П. Ф. Каптерев педагогикалық үрдісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті



Дата19.10.2022
өлшемі23.99 Kb.
#462958
4 дарис


Дәріс мазмұны
Ал «педагогикалық үрдіс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф.Каптерев ендірді.
«Педагогикалық үрдіс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі».
П.Ф. Каптерев педагогикалық үрдісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті.
«Педагогикалық үрдіс» ұғымының даму динамикасын қарастыралық. Ю.К.Бабанский, В.А.Сластенин, Н.А.Сорокиннің «Педагогика» оқулығында педагогикалық үдеріс қандай да біртұтас қасиеттерімен сипатталады: тәрбие, білім беру, оқыту, дамыту үдерістерін өзара органикалық бірлікте қарастырады, оның құрамына кіретін барлық үдерістерді өзара бірлікте қарайды: оқыту мен тәрбие әдістерінің бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді, түпкі нәтижесі – тұлғаның бәсекеге қабілетті, инновациялық ойлауының дамуына бағытталған тұжырымдаманы мектептегі педагогикалық үрдісте жүзеге асыру;
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық үрдіс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А.Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
Педагогикалық үрдістің элементтерін алғаш ендірген А.Г.Калашников болды. Ол педагогикалық процесс құрылымынан келіп шығады. Олар: мақсаты, міндеті, мазмұны, формасы, әдіс-тәсілдері және құралы. Ол педагогикалық процестің элементтері мұғалім мен оқушыларды да қамтиды деп ұсынды.
Адамның қандай да болмасын іс-әрекеттерінің заттық сапасы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан педагогикалық процесс сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша, педагогикалық іс-әрекеттің сәтті болуы мүмкін емес. Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол, оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері болып табылады. Осыған байланысты білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе «мектеп мұғалімдері - мектеп оқушылар ұжымы» қалыптасады. Педагогикалық үрдістің жүйе ретіндегі белгілері мыналар болып табылады:
-педагогикалық үрдіс әлеуметтік жүйе ретінде адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді;
-мектеп педагогикалық үрдісі көп деңгейлі және көпқұрылымдық құбылыс, себебі, ол өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды;
-жүйе тек іс-әрекет пен тәсілдеріне оқытса, онда оқушылар оларды меңгере отырып, педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болады; тек қана репродуктивті ғана емес, қайта құру, шығармашылық белсенділікке дайын болады;
-педагогикалық үрдісте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс-әрекеті болады;
- іс-әрекеттің барлық элементтері (мақсат, міндеттер, мазмұны және т.б.) үлкендердің, ата-аналардың, мұғалімдердің іс-әрекеті негізінде баланың білімді меңгеруіне бағытталауы керек;
- педагогикалық үрдістегі мұғалімнің басқару құралы іс-әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады. Олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлары қамтамасыз етіледі.
Тұтас педагогикалық үрдістің негізгі бір бөлігі - оқыту үрдісі.
Оқыту құбылысының әртүрлі деңгейде: жалпы педагогикада, дидактикада, әдістемеде, психологияда бейнеленуінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталайық.
Педагогика деңгейінде оқыту – қоғамдық тәжірибені өскелең ұрпаққа беру әрекеті педагогикалық әрекеттің тұтас қыры.
Дидактика деңгейінде оқыту – білім беру мазмұнын үйрету мен үйренудің бірлігі.
Әдістеме деңгейінде оқыту – оқыту (сабақ беру) әрекеті мен нақты оқу пәнінің материалдарын оқып–үйренудің бірігуін жүзеге асыру формасы.
Психология деңгейінде оқыту –нәтижесінде оқушының интеллектісін байытып, психикалық дамуы жүзеге асатын мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекетінің жиынтығы.
Тұтас педагогикалық үрдістің келесі бөлігі – тәрбие үрдісі. Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі – еліміздің болашағының біртұтас іргетасын және жалпыазаматтық біріктіруші мақсат жүйесінің негізін құрайтын жаңа идеологиялық тұжырымдамалар жүзеге асыру болып табылады.
Педагогикалық үрдіс – «мұғалім - оқушылар» жүйесінің үздіксіз әрекеті, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрінеді. Педагогикалық үрдістің мақсаты әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Педагогикалық үрдіс көп деңгейлі және көп құрылымды жүйе, онда жеке бір оқушы, жеке дара мұғалім бірінші реттегі дербес жүйе болады.
Педагогикалық үрдіс - мақсат пен мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, түр, әдіс-тәсілдерінің, дидактикалық талаптарының педагогикалық-психологиялық нұсқауларының жиынтығы.
Педагогикалық үрдістің тәрбиелік тетіктері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, ұжым ішіндегі қарым-қатынастар.
Нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесіне көшу – педагог мамандарды кәсіби дайындаудың мақсатын, мазмұнын және ұйымдастыру технологиясын жаңа деңгейге көтеріп, одан әрі жақсартуды талап етіп отыр.
Қазіргі заманғы мұғалімді кәсіби дайындау деп мұғалім бойына уақыт талабына сәйкесті математикалық, тілдік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік білім мен біліктер жиынтығын қалыптастыруды түсінеміз. Педагогикалық үрдіс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Тұтас педагогикалық үрдіс теориясы туралы білім – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: «құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеме-нің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері». Құзырет – нақты әрекет пен үрдістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара байланысқан жиынтығы (білім, білік, дағдылармен қызмет түрлері).
Отандық педагогикада «құзыреттілік» ұғымы көбіне кәсіби дайындық, кәсіби шеберлік пен мамандықты меңгеру деңгейі ретінде қарастырылып келеді.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, білім мазмұнын дамытудың бүгінгі жағдайын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта білім беру стандартында қабылданып отырған негізгі құзыреттіліктерді мәселенің шешімін табу (өзіндік менеджмент), ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктерді қалыптастырып дамыту көзделіп отыр. Олай болса, аталған құзыреттіліктерді оқушылар бойында қалыптастыруды болашақ маман жоғары оқу орны қабырғасында меңгеріп шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет