«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы



Дата29.06.2016
өлшемі102.86 Kb.
#165540

Ақтөбе облысы ,Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті

№3 Шұбарқұдық орта мектебінің математика

пәні мұғалімі Жанғали Айгүл Тюлеубайқызы

«Көңілді тапқырлар » математикалық сайысы

/сыныптан тыс шара 6-сынып/


Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, безендендірілген кабинет, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. Топтың аты жазылған алдарына қоятын қағаздар. Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау

Түрі: топтық сайыс

 Жоспары:

1.Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;
2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5.Сергіту сәті. «Ойлан тап».
6. «Артық сөзді тап»

7.»Математикалық терминдер»

8. «Кім тапқыр?» жанкүйерлер сайысы.

9. «Топ басшылар сайысы»



Қолданылған нақыл сөздер:

1. «Логика өнері – адамның ақыл-парасатын жетілдіруге көмектесетін құрал.»

Әбу Насыр Әл-Фараби

2. «Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те»

Р.Бэкон

Барысы:

Құрметті оқушылар, Ұстаздар! Бүгінгі біз математиканың қыр-сырымен танысып, көңілді демалып, білім күшімізді сынау үшін «Көңілді тапқырлар» атты сайысқа жиналып отырмыз. Бұл сайыста екі топтың білімдерін сынағалы тұрмыз. Олай болса, сайысымызды бастайық.

Сайысты бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдында дайындалып қойылған. Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтілу, тәртібімен таныстырайық.

Сайыс 9 кезеңнен тұрады. 1.Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;


2. Логикалық сұрақтар;
3. Полиглот
4. Кім жылдам?
5.Сергіту сәті. «Ойлан тап».
6. «Артық сөзді тап»

7. «Математикалық терминдер»

8. «Кім тапқыр?»

9. «Топ басшылар сайысы»


1.Топ мүшелерімен таныстыру. Топтың өзін таныстыруы, ұраны;





  1. Логикалық сұрақтар. Тақтадан видио сюжет көрсетіледі.Қазір сендерге логикалық сұрақтар қойылады. Кім бірінші қол көтереді, сол жауап береді. Әр дұрыс жауабына – 1 ұпай.

  1. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)

  2. Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?

  3. Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? (3)


3.Полиглот.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп

Жұмбақ қойылады ,шешімін табу керек .Егер жауабы дұрыс болып, аудармасы жоқ болса, 1 ұпай алынады. Ең көбі – 3 ұпай.

Доп емес, дөңгелек емес,

Ұқсас бірақ достарым.

Фигура ол ең негізі

Дәл жауапты қостадым.

(шеңбер – окружность – circle)

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш – линейка – ruler)

Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді Шықан тегін білсе де.

(түзу – прямая – line)

Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

(циркуль – циркуль – сircle)

Бір,үш,бес,он

Жиырма ,елу

Жүз,екі жүз,мың бар

Әр қайсысының құны бар

/теңге,тенге,tenge/

Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

(цифрлар – цифры – figure)

Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?

(Дәреже-степень-degree)




  1. «Кім жылдам?» оқушы 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сонша ұпайға ие болады.

«Ұшқыр» тобына:

  1. Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)

  2. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу (параллель)

  3. Қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрыш

(параллелограмм)

  1. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі

(планиметрия)

  1. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі / ғасыр / 

  2. Үшбұрыштың орта сызығы 12 см, табаны неге тең? (24 см)

  3. 9-ға кері сан? 1/9

  4. 7 құрама санба, жай сан ба? (жай сан)

  5. Миллионда неше ноль бар? (6)

  6. Ең кіші жай сан? (2)


«Зерде» тобына:

  1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (тең қабырғалы)

  2. 3600-қа тең бұрыш? (толық)

  3. Ең кіші натурал сан (1)

  4. 13-тің квадраты? (169)

  5. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу? (перпендикуляр)

  6. Квадрат түбірдің астындағы өрнек қандай болмауы керек? (теріс емес)

  7. ереженің әр түрінде жазылуы /формула/

  8. Дәлелденетін тұжырым (теорема)

  9. 0-ге кері сан ? /жоқ/

  10. 11-ге кері сан? 1/11

 


  1. Сергіту сәті: «Ойлан, тап». Ұшқыр тобына Т-Н, А-Қ, Қ-Р, А-Ұ әріптері мен Зерде тобына А-Ы, А-Ы, Қ-С, Р-Д әріптері беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1-ұпай.

Ұшқыр тобына:

Қазақстандағы өзен......(Нұра)

Дәреже,....... даңқ, (атақ)

Аяқ қиім бөлігі ........(тақа)

Шашыңды ....(тара)

Ата, қария,..... (қарт)

Топтық …….., девиз. (ұран)

 Сары …… (арқа)


Зерде тобына:

………-жігер, қайрат (ырық)

Назарбаева ………/сара/

Ілгекті (қада)

……… – аяқ. (ыдыс)

……. сап ойнау (асыр)

Береке, құт, (ырыс)

Жүдеу сөзіне синоним (арық)



6. «Артық сөзді тап». Әріптердің орнын ауыстырып, сөз құра және артық сөзді тап. Дұрыс жауапқа 1-ұпай.

А) зүту В) ратквад С) тепмек

А/ усәле В/ бершең С/ ретеорма

А/ дісінке В/ пециятра С/масиоак



А/ деутең в/ бомр С/кадрват

7.«Математикалық терминдер». С, П, А, К, Т, Ш әріптерінен басталатын математикалық термин сөздер жазу, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі, 1-минут.

8.«Кім тапқыр?». Неше үш бұрыш бар ?







 9. Топ басшылар сайысы.

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір кеш болсын

Қиынырақ сұрақ болса да

Білімдірек топ озар,- деп топ басшыларына сұрақтар беріледі.

1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 )

2. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? /алма ағашында /

3. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

( 4 сағат)

4. теңіздің ортасында не бар ? ( ң әрпі )

5. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

6. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

7. Қазақстан мен Өскеменнің ортасында не бар ?( мен )

 

Әділ-қазы алқасы топтардың жалпы ұпайларын есептейді, мадақтаулар



жүргізеді. Жеңіске жеткен топ «Көңілді тапқырлар» сайысында жеңімпаз топты анықтап мадақтама беріледі, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.


сайысы


Топтың аты

Логикалық сұрақтар

Полиглот

Кім жылдам ?

Ойлан, тап !

Артық сөзді тап

Кім тапқыр?

Топ басшылар сайысы

Жалпы ұпай саны

«Ұшқыр»тобы



















































































































«Зерде» тобы



















































































































әділ қазы алқасы:



Т Н А Қ
Қ Р А Ұ
А Ы А Ы
Қ С Р Д


«Ұшқыр » тобы





«Зерде» тобы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет