Білім беру бағдарламасындағы do3320 «Дәрілік (медициналық) өсімдіктер»



Дата30.11.2023
өлшемі100.49 Kb.
#485001
түріБілім беру бағдарламасы
1прак


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

6B05146-Биология білім беру бағдарламасындағы
DO3320 «Дәрілік (медициналық) өсімдіктер» пәні бойынша

1 практикалық сабақты өткізуге



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ





Түркістан

№1 практикалық сабақ тақырыбы: Анатомиялық препараттар жасау тәсілдері


Практикалық сабақтың оқыту нәтижелері:


1.Өсімдіктерді анатомиядағы белгілі тәсілдермен өсімдік мүшелерін кесіп препарат жасауды меңгереді.
2.Өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиясын зерттеудің, оның құрылысының ерекшеліктерін талдаудың негізгі әдістерінің бірі-олардан жасалған препаратты микроскоппен көруді игереді.
3.Зертхана жағдайында зерттеуді ғылыми жоспарлап, өз уақытын тиімді ұйымдастырып, препараттар жасау әдістерін пайдалануда қолданады.

Практикалық сабақтың мазмұны: Дәрілік өсімдіктерді зерттеу және қолдану тарихы. Ғалымдар. Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасында ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Шумер мемлекетінің емдеу туралы ілімі. Вавилондықтар мен ассириялықтардың жұмыстары. Мысыр елінің еңбектері.Греция дәрігерлері. Диоскорид еңбектері. Рим дәрігерлері: Үлкен Плиний, т.б. Оңтүстік Батыс Азия халықтары. Индия фармакологтары. Тибет дәрігерлері, Қытай, Жапон, Монғол елдерінің оқымыстылары. Ресей, Қазақстан ғалымдары. Адам баласы кейбір өсімдіктерді әр түрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған. Біздің ғасырға жеткен осындай жазбаларда өсімдіктерді ауру-сырқауларды емдеуге пайдалану туралы ілім біздің эрадан алты мың жыл бұрын Ирак жерінде өмір сүрген Шумер мемлекетінен басталғаны айтылған. Онда шумерлік дәрігерлердің емдік қасиеті бар өсімдіктердің жапырақтарынан, тамырларынан, сабақтары мен дәндерінен ауру емдейтін ір түрлі ұнтақ, тұнба дайындайтындықтары жазылған. Осымен қатар сол уақыттың өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді кептірген кезде күн өзінен олардың дәрілік қасиеті жойылатыны анықталып, кептіру жұмысы күн көзінен таса жерде жүргізілуі тиіс екені дәлелденген.


Оқытудың техникалық құралдары: проектор, құрал-жабдықтар, модельдер


Қондырғылар, техникалық және инструментальдық құралдар: таза су, заттық және жабын әйнектері, пипетка немесе шыны шыбық, зерттелетін зат, 15-20 мм2 етіп қиылған сорғыш қағаз, бояу (керек болған жерінде), сапталған ине, глицерин, ұстара, скальпель, пинцет.


Жұмысты орындау тәртібі: Өсімдік мүшесінің анатомиялық құрылысын зерттеген кезде студенттер ең алдымен оған препарат жасап алуы қажет. Препарат дегеніміз – зат әйнегі мен жабын әйнектің екі арасына қойылған, сабақта микроскоп арқылы қаралатын немесе анықтайтын зерзаттың қолдан, болмаса арнайы микротомда кесілген жұқа (15-30 мк) кесіндісі. Препарат екі түрлі болуы мүмкін: уақытша және тұрақты, мұндай препараттарды жасаудың өзінше әдістері бар. Әрбір студент препарат жасаудың алдында оған қажетті заттарды түгендеп, оларды мұқият тазалап алғаннан соң, іске кірісуі керек. Препаратқа, яғни арналған зат әйнегіне пипеткамен немесе шыны шыбықпен бір тамшы су тамызылады. Мейлінше жұқалау көлденең не ұзынынан немесе кесілген өсімдік мүшелерінің кесінділерін тамшы суға орналастырады да, жайлап ине ұшымен бүктелген, қабаттасқан жерлерін жазып, зерзат астындағы ауа көпіршіктерін ығыстырады да, жабын әйнекпен астында ауа қалмайтындай етіп бастырады. Жабу үшін сапталған инені сол қолмен ұстап, оның ұшын тамшы судың сол жақ жиегіне қисайта тіреу қажет. Онан соң, оң қолмен жабын әйнектің бір жиегін суға тіреулі инеге тақап барып, онымен тамшы судың үстін жабу керек. Міне осылай мұқият жабылғанда ғана, зерттелетін зат пен судың ішінде ауа көпіршігі қалмай, зерзат анық көрінеді. Егер де жабынды әйнек астында ауа қалса, онда қарауытқан дөңгелек пішінді көпіршіктер зерзатты анық көрсетпейді. Сондықтан ауасы бар препаратты сол қолмен ұстап, оң қолдағы иненің ұшымен жабын әйнектің үстінен ақырын тықылдатып ұрса, ауа көпіршіктері біртіндеп ығысып шығады. Мұндағы ескертетін нәрсе, зерттелетін кесіндінің қалыңдығы мен жұқалығы. Ал егер кесінді қалың болса, онда жабынды әйнек пен затты әйнектің арасына ауа еніп, зерзат микроскопта көрінбейді, онда зерзатты ұстарамен қайта жұқалап кесу керек. Жасалған препарат бірнеше сағат бойына пайдалануға жарайды, ал енді зерзат суға емес, глицеринге батырылса, онда оны бірнеше күндер қайталап көруге болады. Глицеринге орналастырылған уақытша препараттағы зерзат бір деңгейде болмаса, яғни қисайса онда зерзат жабынды әйнекпен бірге, заттық әйнекпен сыртқа шығып кетеді. Сондықтан да, уақытша препарат жасаушы осы жағдайды ескеруі керек.


Тұрақты препараттар жа0сау (Н.С.Воронин бойынша). Тұрақты препарат дегеніміз- ұзақ уақыт сақтауға келетін, сонымен қатар клеткаларының азды-көпті табиғи құрылысын бұзбай, ұзақ сақталатын препарат. Мұндай препараттар жасау үшін студент аса ұқыпты болуы керек істің нәтижесі осыған байланысты. Түпкілікті препарат жасалатын затты әрі қоймалжың, мөлдір, өзі тез қатайғыш заттың ішіне салу керек. Ондай зат канада және майқарағай бальзамы мен глицерин-желатина. Бұл заттарға салынатын зерттелетін затты алдын ала өңдеп алмаса, одан даяр препарат жасауға болмайды. Өйткені өсімдіктің тірі клеткалары өзінің табиғи қалпын көпке дейін сақтай алмайды. Сондықтан да оларды алдын-ала бірқатар өңдеп алу керек.



Оның ретті кезеңдері мыналар: Нықтандыру. Препарат жасалатын затты талапқа сай кетерліктей сұйық заттың ішіне белгілі бір ретпен алдын-ала салып, оның нықтандыру керек. Нықтандыру үшін көбірек қолданылып жүрген заттар: таза спирт, формалиннің, сірке және хром қышқылдарының сұйық ерітіндісі. Бұларды фиксаторлар, немесе нықтандырғыштар деп атайды. Тұрақты препарат жасалатын затты қолға ұстауға келерліктей етіп кесіп, әлгі айтылған фиксатордың біріне салып, бірнеше сағат, кейде бір-екі тәулік бойы сақтайды. Зерзаттарды фиксаторлардың әрбір түріне жеке-жеке, немесе барлығын бір көлемді ыдысқа құйып, бәрін бірден салуға да болады. Фиксаторға салып барып нықтандырылған затты ең алдымен таза сумен әбден жуып, онан соң спиртке (70-75 пайыз) салу керек.Спиртке салып нықтандырылған затты шетінен алып, өткір ұстарамен кеседі. Кесу жолы өтілетін сабақтың және зерттеу ісінің талабына сай жүргізіледі. Осы кесінділердің керегін бірнеше минут бояудың ішіне салып қояды. Бояу сіңген мезгілде кесінділерді алғашында таза сумен, одан соң спиртпен жуып, оның сіңбей қалғанын кетіреді де әбден құрғатады. Бояудың арқасында (боялмаған кезде микроскоптан аңғара алмайтын жерлердегі) клетканың құрылысын анығырақ көруге мүмкіндік туады.


Құрғату жолы. Боялғаннан кейінгі кесіндіні жуғанда ішінде аз да болса су қалып қояды. Бұл су жасалатын тұрақты препараттың сапасын кемітеді. Сондықтан кесіндінің ішіндегі суды кептіріп, оны әбден құрғату керек. Кесіндіні құрғатудың екі әдісі бар:
1. зерзат глицерин-желатинге салып даярланған кезде қолданылады. Алдымен күні бұрын суда жуылған глицеринге батырылған зат әйнегіндегі кесіндінің беті жабын әйнекпен бүркеледі де, оның оң қол жағындағы жиегінен шыны таяқшамен глицерин тамызады. Ал сол қол жақтағы жиегінен сорғыш қағаз арқылы екі әйнектің арасындағы глицеринді сорғызып алады. Демек, зерттелетін заттың ішінде аз да болса қалып қойған су глицеринмен бірге жуылады. Сөйтіп, ол кесіндінің клеткалары суынан әбден құрғайды. Суынан әбден құрғатылған кесіндіні әрмен қарай глицерин-желатинге салып, тұрақты препарат жасайды. 2. зерзатты бальзамға салып даярлағанда қолданылатын құрғату тәсілі. Құрғатудың бұл жолының мерзімі ұзаққа созылады. Мұның себебі бальзам ерітілген ксилолдың сумен араласпауы, соның салдарынан препарат жасалатын кесінді күңгірттеніп кетеді де, зерттеуге бөгет жасайды. Сондықтан кесіндіге сіңіп қалған суды кептіріп, оның орнына мөлдір түсті сұйық зат – спиртпен алмастыру керек. Спирт ксилолды жақсы ерітеді. Сондықтан да кесіндіні алғашында спиртпен жуады. Ең таза деп саналатын 960 спирттің де ішінде 4 пайызды су бар. Сондықтан кесіндіні ксилолға салмастан бұрын, оны алдымен карбол-ксилолға салған жөн. Бұл кезде кесінді біртіндеп мөлдірленеді. Егер алғашқы күңгірттенген түс әлі де кетпеген болса, онда ол кесіндіні таза ксилолға немесе спиртке тағы да салу керек. Карбол – ксилолға салғаннан кейін мөлдірленген кесіндіні ксилолмен бірнеше рет жуу керек. Сөйтіп, ең соңында осы кесіндіні зат әйнегінің үстіндегі бар тамшы майқарағай бальзамының ерітіндісіне салып, оның үстін жабын әйнекпен бүркеу керек. Бірнеше күннен кейін бұл препараттағы жабын әйнектің жиегіндегі бальзам біртіндеп қатады. Бұдан кейін тұрақты препарат даяр деп есептеледі де, оны микроскоппен зерттеуге болады. Бальзамға салу жолы – нықтандырылған, боялған және әбден жуылып тазартылған, құрғатылған кесіндіні салатын ксилолда ерітілген бальзамның қоюлығы бал сияқты қоймалжың болуы керек. Зат әйнегінің дәл ортасына бір тамшы бальзам ерітіндісін тамызып, үстіне даярлаған кесіндіні салады. Егер бальзам ерітіндісі аздау болса, оның үстіне тағы да азырақ тамызады да, оның үстін жабын әйнекпен ептеп бүркейді де, препаратты кебетін жерге қояды. Кепкеннен кейін түпкілікті препарат зерттеуге даяр деп есептеледі. Глицерин – желатинді жасау жолы: ұсақтап кесілген 10 г желатинаны 60 см3 таза суға салып, екі-үш сағатқа қойса, ол бөртеді: бөрткен желатинге 70 г қою глицерин және 1,5 г концентрлі карбол қышқылын қосып, араластырады да, қосындыны су ваннасына салып, 10-20 минут қайнатып даярлайды. Препараттың арасында ауа көпіршігі қалмау үшін жабын әйнекті ептеп бүркеу керек. Өйткені глицерин –желатина салқын заттың бетіне тамызылысымен аз тез қатып қалады да, препаратты сапалы жасауға бөгет жасайды. Сондықтан зат және жабын әйнектерді алды –ала жылыту керек.

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі: Білімгерлерді зертханадағы қауіпсіздік ережесімен таныстыру


Деңгейлік тапсырмалар:


Дәрілік өсімдіктерді зерттеу және қолдану тарихы туралы айтып беріңіз.
Дәрілік өсімдіктердің маңызына тоқталыңыз.
Өсімдік мүшесінің анатомиялық құрылысына сипаттама жасаңыз.
Препарат жасау кезеңдерін атаңыз.
ОБӨЖ тапсырмалары:
Шайырлы және дәрілік өсімдіктер: тракгакант шайыры, қара меңдуана.

БӨЖ тапсырмалары:


Қазақстанның негізгі шикізаттық өсімдіктерін игерудің тарихы, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыты және орталықтары

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:


Негізгі әдебиеттер:
1. Дәрілік өсімдіктер. Оқу құралы. Мухитдинов Н., Мамурова А.Т.Алматы, Дәуір 2013ж
2. Қазақстанның флорасы мен өсімдіктер жамылғысы. Оқу-әдістемелік құралы. Р. А. Дайрабаев, Түркістан. 2018
Қосымша
1. Дәрілік өсімдіктер .Оқулық
Н. М. Мухитдинов, А. Т. Мамурова Алматы, 2013.\http://rmebrk.kz http:/
WEB сайттар:
1. www.agrobiosystema.ru
2.http// www.library.intra.ru-электрондық кітапханалық қор
3. http// www.referat.kulichku.net
4.http// www.NLRK.kz-IP-ұлттық кітапханасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет