Проект авторлары
|
Аты-жөні
|
Изтлеуова Айнур Жаксыбайқызы ,Жолманова Айымкуль Кылышбайқызы, Асан Нургуль Пірімжарқызы.
|
Аумақ
|
Қазақстан
|
Мектеп орналасқан
елді-мекен
|
Ақтөбе облысы
|
Мектептің аты:
|
Ақтөбе қаласы № 53, №6 мектеп
|
Проекттің мазмұны
|
Проект тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы "Адамдық борышың"
|
Проекттің атауы: "Атаның баласы болма, адамның баласы бол"
|
Проекттің қысқаша мазмұны
|
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Адамдық борышың»өлеңнің тақырыбы мен идеясын меңгерту, өлеңнің көркемдік ерекшелігін, Абай өлеңдерімен сабақтастығын таныту. Жоба адамдыққа, ұлтжандылыққа, білім-өнеге алуға үндеп, адами қасиеттерді бойға сіңіріп, халыққа қызмет етіп, адамгершіліктің асыл қасиеттеріне тәрбиелейді.
|
Пәндер:
|
қазақ әдебиеті
|
Кластар:
|
6 класс
|
Проект ұзақтығы
|
1 апта, 2 сабақ
|
Проект негізі
|
Білім беру стандарттары
|
Білу керек:
Жоба жүргізу барысында оқушы Ш.Құдайбердіұлының өмірі, шығырмашылығынан қысқаша мәлімет алып, өлеңнің мазмұнын, идеясын, көркемдік ерекшелігі туралы білуі керек.
Жасай білу керек: Жеке және топпен жұмыс жасауын жоспарлай, проект барысында жоспарды түзете білу керек
Жазбаша, ауызша, мультимедиялық және желілік байланысты қолдана білу керек.
Жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезіну керек.
|
Дидактикалық мақсаты/ Күтілетін нәтиже
|
Жоба аяқталғаннан кейін оқушылар:
-
Ш.Құдайбердіұлы туралы білу керек;
-
Өлеңнің мазмұнын ұғу керек;
-
Өлеңдегі тәрбиелік мәні бар жолдардан жақсы қасиеттерді бойына сіңіру керек;
-
жұмысты жеке және топпен жоспарлап, бағалай алады;
-
алған білімдерін бағалай алады;
-
алған мәліметтерді талдай алады;
-
жазбаша, ауызша, мультимедиялық және желілік байланысты қолдана алады;
-
жұмыс барысында үлкен жауапкершілікті сезінеді.
|
Проектке бағытталған сұрақтар
|
Негізгі сұрақ
|
Адамдық борыш халыққа қызмет етумен шектеле ме?
|
Проблемалық
сұрақ
|
1. Адамдық борыш дегенді қалай түсінесің?
2. Адамгершілік қасиеттер сенің бойыңнан табыла ма?
|
Оқу сұрақтары
|
1. Абай мен Шәкәрімнің қандай туыстық жақындығы бар? 2. Шәкәрім неше тіл білген? 3. Орыстың қай жазушысымен хат алысқан? 4. Абай өлеңдерісен қандай сабақтастығы бар? 5. Өлеңнен Абай өнегесі қалай байқалады? 6. Ақын шын бақыт деп нені көрсеткісі келген? 7. Өлеңде қандай қасиеттер туралы айтылған?
|
Бағалау жоспары
|
Бағалау графигі
|
жоба жұмысына дейін
|
Оқушылар проектімен жұмыс жасайды және тапсырмаларды орындайды
|
Жоба жұмысынан кейін
|
1.Кіріспе –
Оқушыны жобаға дайындау;
2.Жұмыс тақырыбымен таныстыру;
Оқушы Ш.Құдайбердіұлы және шығармашылығы туралы мәлімет жинайды.
3.Оқушыны зерттеу жұмысына өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
4.Бағалау критерийлері орындалған тапсырмаларды бағалау
|
1.Шығарманы толық оқу және талдау; 2.Кинофильм қарау және талдау;
3.Жоба тақырыбы туралы ақпараттар жинау; 4.Адамгершілік тақырыбында сұхбаттасу; 5.Жинақталған мәліметтерді сұрыптау,жүйелеу.
6.Талдау.Жиналған материалдар бойынша талдау жасалынады
|
1.Пікірталас.Жобаны бағалау, жұмыс тақырыбын толық игеру,болашақта қажеттілігіне жарату.
2.Бағалау критерийлерінің парағы.
топ жұмысы
|
Бағалау әдісінің сипаттамасы
|
Кіріспе – Оқушылар Ш.Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы туралы жинаған материалдарын сұрыптайды..
Эссе жазу- Менің адамдық борышым! Оқушылар эссе жазады.
Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығы туралы білгендерін тексеріп бағалау.
Бағалау критерийлері орындалған тапсырмаларды бағалау.
Жоба тақырыбы туралы оқушылар оқытушылардан, интернеттен, виртуальды кітапханалар мен ЖОО кітапханаларынан мәліметтер жинайды.
Бейнефильм - оқушылар сабақтан тыс уақытта Ш.Құдайбердіұлы туралы фильм көреді.
Талдау - жиналған материалдар бойынша талдау жасалынады
Пікірталас –адамгершілік қасиеттер туралы пікірталастыру.
Бағалау критерийлерінің парағы - топ жұмысын бағалау
|
Проект туралы
|
Пән бойынша: Ш. Құдайбердіұлының"Адамдық борышың" өлеңін меңгеру.
Оқушылар Ш.Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығын, өлеңнің идеясын
білу.
ДК-ді қолдана білу (тексттік, графиктік редактор, презентация құру), Вики-ортада жұмыс жасай алу
|
|
Оқыту этаптары
Дайындық.
Оқушылар өздері білетін мәліметтерін жинайды. Оқушылар эссе жазады. Оқушыны зерттеу жұмысына өзіндік көзқарасын қалыптастырады.
Шығарманы толық оқу және талдау
Негізгі бөлім.
1.Оқушылар оқытушылардан, интернеттен, виртуальды кітапханалар мен ЖОО кітапханаларынан мәліметтер жинайды.
2. Бейнефильм - оқушылар сабақтан тыс уақытта Ш.Құдайбердіұлы туралы фильм көреді.
3.Жиналған материалдар бойынша талдау жасалынады
4. Пікірталас –адамгершілік қасиеттер туралы пікірталастыру.
Қорытынды бөлімі.
1.Пікірталас.Жобаны бағалау, жұмыс тақырыбын толық игеру,болашақта қажеттілігіне жарату.
|
Дифференциалдық оқыту материалдар
|
Оқу материалдарын игермеген оқушы
|
Тапсырманы нақтылап беру, көмек көрсету, проектімен жұмыс нәтижесі жұмыс көлеміне, мазмұнына, оқушының даму деңгейіне сәйкес келу керек.
|
Ана тілінен басқа тілде оқитын оқушы
|
Қажетті материалдар ұсыну: ана тіліндегі мәтіндер,екітілді сөздіктер, электронды аудармалар және сілтемелер.
|
Дарынды оқушы
|
Дифференциалдық оқутуға сәйкес оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру (оқушының мүмкіндігіне, қызығушылығына сәйкес). Проект барысында зерттелетін тақырыптың ашылуы.
|
Проектке қажетті материалдар және ресурстар
|
Технология-құралдар
|
Фотоаппарат, лазерлі диск, видеомагнитофон, компьютерлер, интерактивті тақталар, принтер, видеокамера, сандық камера, проекциялық жүйе, интернет желісіне жалғанған технологиялар, бейнефильм
|