Жаңа сабақ: Компьютерлік желі дегеніміз


Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар



бет3/5
Дата10.10.2022
өлшемі21 Kb.
#462311
түріСабақ
1   2   3   4   5
Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері, ауқымды ақпараттық желілер. Интернет, интернетте ақпаратты іздеу, электрондық пошта

Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық технологиялар
Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда Windows 2000 Professional операциялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерг желіден бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай механизмді IP – адрестеу (Automatic IP – addressing) деп аталады.
Компьютерлердің бір – бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады.
Хаттама (протокол) – екі компьютердің бір –бірімен қатынасуныңы формалды ережелерінің жиынтығы.
Microsoft фирмасы мекеме ішінде жлімн жұмс істеу үшін TCP/IP қолдануды ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі бөліктері және редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet
Exchange/Sequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады.Microsoft Фирмасының 3Com компаниясымен бірігіп құрған Point – to – Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.
Интернеттің қызметтері
Интернет поштасы. Компьютерді Интернетке қосылған кез келген тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошталық адрес тағайындалады. Интернетк қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер- компьютерде электрондық «пошталық жәшік» құрылады. Әрбір адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылғанға дейін сақталады.
Телеконференциялар. Интернеттің бұл қызмет түрі поштаның дамуы нәтижесінде пайда болған десе болады. Телеконференцияларды жаңалықтар тобы деп те аталады.
World Wide Web (WWW) қызметі. Интернеттің ең қарапайым және өте кең тараған қызмет түрі болып табылады. Көбінесе оны текWeb деп атайды.
Электрондық пошта да, телеконференциялар жүйесі де ақпарат алмасудың кәдімгі жүйелері іспеттес. Өз пошталық жәшігіңізді ашып, біз оған келіп түскен хабарламаларды көре береміз. World Wide Web қызметі интерактивті түрде жұмыс істеуге арналған. Ол ақпараттарды жылдам іздеп табу және керектісін жинау мүмкіндігін береді. World Wide Web қызметін пайдалануда HTML «құжаттарының пішімі (мәтін пішімі)» және «гипермәтіндік сілтемелер»деген негізгі екі ұғым бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет