16.10.2012 ж.
Мектеп басшыларына !
Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік Орталығының ақпараттық хаты
Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 12 қарашасында «Ахмет Байтұрсынов оқулары» облыстық педагогикалық оқуы өтеді.
«А.Байтұрсынов оқулары» облыстық педагогикалық оқуының
ЕРЕЖЕСІ
(Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына орай)
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Облыстық педагогикалық оқу жалпы білім беретін мектептердің, кәсіптік-техникалық білім беретін мекемелердің шығармашылықпен жұмыс жасайтын тіл мамандары, оқытушылары (қазақ тілі, орыс тілі) үшін алғаш өткізгелі отыр.
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Қазіргі білім беру жүйесінде келешек өскелең ұрпаққа А.Байтұрсынов шығармашылығы мен мұраларын педагогикалық, инновациялық технологиялар арқылы оқушыға жан-жақты үйретудегі жаңашыл әдістемелер негізінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау мақсатымен ұйымдастырылып, өткізіледі.
Жоғарыда келтірілген мақсаттың негізінде келесі міндеттерді шешуге бағытталады:
-
Оқу үдерісінде жалпы орта білім беретін мектептерде А.Байтұрсыновтың шығармашылығын (поэзиясы, аудармасы) оқытуда жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану ;
-
Білім беру қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында озат педагогикалық тәжірибені қорытуға, сондай-ақ, оны таратуға, өзінің педагогикалық қызметін жетілдіру жолдарын анықтауға ықпал ету;
-
Педагогтардың ғылыми зерттеушілік жұмыстарының неғұрлым өзектілігі мен философиялық көзқарастарының бағытын саралау;
-
Білім беру жүйесінде педагогтардың ізгілендіру идеяларын енгізу бағытында теориялық әдіснамалық, психологиялық педагогикалық сипатта көмек көрсету.
Облыстық педагогикалық оқудың мазмұны мен жұмыс нысандары
Педагогикалық оқудың негізгі мазмұны мыналармен анықталады:
-
білім беруде жалпы орта және кәсіптік – техникалық білім беру мекемелеріндегі педагогтардың психологиялық – педагогикалық ғылымға, ғылыми – зерттеу қызметтеріне тарту, оларды шығармашылық ізденіс пен шығармашылық белсенділікке бағыттау;
-
оқытудың теориясы мен практикасы саласында жеке іс- тәжірибесін саралау және талдау;
-
Жалпы орта білім беретін мектептерде, кәсіптік – техникалық білім беру мекемелерінде А.Байтұрсыновтың шығармашылығын (поэзиясы, аудармаларын) оқытудың өзектілігі бойынша келесі секциялық жұмыстар жоспарланады:
І секция «А. Байтұрсынов – ғалым – зерттеуші» (А. Байтұрсынов зерттеу еңбектері бойынша)
ІІ секция «А. Байтұрсынов – ұлтын сүйген ақын» (оқу үрдісінде Ахмет поэзиясын оқытудағы инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы)
ІІІ секция «Ахмет – кемел аудармашы . . .» (оқушыларға ақын А.Байтұрсынов аудармаларындағы философиялық ойларын танытуда педагогикалық жаңашыл әдәс – тәсілдерді қолданудың маңыздылығы жайында)
Облыстық педагогикалық оқуды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
Облыстық педагогикалық оқуларды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетіне жоғарыда көрсетілген 3 секция бойынша педагогтар өздерінің жұмыстарын және сұраныс қағазымен бірге ұсынады. Жұмыстар қазақ, орыс тілдерінде қабылданады. Педагогикалық оқу екі кезеңнен тұрады. І кезең – іріктеу кезеңі (сырттай) қараша айының 12-16 аралығында өткізіледі. Бұл кезеңде мұғалімдер материалдарын эксперттік комиссияға тапсырады. Эксперттік комиссияның шешімімен облыстық педагогикалық оқудың қорытынды кезеңінің қатысушылары анықталады. Қорытынды кезеңде үздік деп танылған қатынасушылар қараша айының 20-сы күні жұмыстарын (электронды материалдар : слайдтар, бейне таспалар , т.б. ) қорғайды. Педагогикалық оқуда жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Барлық қатынасушылар жұмыстары арнайы жинаққа енеді.
Жұмысқа қойылатын талаптар, оларды іріктеудің өлшемдері
Жұмыстар мынадай талаптар бойынша рәсімделеді:
-
көлемі – қазақ, орыс тілдерінде А4 қалыбындағы 5 беттен артық емес, KZ Times New Roman, Times New Roman 14 – кегельмен (қаріппен) бір жоларалық интервалмен;
-
жиектері: жоғары – 20мм(2см), төменгі – 20мм(2см), сол жағы 30мм(3см), оң жағы – 15мм(1,5см);
-
жұмыстың тақырыбы беттің ортасынан бастап қара қою қаріптерімен басылады;
-
жұмыс авторының тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі (бар болса) мен қызметі екі жолдан кейін оң жақ бұрышында көрсетіледі. Одан екі жол төменде мәтін басылады;
-
сұраныс қағазы мынадай деректерді көрсетумен ұсынылады:
№
|
Баяндама авторының аты-жөні
|
Баяндама тақырыбы
|
Секциясы (І, ІІ, ІІІ)
|
Қала, ауданы, мектебі
|
Қызметі
|
Еңбек өтілі
|
Санаты
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-
жұмыс жазған кезде мынадай талаптарды ескеру қажет:
-
жұмысын көкейкестілігі;
-
маңыздылығы мен мәнділігі;
-
ғылыми – зерттеу еңбектерінің нақтылығы;
-
философиялық көзқарастың жүйелілігі;
-
қорытындылардың негізділігі;
-
алынған нәтижелердің сипаттамасы мен дәлелділігі (пайдаланылған әдебиеттер сілтеме көрсету)
-
рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкестілігі;
Сұраныстар мен материалдары келесі мекен-жайға: Ақтөбе қаласы, Сәтпаев көшесі, 20 үй, №6, 10 кабинетке 2012 жылдың 12-ші қарашаға дейін жіберілуі сұралады. Ұйымдастыру жарнасы : 2500 ТЕҢГЕ.
Орындаушылар: Жаманбаев Д. Тел: 564797
Сүгірбаева А тел: 908086
Достарыңызбен бөлісу: |