Жоғары қазақ түрік гуманитарлық техналогиялық колледж
Реферат
Тақырыбы : Бизнес түсінігі
Орындаған:Жұмасаева.Н.Ж
Тексерген:Омарбекова.А.А
1.1. Заманауи бизнестің сипаттамасы
1.2. Бизнестің қағидалары
1.3. Бизнес тұжырымдамасы
1.4.Жалдамалы-еңбек, тұтыну және қоғамдық-мемлекеттік бизнестің ерекшеліктері
1.1. Заманауи бизнестің сипаттамасы
Бизнес дегеніміз не? Экономикалық әдебиетте «бизнес» терминінің бірнеше түсініктері бар. «Бизнес зерттеулерінің» авторы Алан Хоскинг, Холборн Колледжінің (Лондон) көптеген жүйелі басылымдарының бірінде келесі анықтама берді: «Бизнес-бұл жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың табиғи игіліктерді алу, тауарларды өндіру немесе сатып алу және сату немесе басқа тауарларға, қызметтерге немесе мүдделі тұлғалардың немесе ұйымдардың өзара пайдасына ақшаға айырбастау бойынша жүзеге асыратын қызметі». Бизнес үрдіс ретінде белгілі бір функцияларды топшалайды: қаржылық және есеп жүргізу, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өндірістік, маркетинг, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстары.
Басқа экономистер бизнесті белгілі бір құрылым аясында ұйымдастырылған, мақсаты мен нәтижесі табыс әкелетін нақты
экономикалық қызмет түрі ретінде қарастырады. Демек, кез келген бизнес кәсіпорын түрінде өзінің экономикалық және ұйымдастырушылық формасына ие болады. Кәсіпорын ұқсас нарықтардың арасынан ерекшеленуге ұмтыла отырып, фирмалық атау мен атрибуттар түрінде өз ерекшеліктерін жасайды және оны тіркейді.
Бизнес ұғымы кең: бизнес тек қызмет процесі ретінде ғана емес, сонымен қатар сатуға, кепілге салуға, сақтандыруға, өсиетке алуға
болатын меншік объектісі ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда бизнес мәміле нысанына, тауарға айналады.
Бизнес ағылшын тілінен аударғанда [business] пайдалы қызметті, өнімдерді өндіру немесе белгілі бір қызмет түрлерін көрсету арқылы ақша ресурстарын құруды ұсынады. Бизнес-бұл тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру және пайда табу мақсатында іскер адамдардың іскерлік қарым-қатынасының жиынтығы. Іскерлік қарым-қатнас яғни, бизнесті жеке тұлғалар, кәсіпорындар немесе ұйымдар табиғи игіліктерді алу, тауарларды өндіру немесе сатып алу және сату немесе басқа тауарларға, қызметтерге немесе ақшаға айырбастау арқылы жүзеге асыра алады. Басқа сөзбен айтқанда бизнес кіріс әкелетін кез-келген іс.
Бизнес түсінігімен кәсіпкерлік тығыз байланысты. Бірақ кәсіпкерлікпен бизнес арасында белгіленген айырмашылықтар бар. Кәсіпкерлік - бұл шығын тәуекелдерінің туындау ықтималдығына байланысты табыс алуға бағытталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербес қызметі. Латын тілінен аударғанда кәсіпкерлік [mancepts] пайда алу қабілетін білдіреді. Мысалы: сусын сатуға бір орын орнату бұл бизнес, бірақ бұл кәсіпкерлік болып табылмайды. Көбінесе бұл ұғым инновациялық қызметпен байланысты, себебі тәуекел экономикалық ресурстардың барлық түрлерін қозғайды.
Кәсіпкерлікке ресурстарды пайдаланудың жаңа, неғұрлым тиімді тәсілдерін табу, икемділік, үнемі өзін-өзі жаңартушылық тән . Кәсіпкер- бұл тұтынушыларға қызмет көрсетудің ең жақсы тәсілдерін, капиталды қолданудың жаңа формаларын, тауарларды, қызметтерді әзірлеу және игеру үшін жаңа мүмкіндіктерді іздейтін және жүзеге асыратын тұлға. Демек, кәсіпкерлік инновациясыз, шығармашылық, ізденіссіз мүмкін емес.
Бизнес және кәсіпкерлік әлемінің өзінің ерекше заңдары бар. Ол күтпеген, сәтсіз және қақтығыстарға толы. Бұл әлемде тек қана кәсіпкерлікті - өмірдің өзі, белгілі бір өмір салты деп қабылдайтын және ойлау, адамдармен, ұйымдармен, қаржымен, ақпаратпен және т. б. өзара іс-қимыл жасау тәсілі бар адам ғана табысқа жете алады. Дегенмен бизнес кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негізінде жүзеге асырылады.
Бизнеспен кез-келген шағын меншік иесі, акционерлік қоғам басшысы, жалға алушы, жұмысшы және т.б айналыса алады. Сондай-ақ бизнесті жеке тұлға немесе коллективтік кәсіпкерлік яғни бір топ адамдар бастай алады. Олардың барлығына қатысты жалпы нәрсе-тәуелділікке бел буу, өзін-өзі тексеру және пайда табуға ұмтылу болып табылады.
1.2. Бизнес қағидалары
Бизнес принциптері іскерлік қарым-қатынастар пайда болған кезде туындайды. Олардың бизнес жүйесін дамытуға әсері іскерлік қарым- қатынасқа түсушілердің қалауы мен еркіне қарамастан болады. Бизнестің негізгі қағидаларын қарастырайық.
Шектеу қағидасы. Бизнес субъектілерінің іскерлік қызметі материалдық игіліктердің, мүмкіндіктердің, қабілеттердің шектеулілігі жағдайында жүзеге асырылады. Материалдық игіліктердің шектеулілігі бизнес субъектілерінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзара іс- қимыл жасау қажеттілігін анықтады. Бизнес субъектілерінің әрқайсысының мүмкіндіктері мен қабілеттерінің шектеулілігі осы субъектіге белгілі бір іскерлік мақсатын бекітеді.
Алмасу қағидасы. Материалдық игіліктердің шектеулілігі оларды қоғамның көптеген мүшелері үшін қол жетімсіз етеді. Көптеген бизнес субъектілері үшін қажеттіліктерді қанағаттандырудың маңызды тәсілі алмасу болып табылады. Еңбек ресурстарына қызмет нәтижелерімен алмасу қол жеткізу қиын болатын игіліктерге деген қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Биіктік қағидасы. Бизнес субъектілерінің игіліктерге қол жеткізуге ұмтылуы оларды түрлі тәсілдермен әрекет етуге мәжбүр етеді. Бизнес субъектілерінің қабілетін дамыту олардың қажеттіліктерін арттырумен бір мезгілде жүргізіледі.
Шексіздік қағидасы. Игіліктердің шектеулілігі бизнес субъектілерін оларға қол жеткізудің неғұрлым тиімді жолдарын үнемі іздеуге мәжбүр етеді, ал бұл, өз кезегінде, еңбек ресурстарының қажеттіліктерінжоғарылатумен бірге олардың іскерлік қызметінде көрініс табуы мүмкін әртүрлі қажеттіліктерді тұрақты дамыту қажеттілігін негіздейді.
Жарыспалылық қағидасы. Материалдық игіліктердің шектеулілігі бизнес субъектілері арасындағы жарыспалылықтың қажеттілігін негіздейді. Басқа бизнес субъектілерімен шектеулі игіліктерді бөлісе отырып, іскерлік қатынастардың әрбір қатысушылары тауарлар мен нарықтарға қатысты бәсекеге түсе алады.
Ортақтылық қағидасы. Игіліктердің шектеулілігін еңсеруге ұмтыла отырып, қызмет нәтижелерімен алмасып, бизнес субъектілері іскерлік қызметтің ортақтық сипатын дамытады.
Даму қағидасы. Іскерлік қатынастарға түсе отырып, бизнес субъектілері өздерінің жеке мүдделерін және қоғамдық мүдделерін іске асыруға тырысады. Бизнес субъектілерінің меншігін дамыту-қоғамды құрудың, іскерлік қатынастарды ұйымдастырудың маңызды шарттарының бірі. Сондықтан меншікті дамыту бизнестің маңызды қағидаты болып табылады.
Ымыраға келу қағидасы. Мәміле (компромисс) -бұл іскерлік қатынастарды қалыптастыру мен дамытудың негізгі қағидаларының бірі. Қызмет нәтижелерімен алмасу арқылы өздерінің шектеулі игіліктерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, бизнес субъектілері бизнес бойынша серіктестердің мүдделерін ескеру қажеттілігімен бетпе-бет келеді. Мәміле деп перспективада тұрақты және кепілді өмір сүру үшін бизнестің басқа субъектілерінің мүдделері пайдасына іскерлік қызметтің ағымдағы кезеңінде өз мүдделерін іске асыру міндеттемесінен бас тартуды түсінеміз.
Еркіндік қағидасы. Таңдау еркіндігі бизнес субъектілерінің мәмілелер жасау, өзара іс-қимыл жасау қабілеттілігінің алғышарты және нәтижесі болып табылады. Әрбір бизнес субъектісінде әрдайым мәмілелер бойынша серіктестерді және бизнес объектісін таңдау құқығы бар.
Субъективизм қағидасы. Субъективизм қағидасы қоғамдық прогресс бизнес субъектілерінің белсенді іскерлік қызметімен байланысты болып табылады. Сондықтан субъективизм іскерлік қатынастардың барлық жүйесіне енеді.
Құндылық қағидасы. Бизнес объектілерінің әрқайсысы құндылыққа ие, себебі әр объектінің мәміле заты болу қабілеті бар, бизнес субъектілері еркін таңдау жасай отырып, іскерлік қызметтің нәтижелерімен алмасуды жүзеге асырады. Объектілердің құндылығы игіліктерді еркін таңдау үшін критерий болып табылады.
Белгісіздік қағидасы. Дамыған экономикалық жүйеде іскерлік қызмет түрлерінің алуан түрлілігі орын алады, олардың ешқайсысы мәмілеге қатысушылардың барлық таңдау еркіндігін тұрақты қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты бастапқыда толық жоспарлануы мүмкін емес. Бизнес субъектілерінің тұрақты динамикалық өзгерістері мен асинхронды жеке әрекеттері оқиғалар дамуының белгісіздігін үнемі күшейтеді. Бизнес субъектілеріне белгісіздік жағдайында өз таңдауын жасауға тура келетіндіктен, олар өз әрекеттерінің салдарын болжауға және олардың кезектілігін жоспарлауға ұмтылуға мәжбүр.
Ұмтылу қағидасы. Салыстырмалы белгісіздік жағдайында өзінің субъективті таңдауын жүзеге асыра отырып, бизнес субъектілері үнемі нақтылыққа қол жеткізуге ұмтылады. Бизнес субъектілеріне бизнес объектілерінің, сондай-ақ мәмілелер бойынша өздерінің әлеуетті серіктестерінің сұранысы мен ұсынысына талдау жасау және өз іс- әрекеттерін детерминациялау қажет.
Ассоциация қағидасы. Бизнес субъектілерінің іскерлік қызметі оның бизнес қағидаттарын, іскерлік мүдделерді, бизнес объектілерінің құрамын және мәмілелер бойынша әлеуетті серіктестерді түсіну қабілетіне байланысты болады.
Тәуекел қағидасы. Іскерлік қатынастар жағдайындағы белгісіздік әр шаруашылық субъектісінің еркін таңдау жасай отырып, қабылдауға мәжбүр болатын тәуекелін анықтайды. Бұл тәуекел жауапсыз серіктестер, банкроттық жағдайға түсіретін макроэкономикалық, саяси және табиғи факторлардың әсерінен болатын шығындардың туындау мүмкіндігіне байланысты.
Тәуекелдердің болуы кәсіпкерліктің жеке түрінің - сақтандыру бизнесінің пайда болуына әкелді, кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түріндегі міндетті тәуекелдерді түсіну кәсіпкерлік субъектілерінің
олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері үшін негіз болып табылады.
Ұтымдылық қағидасы. Іскерлік қарым-қатынастар әрқашан тәуекелмен байланысты болғандықтан, тәуекелді іс-әрекеттердің негізіне таңдаудың ұтымдылығын қою керек. Белгісіздік жағдайындағы әрбір шешім мүмкіндігінше өлшенген, ойластырылған, негізделген - ұтымды болуы керек. Егер бизнес субъектісінің іс-әрекеті тиімсіз болса, ол бәсекелестік күресте ұтылады; егер оның іс-әрекеті ұтымды болса, онда ол таңдау процесінде үлкен айқындыққа қол жеткізеді, демек, неғұрлым бәсекеге қабілетті болады.
Талдау қағидасы. Іскерлік қатынастардың дамуына қарай рационализм бизнес субъектілерінде іскерлік байланыстардың жиынтығын жүйелі талдауды, жағдайды тұрақты стратегиялық және жедел бақылауды, өз қызметін және іскерлік қатынастардың басқа субъектілерінің қызметін бағалауды жүзеге асыру қажеттілігін қалыптастырады
Достарыңызбен бөлісу: |