-
3е
-
3
+
Металдық кристалдық тор Металдардың кристалдық торлары екі типті болады: кубтық (екі түрлі – бүйірлі орталықтанған, көлемді орталықтанған) және гексагональды
Кубтық көлемді орталықтанған тор
9 атомнан тұрады.
Металдың 8 оң зарядталған иондары шаршы шыңдарында, ал 1 атомы оның ортасында орналасады.
Мұндай тор келесі металдарға тән: молибден; ванадий; вольфрам; бета-титан; хром; марганец; альфа-темір; бета-темір, калий, натрий, литий, рубидий, цезий, барий.
Негізгі қасиеттері – иілгіш, тапталғыш.
Кубтық бүйірлі орталықтанған торда
14 атом бар, оның 8 атомы шаршының шыңдарында, ал 6 атомы әр бүйірдің ортасында орналасады.
Осындай тор тән металдар: алюминий; кальций, никель; қорғасын; гамма-темір; мыс; алтын; күміс, платина, паладий, стронций.
Негізгі қасиеттері – әр түрлі түсті жылтыры бар, тығыздығы орташа, қатты, иілгіштігі жоғары, тапталғыш, электр- және жылуөткізгіш, жемірілуге тұрақты.
Гексагональды кристалдық тордың
негізі алтыбұрышты призмадан тұрады.
Барлығы 17 атом.
Алтыбұрыштың түйіндерінде 12 атом, 2 атом алтыбұрыштың ортасында және 3 атом құрылымның ортасындағы кеңістікте еркін орналасқан.
Мұндай күрделі құрылым мына металдарға тән: магний; мырыш, альфа-кобальт; альфа-титан.
Негізгі қасиеттері – қатты, тығыз, иілгіштігі аз, күміс түстес жылтыры бар.
Топтық жұмыс - Алтын тобы – металдардың периодтық жүйедегі орны, табиғатта таралуы
- Күміс тобы – металдардың физикалық қасиеттері
- Мыс тобы – металдардың бейметалдармен, сумен әрекеттесуі
- Темір тобы– металдардың қышқылдармен, тұз ерітінділермен әрекеттесуі
Достарыңызбен бөлісу: |