Бекітемін
мектеп директоры:
Ж.А. Ермекбаева
Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі
пәні
|
дәптер саны
|
Қазақ тілі
|
3
|
- 2 жұмыс дәптері;
- 1 диктант дәптері
- БЖБ,ТЖБ папкасы;
|
Әдебиеттік оқу
|
2
|
- 1 жұмыс дәптері;
- БЖБ,ТЖБ папкасы;
|
Орыс тілі
|
2
|
- 2 жұмыс дәптері;
- БЖБ,ТЖБ папкасы;
|
Ағылшын тілі
|
2
|
- 1 жұмыс дәптері;
- 1сөздік дәптері,
- БЖБ,ТЖБ папкасы;
|
Математика
|
3
|
- 2 жұмыс дәптері;
- 1 бақылау дәптері;
- БЖБ,ТЖБ папкасы;
|
Жаратылыстану
|
1
|
- 1 жұмыс дәптері
- БЖБ,ТЖБ папкасы;
|
Дүниетану
|
1
|
- 1 жұмыс дәптері
- БЖБ,ТЖБ папкасы;
|
Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек:
Циолковский атындағы №84
жалпы орта білім беретін мектебінің
3 «А» сынып оқушысы
Айдарұлы Досболдың
қазақ тілі дәптері
Қазақ тілінен жазба жұмыстарын хаттау.
Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет.
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
Үй жұмысы мен сынып жұмысынан кйін 2 жолға шегініп ,3жолға жазамыз .
Азат жолды сақтау кезінде оңға қарай (2 саусақ ) 2см кем емес жылжимыз. Бірінші сыныптан бастап азат жолды сақтау ,жаңа жұмыс түрлерін жүргізу кезінде жүзеге асырамыз .
Жұмыс барысында бос жол қалдырылмайды.
Жаңа (жол) бет ең жоғарғы жолдан басталады беттің ең соңына дейін жазылып бітеді.
Әрбір жолды жазар кезінде сол жақ шетінен 0,5 см шегінеді .
Оң жақта жол ең ақырына дейін жазылады .Сөзді тасымалдау ережесін міндетті түрде қолдану керек .
Жолда бос жер қалдырмау керек . Қазақ тілінен ,математикадан күнді тура ортаға жолдың ортасына жазылады .
1,2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады;
- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.
Сынып жұмысы. Сынып жұмысы.
- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- 1 сыныптың 3 тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады. Мысалы:
15-жаттығу
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала
бақа
барыс
- Сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында жол қалдырылмайды;
- Мәтін азат жолдан басталады;
- Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- Талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- Ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |