Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №2)



Дата25.02.2016
өлшемі38.92 Kb.
#22160
23.09.2011 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 2)
1. Ректордың 2010-2011 оқу жылындағы университет қызметі туралы және алдағы оқу жылындағы міндеттер туралы есебі.
Қаулы етті:

1. Ректордың есебі және 2010-2011 оқу жылындағы университет қызметінің нәтижелері қанағаттанарлық деп танылсын.


2. Білім беру технологиялары мен әдістерін білім беру бағдарламаларын және оқу жоспарларын e-learning және on-line-технологияларды пайдаланумен молдульдық құрылым негізінде жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылсын.

Жауапты: оқу ісі жөніндегі проректор,

Оқу-әдістемелік басқарма бастығы.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

3. Шетел тіліндегі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесі дамытылсын..

Жауапты: оқу ісі жөніндегі проректор,

Оқу-әдістемелік басқарма бастығы.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

4. 12-жылдық және шағын комплектілі мектептер үшін оқулықтар мен әдістемелік құралдарды құрастыру бойынша қатысу бағдарламасы әзірленсін және университеттің авторлық ұжымдары құрылсын.

Жауапты: оқу ісі жөніндегі проректор,

факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзім: 30 қараша 2011 жыл.

5. 2012 жылы мақсаттық сұраныс бойынша магистратура мен докторантурада білім алушылар пайызы магистранттар мен докторнаттардың жалпы санынан 4%-ға жоғарылатылсын.

Жауапты: жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: тамыз 2012 жыл.

6. 2012 жылы жоғары импакт-факторлы журналдарды жарияланымдары бар профессорлық-оқытушы құрамының, ғылыми қызметкерлерінің үлесі 4%-ға дейін жеткізілсін.

Жауапты: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, факультет декандары, Инновациялық-технологиялық орталық директоры.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

7. Оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми, тілдік тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының грантын алуға конкурсқа қатысу белсенділігі арттырылсын.

Жауапты: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, факультет декандары, Инновациялық-технологиялық орталық директоры, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.
8. Докторантура мамандықтарын ұлғайту және ҚарМУ-да диссертациялық кеңестер ашу бойынша стратегиялық жоспар әзірленсін.

Жауапты: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: тамыз 2012 жыл.

9. Студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын арттыру бойынша іс-шаралар қабылдансын.

Жауапты: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарама бастығы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзімі: жыл ағымында.

10. Университеттің студент жастары арасында құқық бұзушылықтың және діни экстремизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар кешені әзірленсін.

Жауапты: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, Жастар ісі жөніндегі Комитет төрайымы, заң факультетінің деканы, қазіргі діни жағдайды кешенді зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі.

Мерзімі: 28 қазан 2011 жыл.

11. ҚарМУ-дың зерттеу орталықтары мен ғылыми зертханалары жеделдетілген инновациялық-индустриалдық даму мемлекеттік бағдарламасы мен аймақтық инновациялық стратегияға сәйкес зерттеу бағдарламаларын әзірлесін.

Жауапты: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, инновациялық-технологиялық орталық директоры

Мерзімі: 30 қараша 2011 жыл.

12. Шетелдік агенттіктерде арнайы аккредиттеуден өту үшін білім беру бағдарламасын дайындау жұмысы жалғастырылсын.

Жауапты: бірінші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор,

Стратегиялық даму, СМЖ және аккредиттеу Орталығының директоры, білім сапасын бағалау және мониторинг бөлімінің бастығы .

Мерзімі: желтоқсан 2011 жыл.

13. Университеттің барлық оқу ғимараттарында Wi-Fi аймағы кеңейтілсін.

Жауапты: бірінші проректор, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығының бастығы.

Мерзімі: желтоқсан 2011 жыл.

14. Студенттер тұрмысын ұйымдастырудың қазіргі стандарттарын ескерумен №4 жатақханаға қайта құру жұмыстары жүргізілсін.

Жауапты: бірінші проректор, ұйымдастыру-шаруашылық жұмыстар жөніндегі проректор.

Мерзімі: 2012 жыл ағымында.

15. Магистр академиялық дәрежесі бар штаттық оқытушыларға, әкімшілік-басқару қызметкерлеріне, оқу қосалқы қызметкерлерге 4 айға (2011 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін) 10 000 теңге мөлшерінде бюджеттен тыс үстеме ақы белгіленсін.

Жауапты: бірінші проректор, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.

Мерзімі: 1 қыркүйек 2011 жыл.

16. Жоғары импакт-факторлы журналдарда мақала жариялаған үшін университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем белгіленсін.

Жауапты: бірінші проректор, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.

Мерзімі: 26 қыркүйек 2011 жыл.

17. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғағандарға университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем белгіленсін.

Жауапты: бірінші проректор, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.



Мерзімі: 26 қыркүйек 2011 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет