Ж. Т. Матакова жоғарғы категориялы «Мейірбике ісі негіздері» пәнінің оқытушысы


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау



бет86/135
Дата24.01.2024
өлшемі396.77 Kb.
#489602
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   135
«МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША МЕЙІРБИКЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ-1 (1)

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау


Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.
Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 70 спирт ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.

  2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

  4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.

  5. Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

  6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

  7. Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.

  8. Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.

  9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

  10. Инені алған соң, тесілген жерге 5 спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

  11. Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  12. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет