Ж. №7-1/559 Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы



бет6/8
Дата01.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#170996
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезіндегі құнын өтеудің шарттары


      8. Иесіне алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу шарты ауру жануарларда тізбелерге енгізілген аса қауіпті аурулар мен аурулардың болуы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың Заңның
25-бабында белгіленген талаптарды сақтауы болып табылады.

      9. Құнын өтеу осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат құнының орташа айлық нарықтық құны бойынша алып қойылған ауру жануарлардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) орташа айлық нарықтық құныесебінен жүзеге асырылады.

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде орташа айлық нарықтық құнын өтеу жануардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмы (литр, ондық) орташа айлық нарықтық құнының 50 % мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (50 %) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде тиісті аумақта осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес айқындалған, жануардың бір басының немесе жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір килограмының орташа айлық нарықтық құны қолданылады.




4. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын жеке және заңды тұлғаларға өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі


      10. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жоюға байланысты іс-шараларды ветеринария саласындағы уәкілетті орган жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi функцияларды орындайтын мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi – мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджет есебiнен жүргiзіледi.

11. Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуге мынадай құжаттар негіздеме болып табылады:

      1) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жергілікті атқарушы органның шешімі (аудандық маңызы бар қала, елдімекен, ауыл, ауылдық округ акімі);

      2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюға арналған актілер;

      3) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қою және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты жоюға арналған актілер;

4) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелері бойынша ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы);

      5) ерікті түрде алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың не жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орташа айлық нарықтық құнын белгілеу туралы акт;

      6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн ауру жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты міндетті түрде алып қоюға және жою, немесе оларды алып қоймай зарарсыздандыру және қайта өңдеу Қағидасының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру Қағидасына сәйкес берілген ветеринариялық паспорт;

8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 6321 тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмесін алу Қағидасына сәйкес берілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасынан алынған көшірме.

      12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген құжаттарды жинауды мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүзеге асырады.

      13. Жеке және заңды тұлғаларға алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеуді оларды алып қойғаннан және жойғаннан кейін он жұмыс күні ішінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет