- Шынымен де климаттың өзгеруімен күрес шараларын кейінге қалдыруға болмайтын сәт туып отыр. Алдағы үш жылда ауаға таралатын көмір қышқыл газы (СО2) артатыны сөзсіз. Сондықтан біз батыл іс-әрекеттер жасамасақ, 2030 жылға қарай жаһандық температура 2 градусқа артқанын көреміз", – деп мәлімдеді Дүниежүзілік банктің өкілі Ато Браун Алматыдағы конференцияда.
- Сарапшы бұл су, азық-түлік тапшылығын және өзге де проблемалар тудырып, елдер арасындағы қақтығысқа әкелуі мүмкін деп есептейді.
- "Банк Парижде климаттың өзгеруіне байланысты қатерге жауап ретінде 2019 жылдан кейін мұнай және газ өндірісіне қаржы бермейтінін жариялады. Әлем жылдам өзгеріп жатыр және оған барлығымыз бейімделуге тиіспіз. Біз сондай-ақ 2020 жылға қарай кредиттің 28%-ы климаттық шараларға бөлінетінін мәлімдедік", – деді Браун.
- Оның айтуынша, банк жаһандық жасыл қордан климаттық бағдарламаларды қаржыландыруға 90 миллион долларға жуық қаржы алған.
Достарыңызбен бөлісу: |