Ж. 5В010600-Музыкалық білім, 5В010700-Бейнелеу өнері және сызу, 5В010800-Дене шынықтыру және спорт мамандықтарына арналған Модульдік білім беру бағдарламасы негізінде құрастырылды


Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары



бет93/111
Дата02.01.2022
өлшемі1.12 Mb.
#454096
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111
УМКД К сіпкерлік ж не бизнес негіздері дот

Қаржылық жоспарлаудың әдістері мен қағидалары. Қаржылық жоспарлаудың негізгі ұстанатын қағидаларына келесілер жатады:

· Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдердің үйлесуі. Бұл қағида орталықтандырылған қаржылық жопарлау мен жергілікті қаржылық жоспарлаудың үйлесуін сипаттайды. Бұл қағида өз кезегінде мемлекетке біртекті қаржы саясатын жүргізуге мүмкіндік береді.

· Бірлік қағидасы – қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен өзара байланысы мен тәуелділігін сипаттайды. Қаржы жоспарының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр.

· Үздіксіздік қағидасы келешектегі және ағымдық жоспарлау арасындағы тығыз үйлесімділіктің болуын сипаттайды.

Қаржылық жоспарлауда келесі әдістер қолданылады:

· Экстрополяция әдісі. Келешектегі даму көрсеткіштерін нақты көрсеткіштердің динамикасы негізінде анықтау.

· Сараптық бағалаулар әдісі – жоспарлауда аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалану – сарапшылардың тәжірибесін пайдалану.

· Нормативтік әдіс – жоспарлы көрсеткіштері бекітілген нормалар мен нормативтер негізінде есептеліп шығарылады.

· Баланстық әдіс – шығындардың олардың жабу көздерімен үйлесуін қарастырады.

· Қаржылық бағдарламалау– нақты мақсат пен оған жетудің жолдары анықталған бағдарламалы тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатын әдіс.

· Экономико-математикалық әдістер – ең тиімді процесс үлгісін құру және оны қаржы саласына көшіру әдісі. Бұл әдіс келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылады: жоспарлаудың бірінші кезеңінде есептік жылдағы қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалынады; екінші кезеңде жоспарланған кезеңдегі кірістер мен шығыстардың нақты түрлеріне есептеулер жүргізіледі; үшінші кезеңде жеке тапсырмалар мен баптар бір арнаға келтіріліп, үйлестіріледі. Егер қаржылық тапсырмалар мен шаралар ақша ресурстарына сәйкес құрылмаса, кірістерді ұлғайтудың көздері анықталып, оларды тиімді пайдаланудың жолдары анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   111




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет