2.Қызмет көрсету аясындағы маркетингтің таралу ауқымы мен ерекшеліктері
Қызмет көрсетудің көлемі мен алуан түрлілігі өсудің тұрақты үрдісіне ие.Түпкі тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейінің өсуінің негізгі себептері:
-халықтың хал-ауқатының өсуі;
-арнайы орнатып беру мен жөндеуді талап етуші;
-күрделі тауарлардың болуы;
-бос уақыттың көбеюі;
Өнеркәсіптегі іскер және жөндеу қызметтерін көрсету, сондай-ақ көптеген жылдар қатарынан қарқынды өсуде.Компьтерлерді жөндеу және онымен жұмыс істеуге оқыту,бухгалтерлік және инженерлік қызмет көрсетулер, басқару және заң кеңестерін беру қызметтері неғұрлым жедел дамуда.
Қызмет көрсету аясында маркетингті пайдалану жеткіліксіз дамыған.Оның себептері әртүрлі.Көптеген қызмет көрсету фирмалары көлемдері бойынша онша үлкен емес және оларға маркетинг қымбат болып көрінеді немесе онымен айналысу оларға тән емес сияқты.Кең ауқымда белгілі болу, бәсекелестіктің болмауы,кейбір қызмет көрсетулерге үлкен әлеуметтік сұранымдар,қызмет көрсету аясында маркетингтік қызметтің тәжірибе жүзінде әлсіз түрде пайдаланылуын немесе оның жоқтығын түсіндіреді.
Дегенмен,бәсекелестік юар қызмет көрсетудің жекелеген салалары қазірдің өзінде маркетингке қызығушылық танытуда.Бұлар банкілер,сақтандыру компаниялары,жөндеу қызметтері сияқты қызмет көрсету аялары.
Қызмет көрсету аясындағы маркетингтің ерекшеліктері қызмет көрсетудің өзінің ерекшеліктерінен туындайды.Қызмет көрсетудің сақталмаушылығы сұраным мен ұсыныстың келісім сияқты бірқатар айрықша аспектілерді ұсынады.Қызмет көрсетуші фирмаларсұраным уақытын ауыстырып және ұсынысты бақылап,қанағаттандырылусыз қалатын артық сұрранымнан,сондай-ақ ресурстарды тиімді пайдалануға әкелетін арттық қуаттардан аулақ болуы тиіс.Сұраным мен ұсыным келісімнің бірнеше тәсілдері төмендекелтіріліп отыр.
Сұранымның түрлі құрылымына ие,тұтыну сегменттеріне соған ұқсас қызметтің маркетингін жүзеге асыру.
Оның алдыңғылардан құрылымы бойынша ерекшеленетін жаңа қызметтерді өткізу.
Оның құлдырауы кезеңінде сұранымды түпкі оймен ақырындап өшіру.
Персоналды қызметтерді қосып атқаруқа оқыту.
Сұранымның шарықтау кезеңінде уақытша қызметкерлерді жалдау.
Сұраным онша көп болмаған кездерде ынталандыруларды және баға жеңілдіктерін ұсыну.
Қызмет көрсетудің сезілмеушілік сипаты баға белгілеуді қиындатады.Мысалы,проблемаларды жән»еқызмет көрсетуді талдауға бағаны анықтау.Жабдықтарды пайдалануға негізделетін қызмет көрсетулер өзінің табиғаты бойынша стандартты, шығындар негізінде бағалануы мүмкін.Басқа қызметтерге бағалар бәсекелестік сипат алуы тиіс және сұранымға қатысты болады.
Негізінен,тауарларды алға жылжытуда тірек сезілмеушілік параметрлеріне және сауда жасағанға дейінгі тұтынушыларды талдауға түсіріледі,оның сезілмеушілік сипатынан қызмет көрсетуде ол мүмкін емес.Қызмет көрсетулерді алдыға жылдытуда үш негізгі келіс өмір сүреді:қызмет көрсетудің материалдық көрсетілуін жасау.Мысалы,өзінен-өзі қаржылық қызмет көрсету саналмаса да, несиелік карточка,өзінің меншікті үлгісі және басымдығымен физикалық өнім ретінде қатысады;сезілмеушілік қызмет көрсетулер ассоцияциясы сезілуші объектімен жеңіл берілетін тұтынушыларға:<<Таир>> сақтандыру фирмасының қызметін пайдалана отврып, сіз жақсы қолға тап болдыңыз;
Қызмет көрсетуші сатушылар мен олардың пайдаланушылары арасындағы өзара қатынасқа тірек жасау және сезілмеушіліктің өзінен кейін клиенттермен өзара қатынас орнату және оны бекіту үшін қызметтерді беруші қызметкер туралы құзырлылықты,біліктілікті және қамқорлықты сататындар.
Қызмет көрсетудің көптеген түрлері жоғары шығынмен және сенімділіктің төмендігімен сипатталады.Мұны жою үшін қызмет көрсетуді индустрияландыру қажет.Қызмет көрсетудің сенімділігі неғұрлым жоғары стандарттарды белгілеуді және қызметкерлердің еңбек ақысының қызмет көрсетудің деңгейі және сапасымен байланыстылығын арттыруы мүмкін.Базалық қызмет көрсетуді толықтыру үшін көптеген фирмалар олардың бәсекелестік басымдықтарын жасап және оны ұстап тұруға мүмкіндік беретін қосымша қызметтерді ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |