Жаңа экскурсия дайындауды үш сатыға бөліп қарастыруға болады


Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі25 Kb.
#493587
1   2   3
экскурсия 6

Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
Кез келген жаңа экскурсияны дайындау, оның нақты мақсатын анықтаудан басталады. Себебі бұл келешекте экскурсия авторларына жұмыстарын ұйымдасып жасауына көмек береді. Экскурсияның мақсаты – экскурсанттарға тарихи мәдени-ескерткіштерді және басқа да нысандарды көрсету. Экскурсоводттың әңгімесі осы мақсатқа бағынады. Экскурсияға қойылатын мақсаттар: патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, басқа ұлттарды қадірлеу, эстетикалық тәрбие беру, ой-өрісін кеңейтү, ғылымның және мәдениеттің түрлі салаларынан қосымша білім алу т.б. Экскурсияның міндеттері – тақырыпты толық ашу арқылы мақсатын іске асыру.
Тақырып таңдау. Тақырып таңдау сұранысқа немесе белгілі тақырыпта экскурсияларын жасауға байланысты. Әрбір экскурсияның нақты белгіленген тақырыбы болу керек. Тақырып барлық нысандарды, кіші тарауларды біртұтас қылатын өзегі. Тақырыпты толық және сендіре ашу үшін, нысандар тақырыпқа сәйкес іріктеледі.
Әдебиеттерді реттеу және библиография жасау.
Жаңа экскурсия жасалған кезде, тақырыпқа қажетті кітаптарда, брошюраларда, газет және журналдарда жарияланған мақалалардың тізімі жасалады. Бұл тізімнің мақсаты – әдебиет деректерін зерттеудегі болашақ жұмыстың мүмкіндік шегін анықтау, тексті дайындаған кезде экскурсоводтарға қажетті фактілік және теориялық материалдарды пайдалануда көмек беру. Топтың жұмыс жасауы ыңғайлы болу үшін әдебиет тізімі бірнеше данаға көбейтіліп топ мүшелеріне таратылады. Осы тақырыпқа қатысы бар әдебиет тізімінде авторы, аты, басылып шыққан жылы, және тараулар мен беттері көрсетіледі. Әдебиет деректерінің тізімі өте үлкен болса оны «негізгі әдебиет» және «қосымша әдебиет» деп бөлуге болады. Басылымда жарияланғаннан басқа деректер де пайдаланылады. Экскурсия тақырыбы бойынша материалдар мұражайларда, мұрағатта болуы мүмкін және хроникадан, деректі фидьмдерден, ғылыми-танымдық, көркем фильмдерден алуға болады. Әңгіме үшін тек қана анықталған, тексерілген фактілер мен мәліметтер ғана таңдалу керек. Материалдарды іздеу және жүйелеуде үлкен көмекті электронды энциклопедиялар, мультимедиялық дерекқорлар, интернет көрсете алады.
Сонымен, барлық экскурсия текстіне кіретін теориялық және фактілік материал шығармашылық топ мүшелерімен жете зерттеледі, конспект жасалады, түпнұсқа құжаттардан көшірме, дәйектемелер көшірмесі жасалады. Экскурсия текстінде таңдалған материал нысанды қарау кезінде толығымен ашылу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет