20.12.2013 ж.
Тұрақты
комиссияның қаулысы
Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 желтоқсандағы №87/11-V
«Астана қаласы Ішкі істер департаментінің
елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және
қылмыстылықтың алдын-алуды күшейту
бойынша жұмысы туралы» шешімінің
орындалу барысы туралы
«Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №87/11-V «Астана қаласы Ішкі істер департаментінің елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстылықтың алдын-алуды күшейту бойынша жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы өткен кезеңде Астана қаласының Ішкі істер департаменті қалалық мәслихаттың сессиясы шешімдерінің ұсыныстарын іске асыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылғандығын атап өтті.
Ішкі істер департаменті есептік-тіркеу тәртібін қатайту, халықтың полиция жұмысына сенімін нығайту, қылмыстылықпен күресте инновациялық технологиялар мен оң тәжірибені қолдану бойынша шаралар қабылдануда.
Көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ, нөмірлік агрегаттарын салыстыру, жүргізуші куәліктерін беру және ауыстыру, сенімхат бойынша автокөлікті басқаратын азаматтарды тіркеу бойынша халыққа қызметтер көрсету үшін арнайы ХҚО ашылды.
Оңтүстік-Шығыс тұрмыстық алаптарында және 188-көшеде полиция бөлімшелерінің қызмет көрсету мәселелері шешілді, Ильинка тұрғын алабында полиция учаскелік пунктінің филиалы ашылды.
Ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын-алу үшін Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесіп көшпелі сот мәжілістері өткізіледі.
Елордада тәртіп пен тазалықты орнату мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп Санитарлық абаттандыру, жинастыруды ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидасын бұзушылыққа жол берген ұйымдардан талап пен жауапкершілікті арттыру бойынша шаралар қабылданады. Көрсетілген бұзушылықтарға ПИК-тің 89 басшысы, 67 мердігер ұйымы мен 202 құрылыс объектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдік азаматтармен жасалатын қылмыстылықты төмендету үшін шетелдік жұмыс күшін тартатын құрылыс және өзге объектілерге тексеру жүргізіледі.
Тұрғын аудандарды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз ету және қоғамның қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту үшін «Қауіпсіз аула» жобасы енгізілуде. Қоғамды тәртіпті сақтауға оперативтік жастар жасақтары, мемлекеттік емес күзет құрылымдарының қызметкерлері, ішкі істер бөлімдерінің ардагерлері мен консъерждер тартылады. Нәтижесінде 263 қылмыс ашылды және 7,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық айқындалды.
Адамдар көп жиналатын орындарда, қала орталығы мен сол жағалауда қоғамдық тәртіптің сақталуын тәулік бойы жүзеге асыратын «Жартас» полицияның 11 стационарлық қосыны орнатылды.
Қоғамдық тәртәпті сақтауға қатысу бойынша «Сигнал» КФ ЖШС, «ЧОП Алтай» ЖШС, «Алмаз групп» ЖШС, «Тумар» ЖШС және «Беркут СБ» ЖШС алты мемлекеттік емес күзет ұйымымен меморандумға қол қойылды.
ІІД бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін «Есіл» ауданы АІІБ, ЖПП жол патрульдік полиция полкына, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімше мен шапшаң ықпал ету арнайы жасағына арналған арнайы базаларды жобалау және салу бойынша жұмыстары жүргізілуде.
2014 жылдың бюджетінде сол жағалауда Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының ашылуына қаражат қарастырылған.
Білім, денсаулық сақтау басқармаларымен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп балалар қылмыстылығын алдын-алу бойынша оперативтік-профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізіледі.
Жасөспірімлер қылмыстылығын алдын-алу үшін полицияның 43 мектепте құрылған жас көмекшілері жасақтарының 417 мүшелерімен 280-нен астам рейд жүргізілді, оның нәтижесі бойынша мектеп тәртібін бұзған шамамен 300 оқушы айқындалды.
Полицияның жас инспекторларының жасақтары балалар жарақаттанушылығын алдын-алу және жол қозғалысы қауіпсіздігіне белсенді қатысады. Полицияның жас инспекторлары 1-3 сынып оқушылары арасында жол қозғалысы ережелерін үйрену бойынша 600-ден астам сабақ өткізілді.
Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мәслихат сессиясының ұсыныстарын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, елордада қылмыстылық жағдайға ықпал ететін күрделі факторлардың бірі шетелдік азаматтармен жасалатын қылмыстылықтың жоғары деңгейі болып отырғандығын атап өтті. Сонымен, шетелдік азаматтармен жасалатын қылмыстылық деңгейі 45 %-ға өсті, қылмыстық жауапкершілікке 95 шетелдік тартылды.
Қайыр сұраумен және кезбелікпен айналысатын адамдар, белгілі бір тұрлығықты орны жоқ адамдар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша шаралар жеткілікті деңгейде қабылданып жатқан жоқ.
Тұрғын үйлердің аулаларында ауыр жүктерді тасымалдайтын автомашиналар мен автобустардың тұрағына тиісті деңгейде бақылау жасалмайды.
Жолдарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жылдамдық өлшеу құралдарын уақытылы орнатпау жағдайлары орын алады.
Техникалық шарттарын әзірлеуге, құрылыс салушылардың жаңадан пайдалануға беретін объектілеріне бейнебақылау жүйелерін орнатуға қатысу үшін объектілерді пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссияның құрамына ішкі істер департаментінің өкілін енгізу мәселесін қарастыру талап етіледі.
Құқық қорғау органдарын кадрлық қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау мәселелері өзекті болып қалып отыр.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №87/11-V «Астана қаласы Ішкі істер департаментінің елордада қоғамдық тәртіпті нығайту және қылмыстылықтың алдын-алуды күшейту бойынша жұмысы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
2. Астана қаласының Ішкі істер департаментіне қалалық құрылымдармен бірлесіп мәслихат шешімінің ұсыныстарын толық көлемде орындау бойынша шараларды қабылдау, полиция бөлімшелерінің жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды жасау, құқық қорғау органдарын кадрлық қамтамасыз ету және әлеуметтік проблемаларын шешу мәселелеріне ерекше назар аудару ұсынылсын.
Шетелдік азаматтар мен басқа қаладан келген азаматтармен жасалатын қылмыстылықтың өсуін төмендету мақсатында заңсыз көші-қонды болдырмауға жән шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын сақтауға бағытталған ұйымдастыру-практикалық іс-шаралар кешешін жүргізсін.
Қазақстан Республикасы жол қозғалысы қағидасының талаптарын сақтау үшін ауыр жүкті тасымалдайтын автомашиналар мен автобустардың арнайы бөлінген орындар мен белгілер салынған орындардан тыс басқа орындарға қоюға жол бермеуге бақылауды күшейтсін. Жолдарда ұзақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жолдардың қиылыстары мен автомашиналар көп жинақталатын орындарда жылдамдық өлшеу құралдарын уақытылы орнату бойынша шараларды қабылдасын.
3. Қаланың сәулет және қала құрылысы басқармасына техникалық шарттарын әзірлеуге, құрылыс салушылардың жаңадан пайдалануға беретін объектілеріне бейнебақылау жүйелерін орнатуға қатысу үшін объектілерді пайдалануға тапсыру жөніндегі комиссияның құрамына ішкі істер департаментінің өкілін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.
4. Жастар саясаты басқармасы мен ішкі істер департаменті «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жастарды қоғамдық тәртіпті сақтауға тарту бойынша шараларды жүргізу ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау 15-сайлау округінің депутаты Н.И. Мещеряковқа жүктелсін.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Н. Мещеряков
Достарыңызбен бөлісу: |