Қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау



Дата04.07.2016
өлшемі272.3 Kb.
#178596



«Әлеуметтік-еңбек саласындағы

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет Стандартында:

9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы осы меммлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
     қызметті алушы өзі жүгінген кезде:


  1. қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

сенім білдірілген тұлғалардың жүгінгені кезде:

  1. қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

  2. нотариатпен куәландырылған сенімхат – мемлекеттік қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде;

мұрагерлер жүгінген кезде:

  1. өсиет – өсиетте көрсетілген адамдар үшін;

  2. мұрагерлік іс, қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі – нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер үшін.

соттар жүгінген кезде:

  1. соттар үшін – олардың өндірісіндегі істер бойынша анықтамалар.

Соттар үшін өсиет ұсыну қажет емес.
ХҚО-ы электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Порталда:


     көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.»;

  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
    және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
    тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартында:

3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2)«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);

3) жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»

4) «көрсетілетін қызметті беруші – мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін, мүгедектікті бастапқы анықтау күні.»;

4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-на, ЗТМО-на, сондай-ақ портал арқылы (жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін) - құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік көрсетілетін қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. ЗТМО өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;


      порталда жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу үшін – ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап – 30 минут;
     көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-на жүгінген кездегі күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, ХҚО-да – 20 минут.»;

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Жұмыс кестесі:

1) ЗТМО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.


      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау үшін жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

4) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.»;

9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

ЗТМО-ға немесе ХҚО-ға:

мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:


      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

  1. екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

      4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
      Қажет болған жағдайда (олардың бар-жоғына қарай) мынадай құжаттардың біреуі ұсынылады:

  1. Радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі ведомствоаралық сараптамалық кеңестің шешімі;

  2. Орталық әскери-дәрігерлік комиссияның шешімі;

  3. госпиталь берген ауруы туралы куәлік немесе әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы;

  4. он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігі (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
          5) неке туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (ата-анасы/қамқоршы тегін өзгерткен кезде).

Қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеу жағдайында қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжатты ұсынады.

көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін 1)-4), сондай-ақ 1)-5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:

1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

4) асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе адамды хабар-ошарсыз кеткен (қайтыс болған) деп тану туралы соттың шешiмін;

5) асырауындағы адамның қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты (туу туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әке болуды (ана болуды) анықтау туралы куәлік және тағы басқалар) ұсынады.
      Бұдан басқа, олардың болуына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының анықтамасы (егер туу туралы куәлікте әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе);
      2) егер он сегіз бен жиырма үш жас аралығындағы асырауындағы адамдар күндiзгi оқу бөлiмiнiң оқушылары болып табылса, № 223 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын беріледі);
      3) қамқоршы немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжат;
      4) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетi не әскери қызмет өткергенi туралы анықтама;

5) әскери қызметшiнiң, ішкi iстер органдары мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет өткеру кезінде алған жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауруы салдарынан қаза болуы немесе қайтыс болуы туралы анықтама.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау кезінде қайтыс болған асыраушының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатын адам жыл сайын еңбек қызметiн тоқтатқаны туралы жазбасы бар еңбек кiтапшасын, ол болмаған жағдайда ЗТМО адамның дара кәсiпкер ретiнде тiркелмегенi туралы ақпараттық жүйесінен және ЗТМО автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен міндетті зейнетақы жарналарының жоқ болған фактісі туралы сұрау жасайды.

Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін:


      1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
      2) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);

3) екінші деңгейдегі банктерде, тиісті банктік операциялардың түрлерін реттеу және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдарда, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелерінде банктік шоттың нөмірі туралы немесе түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы шоттың болуы туралы құжат;

Қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда, қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігін растайтын құжат;

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, он алты жасқа дейiнгi мүгедек баланың туу туралы куәлігін (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты, тұлғаның дара кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасын, мүгедектігі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді.

Порталға:
      жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау үшін – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

жәрдемақылар тағайындау туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банктік шот нөмірі туралы мәлімет, қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттың мәліметтерін жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
      ЗТМО, ХҚО, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

ХҚО-да:
      1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:

2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;


      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
     ЗТМО-да – өтініштің үзбелі талонының негізінде;
     ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
      ЗТМО көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат ЗТМО қызметкері немесе көрсетілетін қызметті берушімен 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.»;

осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1 қосымшамен толықтырылсын;



  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мынадай әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбекке қабілеттілігін жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  2. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартында:

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);


  1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);

  2. мемлекеттік арнайы жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат беру кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал);

  3. мүгедектерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін мүгедектікті бастапқы тағайындау күні – көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.»

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) ХҚО-ға, ЗТМО-ға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – ЗТМО құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:

ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігін тексеру немесе қосымша құжат (құжаттар) сұрату үшін қажеттігіне қарай – 30 (отыз) жұмыс күніне ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік көрсетілетін қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға ұсынған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні көрсетіледі. ЗТМО өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді;
      порталда – ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минут;

көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-на жүгінген кездегі күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;


      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да және көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, ХҚО-да – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, ХҚО-да – 20 минут.

8-тармақ жаңа мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс кестесі:

1) ЗТМО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.


      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.


      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

4) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру кестесі: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

ЗТМО-ға немесе ХҚО-ға:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);


      2) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);

3) осы мемлекеттік қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар.

Көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, неке қию туралы куәлікті (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжатты ұсыну талап етілмейді.

Порталда:


      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

ЗТМО, ХҚО, көрсетілетін қызметті беруші қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

ЗТМО-да, көрсетілетін қызметті берушіде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі;

ХҚО-да:
      1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:

2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;


      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі;

портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.


      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) келгенде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
     ЗТМО-да – өтініштің үзбелі талонының негізінде;
     ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде беріледі.
      ЗТМО көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар етеді.»

10-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:


      «Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат немесе ЗТМО немесе көрсетілетін қызметті беруші қызметкері  4-қосымшаға сәйкес зейнетақы және жәрдемақыларды тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.

Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 1-1 қосымшамен толықтырылсын.



  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
    мемлекеттік қызмет Стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:


      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

  1. көрсетілетін қызметті беруші;

  2. ауылдық округ әкімі арқылы жүзеге асырылады.

  3. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал)»;

4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне және порталға көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 минут;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және (немесе) электрондық (толық автоматтандырылған) түрінде.»;

6-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.»;

8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – www. mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;


      2) ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

3) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз.


      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.

4) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.»;

9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не ХҚО-ға:


      1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.

порталға:

көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.
      Жеке басты куәландыратын құжаттағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.


Көрсетілген құжатта қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйе растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

«Портал арқылы сұрау берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.»;

11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ауылдық округ әкімінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалаларының, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып отыратын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға
    құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық
    құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;

  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;

  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30- ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік қызмет Стандартында:

8-тармақ 1) тармақшасы орыс тілінде өзгермейді, қазақ тілінде өзгерістер енгізіледі:

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30- ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.»;


  1. көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында 1 және 2 қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

16) Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында 1-қосымша қазақ тілінде өзгермейді, орыс тілінде осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

17) Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартында 2-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін;

9) көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 8 және 9 қосымшаларға сәйкес 31 және 32 қосымшалармен толықтырылсын.

2. Стратегиялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:


1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

____________ Ә. Исекешев   

2015 жылғы «__» _________




«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

______________Е. Досаев



2015 жылғы «__» _________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет