К.Н. Ермекбаева
М.Әуезов атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Қасқабұлақ ауылы
Абай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Ежелгі Египеттегі ғылыми білім негіздері.
Әдебиет пен өнер
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
Білімділік: Ежелгі Египеттегі жазудың пайда болу тарихымен және оның ерекшеліктерімен таныстыру , ғылыми білімдердің қандай түрлері дамығандығын әңгімелеп, әдебиет пен өнер туындылары жайында мағлұмат алуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушыларды өзге елдің тарихын білуге, өз бетінше ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Мәдени мұралар мен өнер құндылықтарын сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтастыру, қызығушылықты ояту,
ой қозғау, пікір- талас, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: карта, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта, кескін карта, пирамида суреті
Жаңа технология: Сыни тұрғыдан ойлау
Пәнаралық байланыс: география
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру (сәлемдесу , назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау .
« Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты»
«Иә», «Жоқ» тесті:
1. Ежелгі Египеттің патшалары перғауындар деп аталған (иә)
2. Перғауындардың билігі шектеулі болған. (жоқ, шексіз болған)
3. Елде храмдар салғызып, Африканың шығысына жаулаушылық жорықтар жасаған Хатшепсут
патшайым Рамзес перғауынның әйелі (жоқ, ІІ Тутмос перғауынның әйелі)
4. Перғауыннан кейінгі беделдісі әкімдер болған (иә)
5. ІІІ Тутмос б.з.б. 1535-1481 жж билік құрған. (жоқ, б.з.б. 1525-1491 жж)
6. Египет жылнамасында 50 жыл ішінде 200 мың құл тұтқынға алынды деп жазылған. (жоқ, 100 мың)
7. ІІІ Тутмос Нубияға 17 рет жорық жасаған (жоқ, Сирияға)
8. Нубияның алтын кеніштері Египетті қатты қызықтырған (иә)
9. Вавилон, Ассирия және Хетт патшалары Египетке алым төлеп отырған. (иә)
10. Египет әскерінің негізгі бөлігі атты әскерлер болды (жоқ, жаяу жауынгерлер)
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Египеттік жазудың шығуы мен дамуы.
2. Математикалық білімдер.
3. Аспан әлемі. Египеттегі медицина.
4. Ежелгі Египеттегі мектеп.
5. Әдебиеті.
6. Ежелгі Египет діні.
7. Египеттегі храмдар мен пирамидалар.
А) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру
ЖИГСО стратегиясы (мәтінмен танысып, ой бөлісуге даярланады)
І топ – лингвистик-ғалымдар – «Жазуы мен әдебиеті»
ІІ топ – зерттеуші- ғалымдар – «Математикалық білімдер. Медицина. Мектеп»
ІІІ топ – дінтанушылар – «Ежелгі Египет діні»
ІV топ – археологтар «Храмдар мен пирамидалар»
Ә) Алған жаңа білімді практика жүзінде пысықтау :
Саяхат: «Ніл өзені бойындағы қалаларға саяхат»
Саяхат бағыттары:
Сиена Фивы Карнак Сиут Ахетатон Мемфис Гелиополь Саис
1-аялдама тапсырмасы:
а) Жазу біржолата қалыптаспаған кезде египеттіктер өз ойларын не арқылы білдірген?
ә) Иероглиф деген не?
б) Иероглифтердің саны қанша болған?
2-аялдама тапсырмасы:
а) Египетте жазу үшін не пайдаланылды?
ә) Египеттіктер миллион санын қалай білдірген?
б) Египетте геометрия ғылымын не үшін пайдаланған?
3-аялдама тапсырмасы: Тарихи диктант - «Египеттегі медицина»
Египет дәрігерлері -------,---------,----------,-------- т.б. мамандары болып бөлінді. Адамдарды емдеу барысында әр түрлі ------------- мен ------------ жиі пайдаланып отырған. Египет дәрігерлері -------------
тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар операцияға әр түрлі --------------- жасалған медициналық ---
--------------пайдаланды.
4-аялдама тапсырмасы: Сәйкестендір - «Ежелгі Египеттіктердің діні»
Күн құдайы Хапи
Тас құдайы Ра
Ніл өзені құдайы Бенбен
Ақыл құдайы Тот
5-аялдама тапсырмасы: «Сандар сөйлейді»
2600, 150, 2 млн 300 мың , 20, 100 мың , 80 мыңдай, 12, 365.
6-аялдама тапсырмасы:
«Үлкен сфинкс», «Хеопс пирамидасы» / әңгімелеу/
7-аялдама тапсырмасы:
«Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы...» /мектеп туралы әңгімелеу/
8-аялдама тапсырмасы:
«Синухет әңгімесінде» не туралы баяндалады?
ІV. Бекіту.
Топтастыру: «Мәдениет деген не?»
V. Қорытындылау.
VI. Үйге тапсырма беру.
-
П. 7,8 оқуға.
-
Египет пирамидаларының орналасқан жерін кескін картаға белгілеу.
К.Н. Ермекбаева
М.Әуезов атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Қасқабұлақ ауылы
Абай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
«Екінші дүниежүзілік соғыс»
Сабақтың түрі: Білім сайысы
Типі: Білімді шолу, жинақтау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен іздену, топтастыру, қызығушылықты
ояту, ой қозғау, топтық жұмыс
Көрнекіліктер: карта, кескін карта, суреттер, слайдтар, қанатты сөздер, баяндама
Жаңа технология: Сыни тұрғыдан ойлау
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
Білімділік: Оқушылардың «екінші дүниежүзілік соғыс» тарауы бойынша алған
білімдеріне шолу жасау, жинақтап қорытындылау.
Тәрбиелік: Оқушыларды басқыншылыққа қарсы тәрбиелеу, тарихи тұлғалардың ерлігін үлгі ету арқылы отансүйгіштік, елжандылық сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Оқушыларды теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге , өз ойларын нақты тарихи фактілермен дәлелдеуге үйрету, өздік ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың өту жоспары:
І. Ұйымдастыру (оқушыларды топқа бөлу, ойын шарттарымен таныстыру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау - «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» /баяндама – аудандық жерлестеріміз /
ІІІ. Сайыс шарттары
-
«Ой ашар» (сұрақ-жауап)
-
«Қызығушылығын ояту»
А) «Елді тап» (кескін картамен жұмыс)
Ә) «Сиқырлы ұяшықтар»
Б) «Тарихты жақсы білеміз бе?»
В) «Ойлан, тап!» (суретпен жұмыс)
Г) «Тарихи сынақхат» (топ жетекшілерінің сайысы)
IV. Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма беру:
Сайыс тапсырмалары:
-
«Ой ашар»
«Барыс» тобының сұрақтары:
-
Екінші дүниежүзілік соғыс қашан, қандай оқиғамен басталды?
-
Кеңес әскерлерінің қай қала түбіндегі жеңісі «неміс әскерлерінің жеңілмейтіні туралы» аңызды жоққа шығарды?
-
1939 жылы 30 қарашада кеңес әскері қай елге соғыс әрекетін бастады?
-
«Берлин – Рим - Токио» блогының негізгі мақсаты қандай?
-
1941 жылы «Ленд-лиз» (несие беру) туралы заң қай елде қабылданды?
«Болашақ» тобының сұрақтары:
-
Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
-
КСРО мен бүкіл антифашистік коалицияның пайдасына шешілген түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болған шайқас?
-
Солтүстік Африкада жеңісті соғыс қимылдарын жүргізген, «Шөл дала түлкісі» деген лақап атқа ие болған неміс қолбасшысы кім?
-
БҰҰ қашан құрылды?
-
Ауыр танкі кімнің құрметіне ИС деп аталған?
-
«Қызығушылығын ояту»
А) «Елді тап»
«Барыс» тобының тапсырмалары – Германия, Жапония, Италия, Польша, Испания
«Болашақ» тобының тапсырмалары – КСРО, Англия, Франция, АҚШ, Финляндия
Ә) «Сиқырлы ұяшықтар»
-
Қанатты сөздер
|
10
|
20
|
30
|
Тарихи тұлғалар
|
10
|
20
|
30
|
Соғыс жоспарлары
|
10
|
20
|
30
|
Тулар
|
10
|
20
|
30
|
«Қанатты сөздер» :
10 – «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Мәскеу»
20 – «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді
болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...»
30 – «Бір адым да кері шегінбеу»
«Тарихи тұлғалар»:
10 – Аудандық жерлесіміз, Днепрден алғашқылардың бірі болып өткен
жауынгерлердің бірі, Кеңес Одағының Батыры кім?
20 – Ленинград, Мәскеу қалаларын қорғауда, Курск шайқасы мен Берлин
операцияларында басшылық жасаған орыс қолбасшысы кім?
30 – Сурет сұрақ
«Соғыс жоспарлары»:
10 – «Барбаросса» 20 – «Вайс» жоспары 30 – «Теңіз арыстаны» жоспары
«Тулар»:
10 – Жапонияның туы. 20 – Ұлыбританияның туы. 30 – Италияның туы
Б) «Тарихты жақсы білеміз бе?»
«Барыс» тобының тапсырмалары:
-
1942 жыл. «Атлант хартиясы». 26 ел.
-
А.Бек. Ә.Нұршайықов. «Отқа түс күймейсің»
-
1945жыл. «Миссури» кемесі. Жапония.
«Болашақ» тобының тапсырмалары:
-
1939 жыл. «Риббентроп-Молотов» пактісі. 10 жыл.
-
1945 жыл. АҚШ. Хиросима мен Нагасаки.
-
1945 жыл. Қырым. 3 мемлекет.
В) «Ойлан, тап!» - «Рейхстаг», «Перл-Харбор» суреттері
Г) «Тарихи сынақхат»
«Барыс» топ жетекшісі: «Болашақ» топ жетекшісі
«Бірінші дүниежүзілік соғыс»
|
«Екінші дүниежүзілік соғыс»
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс _______ жылдары болды. _____жылға созылды.
Үштік Одақ елдері _____________________Антанта елдері
__________________________________
Соғысқа_______ел қатысты. ___________млн адам қаза тапты.
________млн астам адам жараланды.
|
Екіінші дүниежүзілік соғыс _______ жылдары болды. _____жылға созылды.
Германияның одақтастары___________ ___________КСРО жағындағы елдер
__________________________________
Соғысқа_______ел қатысты. Соғыс жж. адам шығыны___________млн .КСРО-ның өзінде ғана қаза болғандардың саны________ млн жараланды.
|
IV. Қорытындылау. Бауыржан Момышұлының айтуынша:
Соғыс – Жесірлер мен аналар көз жасы
Ұрпақтар қайғысы
Аштық пен қайыршылық
Бақытсыздыққа ұшыраған балалық шақ
Миллиондаған ерлер мен әйелдерді, қарттар мен балаларды аяусыз қыру
Ұлттық байлықты құрту, мәдени құндылықтарды жою
V. Үйге тапсырма: «Отан үшін от кешкендер» (Ұлы Отан соғысына қатысқан
жерлестер туралы материал жинақтау)
Достарыңызбен бөлісу: |