ші дәріс тақырыбы: Созылмалы бактериялық аурулардың патологиялық морфологиясы. Паратуберкулез. Маңқа



бет1/2
Дата15.06.2023
өлшемі1.05 Mb.
#475102
  1   2
lektsiya 8

8 –ШІ ДӘРІС

8 –ШІ ДӘРІС

Тақырыбы: Созылмалы бактериялық аурулардың патологиялық морфологиясы. Паратуберкулез. Маңқа


Дәріскер: профессор Ибажанова А.С.
Паратуберкулез
Паратуберкулез (Paratuberculosis, Ионе ауруы) – қара малдың, қойдың, ешкінің, түйенің, бұғының және т.б. күйіс малдарының ішекті қабындырып, ішті өткізетін, арықтатып, ақыры өлімге әкелетін созылмалы инфекциялық ауруы.
Патологиялық анатомиясы. Өлексені, сондай-ақ, меңдеген ауру кезінде өлтірілген малды ашып-зерттегенде қоңдылықтың тым төмендегені, бас аумағындағы кілегейлі қабықтардың бозарғаны (анемия) бірден көңіл аударады. Ауруға тән негізгі өзгерістер жіңішке ішекте, әсіресе оның аш және мықын ішектер бөлектерінде байқалады. Ішек қабырғасы кілегейлі қабық есебінен 4 – 5 есе, кейде 10 есеге дейін қалыңдайды, нығыздығы артады.
Мүшенің тарылған қуысында қою лайсаң сұрғылт түсті аздаған сұйық болады. Кілегейлі қабық ішектің ұзына бойына көлденең немесе тік қатпарларға жиырылады. Бұл қатпарлар тегістегенде жазылмайды. Кілегейлі қабық сұрғылт ақшыл түсті болады. Тек кей жерлерде ғана ол қызарады, нүкте қанталауларға ұшырайды. Осындай өзгерістер тоқ ішек пен ұлтабарда да туындайды.
Шажырқайлық, әсіресе ішектің зақымданған телімдеріне өңірлік лимфалық түйіндердің көлемі ұлғаяды, нығыздығы артады. Олардың мол ылғалды, сұрғылт-сарғыш түсті тілік бетінде ақшыл ошақтар байқалады. Ішек қабырғасындағы (ылғалды қабық астындағы) және шашырқайдағы лимфалық тамырлар кейде жуан ирелеңкі тартпалар сипатында болады. Қуықтың кілегейлі қабығы қалыңдап, қатпарлануы, көкірек және құрсақ қуыстарында трассудаттың жиналуы, жүрек еті дистрофияға ұшырап, солғын тартуы, жүрек қуыстары мен тамырлардағы қан ұйымаған, ақшыл-қызыл түсті болуы мүмкін.
МАҢҚА
Маңқа (Malleus, сап) – созылмалы өтетін, негізінен өкпенің, танау қуысы кілегейлі қабығының және терінің ерекше қабынуымен білінетін инфекциялық ауру. Табиғи жағдайда ауруға – жылқы, қашыр, есек, пони, сирегірек түйе шалдығады. Маңқаға мысық туыстастығына жататын жыртқыш жануарларда бейім. Ауру адамға да жұғады. Этиологиясы мен дерттенуі. Қоздырушысы - Pseudomonas mallei – түзу немесе имек екі ұшы дөңгеленген, ұзындығы 1-5 мкм, ені 0,3-0,8 мкм бактерия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет