін әкелген кім?
|
жауабы
|
а)Герон ә)Пифагор б) Марко Поло
| Жауабы:атақты жиаһангез Марко Поло (1254-1323).
тапсырма
|
«Миллион» сөзін қазақ арасына қай ағартушы жеткізді?
|
жауабы
|
а)А.Құнанбаев ә)Ы.Алтынсарин б)Қ.Сәтбаев
| Жауабы:миллион сөзін қазақ даласына 1879 жылы Ы.Алтынсарин таратты.
тапсырма
|
Шығыс Аристотелі атанған ғалым?
|
жауабы
|
а)Қорқыт ә)Омар Хаям б)Әл-Фараби
| Жауабы:Шығыс Аристотелі атанған, медицина, музыка, физика, табиғат ғылымдары, статистика, механика, дін, заң ғылымдары туралы энциклопедия, трактаттар жазған Әбу-Насыр әл-Фараби.
тапсырма
|
Ең алғашқы вертолеттің жобасын салған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен, химиямен, айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адамның атын атаңыз.
|
жауабы
|
а)Ч.Дарвин ә)Л.Да.Винчи б)К.Гаусс
| Жауабы:Бұл аты әйгілі Леонардо да Винчи
тапсырма
|
Ең алғашқы сегіз разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны жасаған кім?
|
жауабы
|
а)Паскаль ә)И.Ньютон б)Чебышев
| Жауабы:Ең алғашқы сегіз разрядты сандардың қосындысын табатын машинаны 1641 жылы Блез Паскаль ойлап жасады. Ол онда 19 жаста еді.
тапсырма
|
ХVIII ғасырда «абцисса», «ордината», «координата» терминдерін енгізіп, «көбейту», «бөлу» таңбаларын ұсынған кім?
|
жауабы
|
а)А.Құнанбаев ә) Г.В. Лейбниц б)Қ.Сәтбаев
| Жауабы: Немістің ұлы ғалымы - Г.В.Лейбниц.
тапсырма
|
Ежелгі Грецияның атақты математик әйел кім?
|
жауабы
|
а)Афродита ә) Клеопатра б)Гипатия
|
Жауабы:ең алғашқы математик әйел Гипатия. Александрия қаласында 370-415 жылдары өмір сүрген. Ол математика, астрономия, медицина және философияны оқып зерттеген. Христиан дінінің басшылары оны жат көз қарастағы адам деп танып, таспен ұрып өлтірткен.
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша ,
Есепті де шешеміз деп, кезекті Математикалық лото ойынына береміз.
-
Математикалық лото ойыны
Арифметика
-
Қоян мен түлкі жүгіріп бара жатыр. Қоян 100 дм, ал түлкі 10 м жүгіреді. Екеуінің қайсысы орманға бұрын жетеді? (10 ұпай)
-
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 сандардың несі көп: көбейтіндісі ме, әлде қосындысы ма? (20 ұпай)
-
Асан мен Үсеннің дәптер саны бірдей болды. Асан Үсенге 5 дәптерін берді. Кімде дәптер саны көп және қаншаға көбейді? (30 ұпай)
Алгебра
-
Егер ойлаған санды 3-ке көбейтіп, оны 70-тен азайтса, сонда 34 саны шығады. Ол қандай сан? (10 ұпай)
-
Бір сан екінші саннан 4 есе көп, ал олардың қосындысы 20-ға тең. Осы сандардың ең кішісін тап. (20 ұпай)
-
Сауда жасау үшін 19 теңге төлеу керек. Сенде тек қана 3 теңгелік ақшалар, ал сатушыда тек 5 теңгелік ақшалар бар. Ақшаны қалай төлейсіз? (30 ұпай)
Геометрия
-
Квадраттың ауданы 49 см2, оның периметрі нешеге тең? (10 ұпай)
-
Бірінші шаршының ауданы 16 м2, екінші шаршының ауданы одан 4 есе үлкен. Екінші шаршының периметрін тап. (20 ұпай)
-
Қағаздан үш шаршы кесілген. Бірінің қабырғасы 4 см, ал қалған екеуінің қабырғалары 2 см-ден. Олар бір-біріне төртбұрыш болатындай етіп қосылған. Осы төртбұрыштың периметрін тап. (30 ұпай)
Логика
-
6 терек өсіп тұр, ал әр теректе үлкен 6 бұтақ бар, ал әр бұтақта 6 кіші бұтақ бар, ал әр кішкентай бұтақта 6 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма бар? (10 ұпай)
-
Екі адамның бірі ылғи жалған, екіншісі ылғи шын айтады. Екеуі бірдей жауап беру үшін, оларға қандай сұрақ қоюға болады? (20 ұпай)
-
Әкесінің жасы 27-де болғанда, ұлы небары 3 жаста еді. Ал қазір ұлының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші. Әрқайсысы неше жаста? (30 ұпай)
Әр нәрсенің бастауы
Жетекшіге тиісті.
Оның әрбір істері
Өз ісінің жемісі. -дей отырып Топ басшылармен сайысты бастайық.
-
Топ басшылар сайысы
Топ басшыларының дайындаған «Ауылым – алтын бесігім», «Мектеп – кеме, білім – теңіз» атты презентация көрсетілімі.
Онда неге тұрамыз
Қолға алайын сол істі.
Әр жетекшінің өз ісі
Білімділігіне тиісті.-дей отырып, келесі ойынымызға көшейік.
-
Семантикалық карта (тапсырманы орындап, жасырылған сөзді табу) «Ұлыс оң болсын!», «Ақ мол болсын!» сөздері жасырылған.
|
жауап
|
Тапсырма
|
2
|
3
|
7
|
5
|
24
|
64
|
99
|
10
|
6
|
90
|
425
|
10,25
|
5х=35
|
М
|
К
|
Ұ
|
Ы
|
В
|
Ф
|
Ц
|
М
|
К
|
Д
|
И
|
Я
|
12/х=4
|
С
|
Л
|
У
|
Д
|
Ж
|
Р
|
Ч
|
Я
|
Ю
|
Т
|
Қ
|
І
|
7х=70
|
И
|
Т
|
Л
|
Б
|
Я
|
У
|
О
|
Ы
|
Ң
|
Ғ
|
Д
|
Ц
|
82
|
Ц
|
У
|
К
|
П
|
Р
|
С
|
А
|
Л
|
Д
|
Щ
|
Ш
|
М
|
25*17
|
Ң
|
Н
|
Г
|
Щ
|
З
|
Ж
|
Ю
|
Б
|
Т
|
Ч
|
О
|
Ф
|
10+0,25
|
У
|
К
|
Т
|
Н
|
Д
|
В
|
С
|
Ү
|
Ю
|
Ү
|
Ө
|
Ң
|
9,6*2,5
|
А
|
Ф
|
С
|
Т
|
Б
|
Ч
|
К
|
Қ
|
Ө
|
У
|
Т
|
Я
|
80:16
|
Ы
|
Қ
|
Ө
|
О
|
И
|
С
|
Б
|
Ю
|
Я
|
К
|
Т
|
Ф
|
Ең кіші жай сан
|
Л
|
Ц
|
У
|
Т
|
Н
|
Ш
|
З
|
Х
|
Ү
|
Ң
|
Ғ
|
М
|
Ең үлкен екі таңбалы сан
|
И
|
Б
|
Ш
|
А
|
Я
|
Ц
|
С
|
Р
|
Л
|
Д
|
М
|
Ү
|
Тік бұрыш шамасы нешеге тең?
|
К
|
Д
|
Ц
|
Х
|
Ж
|
Ч
|
Ф
|
Б
|
З
|
Ы
|
Ң
|
Ұ
|
5х+14=16
|
М
|
О
|
Ө
|
В
|
Т
|
А
|
Щ
|
Ұ
|
Н
|
Я
|
Ж
|
З
|
-
|
жауап
|
Тапсырма
|
10
|
1
|
330
|
4
|
121
|
7,5
|
26
|
5
|
12
|
100
|
17,25
|
180
|
7х=35
|
Ц
|
К
|
Е
|
У
|
Р
|
О
|
Ө
|
А
|
Л
|
С
|
Т
|
Д
|
12/х=3
|
Ф
|
В
|
Ы
|
Қ
|
Л
|
У
|
Ц
|
Е
|
Ғ
|
І
|
Ң
|
Ю
|
8х=80
|
М
|
Ф
|
С
|
И
|
Ч
|
Я
|
Ю
|
Н
|
Ң
|
Ү
|
К
|
Й
|
112
|
Й
|
У
|
Е
|
К
|
О
|
Р
|
Л
|
Г
|
Щ
|
З
|
Х
|
Қ
|
22*15
|
В
|
А
|
Л
|
Ы
|
У
|
Й
|
Т
|
Щ
|
З
|
Э
|
Қ
|
Ү
|
15+2,25
|
Й
|
К
|
Н
|
Г
|
Щ
|
З
|
Р
|
Т
|
К
|
Қ
|
Б
|
Ө
|
1,25*6
|
Р
|
Ш
|
И
|
М
|
Ы
|
О
|
К
|
Б
|
Ю
|
Ш
|
Ң
|
І
|
78:3
|
М
|
О
|
Е
|
У
|
И
|
С
|
Л
|
Д
|
Х
|
Ө
|
Ұ
|
Қ
|
Ең кіші натурал сан
|
Ч
|
С
|
И
|
Б
|
Ш
|
Щ
|
З
|
Ү
|
Ұ
|
І
|
Ғ
|
Ң
|
Ең үлкен үш таңбалы сан
|
+
|
Қ
|
О
|
С
|
К
|
Қ
|
Ө
|
Б
|
М
|
Ы
|
Щ
|
Э
|
Жазыңқы бұрыш нешеге тең?
|
М
|
*
|
Т
|
Ж
|
Ч
|
/
|
В
|
Ф
|
Я
|
Щ
|
Ө
|
Н
|
8х-29=67
|
Ш
|
Л
|
Ю
|
Э
|
-
|
Ц
|
Й
|
В
|
!
|
Я
|
Э
|
Г
| Көрермендермен ойын
-
Музыкалық сәлем. Қазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарғанша, музыкалық номерді тамашалайық. «Ертегілер» әнінің әуеніне келтіріп, «Есептер» әнін орындайды.
-
Қорытынды.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Женімпаз болу шарты сол
Еңбектеніп, жалықпау.
Сөз әділ-қазылар алқасына беріледі.
Қанып сандар сырына,
Шықсақ білім шыңына.
Деп алаулап жүрегі
Қосқан әуен жырына,
Математиктер жасасын!-дей отырып, топтарды ортаға шақырамыз. «Атамекен» әуенімен ән айтады.
Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайям, Әл – Фараби жолын қуса,
Елімнің болашағы гүлденеді.
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздерменен кездерсеміз біздер әлі.
Әділ –қазы көрермен сау тұрыңыздар
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Осымен «Қызықты математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысы аяқталды. Келесі кездескенше, сау – саламат болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |