Ж. №7-1/559 Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы


Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп



бет7/8
Дата01.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#170996
1   2   3   4   5   6   7   8

5. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп

төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі

14. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:

1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бруцеллезін қоспағанда, жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қала, елдімекен, ауыл, ауылдық округ акімі);

2) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);

3) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар нұсқамаларының нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 16-7/333 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 8662 тіркелген) бекітілген нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу туралы бұйрығы;

4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акті;

5) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру Қағидасына сәйкес берілген ветеринариялық паспорт;

7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 6321 тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмесін алу Қағидасына сәйкес берілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алынған көшірме.

15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген құжаттарды жинауды әкімшілік-аумақтық бірліктегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

16. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу құнын өтеуді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері құжаттар жиналғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің 
2014 жылғы 30 қазандағы    
№ 7-1/559 бұйрығына 
4-қосымша    

Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн кездегi жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi


      Жануарлардың және адамның денсаулығы үшiн қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қою кезiнде жануарлардың аса қауiптi аурулары өртеп жiберу арқылы жойылады:

  1. жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар - мелиоидоз, құтыру, топалаң, аусыл, туляремия;

  2. ірi қара малдың аурулары - iрi қара мал обасы, қарасан, қатерлi iсiк, кемiктәрiздес энцефалопатия;

  3. жылқы аурулары - маңқа, iндеттi лимфангоит, бiр тұяқтылардың африка обасы;

  4. қой және ешкі аурулары - созылмалы инфекциялар (скрепи,
    маэди-висна, аденомотоз, шешек, күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы);

  5. түйe аурулары - түйе обасы;

  6. шошқа аурулары - шошқаның африка обасы;

  7. құс аурулары - құс обасы, құс орнитозы, құстардың жоғары патогендi тұмауы;

  8. ит және мысық аурулары - ит және мысық токсоплазмозы, мысық микроспориясы;

  9. терiсi бағалы аңдар мен үй қояндарының аурулары - үй қояндарының миксоматозы.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің 
2014 жылғы 30 қазандағы    
№ 7-1/559 бұйрығына 
5-қосымша    

Профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет

қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тізбесі


     


  1. Жануарлардың бiрнеше түрiне ортақ аурулар – құтыру, бруцеллез, Ауески ауруы, лейкоз, лептоспироз, листериоз, пастереллез, топалаң (терi шикiзатының асколизациясынан басқа), туберкулез, аусыл, күл, экинококкоз, паратуберкулез, токсоплазмоз, трихофития, риккетсиоздар, туляремия, ауыз уылуы (экзотикалық ауру), Шмалленберг ауруы және басқа экзотикалық аурулар.

  2. Iрi қара малдың аурулары - вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, парагрипп-3, iрi қара малдың обасы, қарасан, камвилобактериоз, кемiктәрiздес энцефалопатия, нодулярлық дерматит (экзотикалық ауру), қойдың хламидиоздық (энзоотикалық) iш тастауы.

  3. Қой және ешкi аурулары - қойдың анаэробтық антеротоксемиясы, брадзот, қойдың жұқпалы эпидидимиті, жұқпалы пустелездiк дерматит (эктима), қойдың хламидиоздiк iш тастауы, қойдың және ешкiнiң жұқпалы агалактиясы, скрепи, маеди-висна, аденоматоз, блутанг (экзотикалық аурулар), күйiс қайыратын ұсақ малдардың обасы.

  4. Жылқы аурулары - инфекциялық анемия, маңқа, грипп, ринопневмония, жұқпалы энцефаломиелит, жылқының африка обасы (экзотикалық aуpу), эпизоотиялық лимфангоит.

  5. Түйе аурулары - түйе обасы.

  6. Шошқа аурулары - классикалық оба, тілме, везикулярлық ауру, Тешен ауруы, вирустық трансмиссивтік гастроэнтерит, африка обасы (экзотикалық ауру), тұмау.

  7. Құс аурулары - жұқпалы ларинготрахеит, Ньюкасла ауруы, Марека ауруы, Гамборо ауруы, құс күлi, құс орнитозы, респираторлық микоплазмоз, құстардың жоғары патогенді тұмауы.

  8. Терiсi бағалы аңдар мен үй қояндары аурулары - үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, миксоматоз.

  9. Ит және мысық аурулары - ет қоректiлердiң обасы.

  10. Балық аурулары - тұқы балықтың геморрагиялық септицемиясы, описторхоз.

  11. Бал арасының аурулары - варроатоз, аскофероз.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2014 жылғы 30 қазандағы    
№ 7-1/559 бұйрығына 
6-қосымша    




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет