Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауының қағидаларын және ауданның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында межеленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру бағытында өткен мерзім ішінде ауданда біршама жұмыстар атқарылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалык дамуында оң өзгерістер өз жалғасын табуда.
Бюджет және салық
2013 жылы аудан бюджеті 9 млрд. 234 млн. 868 мың теңгеге нақтыланып,
894 млн. 249 мың теңгеге өсті. Аудандық бюджетке 8 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жалпы кірістер 715 млн. 540 мың теңгеге, өз кірісіміз 648 млн. 872 мың теңгеге көбейді.
Аудандық бюджет кірісі республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінетін трансферттер мен субвенцияларды қоса алғанда (болжамы 9 млрд. 056 млн. 159 мың теңге, орындалуы 9 млрд. 350 млн. 811 мың теңге) 103,3%-ға, яғни 295 мың теңгеге артық орындалды. Оның ішінде :
- Республикалық бюджет болжамдағы 4 млрд. 888 млн. 595 мың теңгенің орнына
3 млрд. 984 млн. 287 мың теңгеге (81,5%) ;
- Облыстық бюджет болжамдағы 142 млн. 32 мың теңгенің орнына 145 млн. 967 мың теңгеге (102,8%) ;
- Аудандық бюджет болжамдағы 1 млрд. 678 млн. 448 мың теңгенің орнына 1 млрд. 978 млн. 360 мың теңгеге (117,9%) орындалды.
2013 жылы бюджет кірісі өткен (2012ж.-5 млрд. 23 млн. 312 мың теңге) жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 85 млн. 302 мың теңгеге артық түсірілді немесе 121,6%-ға орындалды.
Есепті мерзім ішінде жергілікті бюджет шығысы 9 млрд. 152 млн. 376 мың теңгеге немесе 99,1 %-ға (болжам 9 млрд. 324 млн. 868 мың теңге) орындалды, оның ішінде трансферттік түсімдер 7 млрд. 342 млн. 209 мың теңге.
2013 жылы аудандық бюджеттің 57,48 % білім, 6,00 % әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру,18,89% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 2,85 % ауылшаруашылық салаларына бағытталды.
Өнеркәсіп өндірісі және кәсіпкерлік
Ауданның өнеркәсіп орындары 2013 жылдың есепті кезеңінде 31 млрд. 413 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өнім көлемі 2012 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 143,3%-ды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 17 млрд. 460 млн. 469 мың теңгенің өнімі өндірілген, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 137,9%.
Еліміздегі іске асырылып жатқан индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста 22 жоба іске асырылса, оның ішінде жалпы құны 33 млрд. 982 млн. теңгені құрайтын 5 жобасы ауданында іске асырылды. Аталған жобалардың іске асырылуы есебінен 485 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1 жоба Республикалық даму картасына, 4 жоба аймақтық даму картасына еніп отыр.
Индустриялы-инновациялық Даму бағдарламасы картасынан тыс жалпы құны 14 млрд. 295,5 млн. теңге тұратын 3 жоба іске асырылып жатса, 502 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы алғанда 2010-2013 жылдары өндіріс саласына 48 млрд. 277 млн. теңгеден астам инвестиция салынып, жаңадан 987 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы 2014-2016 жылдары ауданға 60,0 млрд. теңгенің инвестициясы тартылады деп күтілуде.
Ауданда ауылшаруашылығы өндірісінің дамуымен қатар, өнеркәсіп орындары шоғырланған аймаққа айналуы өнеркәсіп өндірісінің өндірген өнім көлемі 2009 жылмен (2009ж.-5 млрд. 58 млн. теңге) салыстырғанда 6 есе, өткен жылдың (2012ж.-20 млрд. 955,5 млн. теңге) есепті кезеңімен салыстырғанда 149,9%-ға артып отыр.
Индустриялы-инновациялық Даму бағдарламасының аясында алдағы (2-ші бесжылдықта) кезеңде іске асырылатын бірнеше ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында, жоба бастамашыларымен оның ішінде «Шалқия ЦИНК ЛТД» ЖШС-нің кен байыту фабрикасы, жылдық қуаты 700 мың тонна цемент өнімін шығаратын «Сырцемент» ЖШС-нің зауытының құрылысы, қуаты 50 Мвт электр энергиясы қуатын өндіретін күн электр станциясы, полиэтилен трубалары зауыты, минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт құрылысының жобаларын нақтылау жұмыстары жүргізілуде.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында «Тату Агро» шаруа қожалығының томат өңдеу зауытын электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 331,0 млн. теңге тұратын іске асырылып жатқан жобасы Бесарық, Кеңес, Манап елді мекендерін электр қуатымен қамтамасыз етуде.
Ауданда орта және шағын өндірісі саласы жылсайын дамып, жаңа қызмет көрсету орындары ашылып, қарқын алу нәтижесінде жаңадан сауда алаңы 1200 шаршы метрлік жалпы құны 170 млн. теңге тұратын «Нұрасыл» сауда үйі, жалпы құны 30,0 млн. теңге тұратын «Тасболат и К» ЖШС–нің қуаты тәулігіне 60,0 тонна күріш ақтайтын зауыт салынып пайдалануға берілсе, кондитер өнімдерін шығаратын 2 цех, қабырғалық құрылыс блоктарын (шлакоблок) шығаратын бірнеше цехтар ашылып жұмыс істеуде.
2014 жылдың 1 қаңтарына ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласында
2504 субъектісі тіркелген. Оның ішінде 181 бірлік заңды тұлғалар, 1732 бірлік жеке кәсіпкерлер, 591 бірлік шаруа қожалықтары. Есепті кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 5360 (адам) бірлікті құраса,
6 млрд. 350 млн. теңгенің өнімін өндіріп, жергілікті бюджетке 161,7 млн. теңгенің салық түсімдері түсірілді.
2012 жылдың есепті кезеңімен салыстарғанда 2013 жылды кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелуі 100,1%-ға, жұмыспен қамтылған адамдар саны 100.2%-ға, шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет 108,0%-ға, бюджет түсімдері 108,0%-ға өсіп отыр.
2013 жылы аудан орталығындағы микрокредиттік ұйымдар арқылым аудан тұрғындарына 274,0 млн. теңге, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы кәсіпкерлерге 180,0 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді.
Ауыл шаруашылығы
Ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 688 шаруашылық құрылымдары тіркелсе, оның 341-і егін шаруашылығымен, оның 133-і күріш өсірумен айналысуда.
2013 жылы ауданда жоспардағы 27122 гектардың орнына, 29261 гектарға немесе жоспардағыдан артық 2129 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілсе, 250 тонна супер элита, 127 тонна элита, 300 тонна І-репродукция, 1142 тонна ІІ-репродукция күріш тұқымы себіліп, егілген ауылшаруашылығы дақылдарына 2564 тонна азот, 129 тонна фосфор тыңайтқыштары беріліп, 60 килограмм Гулливер улы химикатымен күріш алқабының арам шөптерге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Күріштің 3400 гектары үстеп қоректендірілсе, 700 гектары арам шөптерге қарсы өңдеу жұмыстары атқарылды.
Барлық егілген егістің 11410 га дәнді дақылдар болса, оның ішінде: 8226 га күріш, 2192 га күздік бидай, арпа, 430 га тары, 502 га дәндік жүгері, 526 га мақсары, кұнбағыс, 2876 га картоп, бақша, көкөніс, 4906 га жаңа жоңышқа, 9603 гектар ескі жоңышқа күтімге алынып дер кезінде жиналып алынды.
Негізгі дақыл күріштің әрбір гектарынан 40,0 цн өнім алынып, 32970 тонна өнім өндірілсе, егілген 2160 гектар күздік, жаздық бидай дақылдары жиналып алынып, 2012 жылмен салыстырғанда 201 тоннаға артық өнім өндірілді.
Сонымен қатар 2013 жылы тамшылатып суару технологиясымен 2 шаруа қожалығы («Шадымхан»,«Нұр») 71,5 гектарға жеміс-жидек екті, оның 30 га алма, 41,5 гектары жүзім дақылдары. «Серікбай» шаруа қожалығының 0,7 гектар жылыжайында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 35 тонна қияр өндіріліп халыққа сатылды.
Аудан бойынша межеленген 136,0 мың тонна мал азығының орнына, 142500 тонна дайындалып 105,0%-ға орындалса, мал азығындық дақылдарының көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 2824 гектарға ұлғайды.
2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 602 гектар жерге бақша дақылдарының зиянкесі қауын шыбынына қарсы , 5050 гектар жерге саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді, оның 2650 гектары шаруашылық құрылымдарының, 2400 гектары мемлекеттік жер қорынан.
Көктемгі егіс пен егін жинау кезіндегі жұмсалатын өндірістік шығындарды арзандату үшін 193 шаруашылық құрылымдарына барлығы 344,3 млн. теңге субсидия берілді, оның ішінде 213,0 млн. теңге егісті қолдауға, 28,5 млн. теңге тұқым сатуға, 19,0 млн. теңге минералды тыңайтқышпен улы химикаттар сатып алуға, 49,7 млн. теңге жеміс-жидек өсіруге, 34,1 млн. теңге су жеткізіп беру қызметі құнын арзандатуға субсидия төленді.
Несиелендіру жұмыстары.
Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жеңілдетілген несие берумен айналысатын «Қамқоршы» несие серіктестігінің құрылтайшылар саны 2013 жылдың аяғына дейін 84-ке жетіп, көктемгі егіске аталған несие серіктестігі арқылы барлығы 27 шаруашылыққа 180,1 млн.теңге жеңілдікпен несие берілді, оның ішінде егін шаруашылығымен айналысатын 7 шаруашылық 81,0 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға 20 шаруашылыққа 99,1 млн. теңге.
Сонымен бірге «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Қызылорда филиалы арқылы 2013 жылы көктемгі егіске және мал шаруашылығын дамытуға аудандағы 5 шаруашылыққа барлығы 27,5 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Аудандағы шаруашылықтар лизингілік жүйемен 4 жаңа трактор алды.
Аудандағы шаруашылық құрылымдарына (әрбір литрі 86,70 теңгеден) 2013 жылдың көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен 2040 тонна, күзгі дала жұмыстары мен егін жинау кезінде 2340 тонна жанар май сатып алынды.
Ауданда мал шаруашылығын дамыту саласы бойынша 2013 жылдың соңында (1.01.2014ж.) мал басының саны мүйізді ірі қара 45618 басқа, уақ мал 180000 басқа, жылқы 9500 басқа, түйе 1050 басқа жетіп, 6100 тонна ет, 11500 тонна сүт, 290 тонна жүн өнімдері өндіріліп, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 101—105 пайызға артыо отыр. Қазіргі таңда ауданымызда 3 асыл тұқымды қой шаруашылығы, 1 сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіретін шаруашылықтар жұмыс істеуде.
Аудандағы мал шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2012 жылы мал өсіруші шаруашылықтар 143,0 млн. теңге, 2013 жылы 210,0 млн. теңге субсидия алып, төленген субсидия көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 147,0%-ға артып отыр.
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілген несиеге 2012 жылы 185,3 млн. теңгеге 93 бас асыл тұқымды бұқалар мен 1061 бас сиыр, 2013 жылы 111,1 млн. теңгеге 135 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқалар мен 1861 бас аналық сиырлар мен қашарлар сатып алынса, одан тысқары аталған бағдарлама шеңберінде 18 шаруашылық меншігіндегі ірі қараларға селекциялық жұмыстар жүргізу мақсатында 54 бас асыл тұқымды бұқалар мен 100 бас асыл тұқымды ақ бас қашар сатып алды.
Сатып алынған бұқалар тұқымдық түрлендіруге 2013 жылдың басындағы 16520 ірі қара малдың 4800 басына (аналық малдың 29,0%-ы) асыл тұқымдандыру үшін селекциялық жұмыстар жүргізілді.
Мемлекеттің мал шаруашылығы жөніндегі қолдау көмегін тауар өндірушілер жыл сайын тиімді пайдаланып келеді. Атап айтқанда аудан бойынша 2010 жылы 48,2 млн. теңге, 2011 жылы 62,0 млн. теңге, 2012 жылы 143,0 млн. теңге, 2013 жылы 210,0 млн. теңге субсидия берілді. Қожамберді ауылдық округіндегі «Нұрболат» ШҚ 13500,0 мың теңгенің бордақыланған қой етін, «Бақытжан» ШҚ 5328,0 мың теңгенің бордақыланған сиыр етін, 1987,2 мың теңгенің бордақыланған жылқы етін, 2160,0 мың теңгенің қой етін, «Бозінген» ШҚ 368,0 мың теңгенің бордақыланған сиыр етін сатып субсидия қаржысын игерді. «Нұрболат» ШҚ мал бордақылау алаңында өз меншігіндегі малын семіртіп, өңдеп сатуды қамтамасыз етіп отыр. Алдағы кезеңде осындай мақсаттағы жұмыстарды «Мырзабай», «Көбелдес», «Бақытжан» шаруа қожалықтары мал сою пункттерінің құрылысын салып жүзеге асыруды көздеп отыр. «Сыбаға» бағдарламасын тиімді пайдалану мақсатында аудандағы бірқатар шаруашылықтар бордақылауға қойылатын малдарының басына қарай бордақылау алаңдарын салып алуды қолға алуда. Өткен жылы 600 астам ірі қара мал басын тауар өндірушілер өздерінің бордақылау алаңдары арқылы жоғары кондицияға жеткізіп сатуды қамтамасыз етті.
Эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген 166 млн. 923 мың тенге қаржының 166 млн. 747 мың теңгесі (99,9%) игерілсе, оның
49779,3 мың теңгесіне 357877 бас уақ мал мен мүйізді ірі қара мал жоспарға сәйкес диагностикалық тексеруден өткізілді, 116968,0 мың теңгесіне ҚР Үкіметінің тізіліміне енгізілген 1391 мың бас уақ және ірі малдарға аса жұқпалы ауруларға қарсы егу шаралары жүргізілді.
Республикалық бюджеттен бөлінген 82 млн. 421,2 мың тенгеге ветеринариялық құрал жабдықтар сатып алынып толық қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1-Дук қондырғысы орнатылған автокөлік, 1 өлекселер өртейтін крематорий пеші (инсениратор), 25 тоңазытқыш, 25 электрогенератор, 25 ветеринариялық шаралар кезінде жануарларды ұстау құрылғысы, 25 қолдан ұрықтандыру пунктеріне құрал жабдықтар, 25 жиынтық компьютер бірліктері, 25 қызметтік автокөлік сатып алынды.
2013 жылға аудандық бюджеттен каңғыбас ит мысықтардың көзін жою шараларына 1700,0 мың тенге қаржы бөлініп, 1932 бас ит, 94 бас мысықтың көзі жойылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалуы :
2009 жылдың басынан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге тұруға және әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеуге келген мамандарға 2013 жылға республикалық бюджеттен 41 маманға (20-ы білім беру, 14-і денсаулық сақтау, 7-і ветеринария саласына) 4,9 млн. теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы мен 57 маманға бөлінген 147,9 млн. теңгеден 146,2 млн. теңгесі 62 маманға (39-ы білім беру, 18-і денсаулық сақтау, 2-і әлеуметтік қамсыздандыру, 3-і ветеринария саласы) тұрғын үй сатып алуға несие берілді.
Инвестиция, құрылыс
Есепті мерзімге негізгі капиталға тартылатын инвестицияның макроэкономикалық жылдық болжамы 24 млрд. тенге болса, нақты барлығы 12 млрд. 958 млн. 840 мың теңге инвестициялық қаржы салынды, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,3% құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 2 млрд. 878 млн. 824 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд. 235 млн. 515 мың теңге, кәсіпорындар мен халықтан 4 млрд. 124 млн. 539 мың теңге қаржы тартылған.
Есепті кезеңге жеке тұрғындар есебінен макроэкономикалық жылдық болжамда жалпы ауданы 19400 шаршы метр, тұрғын үй салынатын болса, нақты 25420 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңіне 111,7%-ды құрады.
Ауданда мемлекеттік коммуналдық 2 тұрғын үй құрылысына Республикалық бюджеттен 11200,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 2255,0 мың теңге, аудандық бюджеттен қосымша 9092,0 мың теңге, барлығы 22247,0 мың теңге бөлінген қаржыға Жаңақорған кентінен 2 бөлмелі 2 тұрғын үй салынып пайдалануға берілсе, коммуналдық меншікке 2 тұрғын үй сатып алуға бөлінген 4000,0 мың теңгеге ҰОС ардагерлеріне Жаңақорған кентінен 2 тұрғын үй сатып алынды.
2014 жылы салынатын 36 тұрғын үйдің ЖСҚ-н 2012 жылғы әзірленген ЖСҚ негізінде байланыстыра отырып, мемлекеттік сараптамадан өткізуге бөлінген 4804,0 мың теңгенің 4573,0 мың теңгесі игеріліп, қаржының қалған 231,0 мың теңгесі жасалған келісім шартқа сәйкес осы жұмыстарды аяқтау үшін 2014 жылдың сәуір айына мемлекеттік сараптамаға қалдырылып отыр.
Жаңақорған кентінен 50 орындық балабақша құрылысын салу үшін 2013 жылға бөлінген 95000,0 мың теңге қаржының 73083,1 мың теңгесі игерілсе, аталған нысан келісім шартқа сай нысан 2014 жылдың маусым айында пайдалануға берілетін болады.
Есепті кезеңде аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сәйкес, 2341113,0 мың теңге бөлініп 16,0 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Қосүйенкі» жолының 12,0 шақырымына 113500,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді.
Аудандағы 5 елді мекеннің (Бесарық бекеті, Екпінді Шалқия, Кеңес, Манап) ішіндегі 12,0 шақырымдық көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге Республикалық бюджеттен 188429,0 мың теңге қаржы бөлініп толығымен игерілді.
Аудандық маңыздағы 189 шақырым автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұыстарына аудандық бюджеттен 2013 жылы 36000,0 мың теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Республикалық бюджеттен 167435,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 12839,0 мың теңге бөлінген қаржыға Талап бекетінің ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары мен Республикалық бюджеттен 306621,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 20765,0 мың теңге барлығы 327386,0 мың теңге бөлінген қаржының 318050,2 мың теңгесі игеріліп Қаратөбе елді мекенінің ауыз су жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстарына жүргізілді..
Облыстық бюджеттен 216120,0 мың теңге бөлінген қаржыға Кейден елді мекенінің ауыз су жүйелеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жергілікті бюджеттен 16680,0 мың теңге бөлінген қаржыға Кейден елді мекенінің ауыз су ұңғымасына су тұщыту қондырғысын сатып алынып, су тұщыту қондырғысы орнатылды.
Аудандық бюджеттен Жаңақорған кентіндегі бағдаршамдарды күтіп ұстау жұмыстарына 960,0 мың теңге, Төменарық елді мекені тұсындағы Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірді күтіп ұстау жұмыстарына 2861,0 мың теңге, Жаңақорған ауданының ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына 17000,0 мың теңге (игерілгені 16832,0 мың теңге), Жаңақорған кенті аумағында орналасқан тұрғын үй емес ғимаратты жер телімімен бірге мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алуға 10000,0 мың теңге, Жаңақорған ауданының әлеуметтік мәні бар ауыларалық және кентішілік автобус маршруттарында тұрақты тасымалды ұйымдастыруға 3154,0 мың теңге, Жаңақорған кенті ішіндегі ауыз су құбырларындағы 514 көру құдықтарына жер учаскелерінің мемлекеттік актілерін және тех. құжаттарын жасауға 16,0 млн. теңге бөлінген қаржылары толығымен игеріліп тиісті жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік сала
2013 жылы жұмыспен қамту орнына хабарласқан 2731 азаматтан тұрақты жұмысқа 1316 азамат орналастырылса, жұмыспен қамту орнында есепте тұрған жұмыссыздардың экономикалық белсенді халыққа шаққанда аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды (жылдық болжам 0,7%), жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды құраған (жылдық болжам 5,1%).
2013 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған 516 адамға 27505,0 мың теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 43 отбасына (214 отбасы мүшелеріне) 3691,4 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға 3212 отбасына (11045 баласына) 177500,8 мың теңге, 1075 отбасына (6448 мүшесі бар) 26614,6 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3-бағыты бойынша 2013 жылға республикалық бюджеттен барлығы 1 млрд. 118,0 млн. теңге қаржы бөлініп игерілуі 97,0%-ды құрады.
Есепті кезеңде бағдарламаның 1-ші бағыты бойынша 27 жобаны іске асыруға 671,3 млн. теңге бөлінген қаржысы 99,7%-ға игеріліп, нәтижесінде 176 азамат уақытша жұмысқа орналасып, 5 ауылдық округ (Келінтөбе, Аққорған, Сунақата, Өзгент, Қандөз) бойынша жалпы ұзындығы 49796 шақырым болатын көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2-ші бағыты бойынша 175 азамат кәсіпкерлігін дамыту бағытында оқытылып,
167 азаматқа 332,0 млн. теңге несие беріліп, қосымша 138 жұмыс орындары ашылды.
Бағдарлама аясында 2011-2013 жылдар аралығында 238 азаматқа несие берілсе, 211 жұмыс орындары ашылып, 408 азамат жұмыспен қамтылды.
4-ші бағыты бойынша 10,5 млн. теңге бөлінген қаржысы 87,6%-ы (9,2 млн. теңге) игеріліп, қайта даярлау курстарына оқытуға жіберілген 100 азаматтың 86-сы жұмысқа орналасты. Есепті кезеңде 10 мамандық түрі бойынша 1-жылдың кезеңге 93 азамат кәсіптік даярлауға жолданды. Бағдарлама аясында 2011-2013 жылдары аралығында қайта даярлау оқу курстарына жолданған 436 азамат оқу курстарын бітірсе, оның 288 жұмысқа орналасып 66,1%-ды құрады.
Сонымен қатар есепті кезеңде осы мақсатқа 40,1 млн. теңге бөлінген қаржыға 298 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 58 адам тұрақты жұмысқа орналасты және жастар практикасы бағытына жолданған 187 азаматтан 26-сы тұрақты жұмысқа орналасты.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының тиімділігінің нәтижесінде есепті кезеңде 1049 азамат бағдарламаға қатыстырылса, 596 азамат тұрақты және 176 азамат уақытша жұмыспен қамтылды. Жыл ішінде бағдарлама аясында ауданның 137 азаматы жеке кәсіпкерлігін ашса, 20 азамат жеке кәсіпкерлігін кеңейтіп, 91 азамат кәсіпкерлігін дамытуда.
Білім беру саласы
-
Материалдық-техникалық база
Ауданда 42 жалпы білім беретін, 57 мектепке дейінгі ұйым, 15 шағын орталық,
3 мектептен тыс мекеме, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп, 1 жазғы тынығу лагері жұмыс жасауда.
Білім саласын қаржыландыру жылдан жылға артып келеді. Мысалы 2012 жылы білім саласына бөлінген қаржы 4008260,0 мың теңгені құраса, 2013 жылы 4255331,0 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артып отыр.
Аудан бойынша 42 мектептің 29-ы типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.
2013 жылы аудан бойынша 4 мектеп жаңадан пайдалануға берілді.
Атап айтқанда: 1. Кейден елді мекенінен- 140 орындық,
-
Сунақата елді мекенінен- 600 орындық,
-
Келінтөбе ауылынан- 900 орындық,
-
Қыраш ауылынан - 200 орындық мектеп.
Сонымен қатар, 2013 жылы Сүттіқұдық ауылындағы 600 орындық мектептің, облыстық бюджет қаражаты есебінен Қосүйеңкі ауылында 200 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды.
Бірлік ауылындағы №55 орта мектептің қосымша құрылыс (спорт зал, шеберхана, асхана құрылысына – 141140,0 мың теңге) жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Облыс әкімінің 2010 жылғы 21 мамырдағы №785 қаулысына сәйкес құрылысын салуға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енген №195, №164, №254, 56 мектептердің (АПЗ) сәулет-жобалау тапсырмалары дайындалып, жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 29025,0 мың теңге бөлінді. Үстіміздегі жылы кент орталығындағы №3 мектеп интернатының күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 145934,0 мың теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылды.
Білім бөліміне қарасты күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін жобалық-сметалық құжаттары дайындалған, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған Төменарық ауылындағы №53 мектепке 40632,0 мың теңге, Жаңақорған кентіндегі №169 мектепке 51850,0 мың теңге, Машбек ауылындағы №196 мектепке 34543,0 мың теңге, Қаратөбе ауылындағы №229 мектепке 67972,0 мың теңге барлығы 194997,0 мың теңгеге облыстық білім басқармасына, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына ұсыныс берілді.
2012 жылға 41 мектептің жәй жөндеу жұмыстарына 16 189,0 мың теңге қаржы қаралса, 2013 жылы 40 мектептің жәй жөндеу жұмыстарына 9647,0 мың теңге қаралды. Сондай-ақ №54 орта мектеп ғимаратына (ішкі сылақ жұмыстарына) 2000,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.
Білім бөлімі ғимараты мен №86, 240 орта мектептерге өрт дабыл қондырғысын орнатуға жергілікті бюджеттен 4780,0 мың теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылса, №196, №53 мектептерге өрт дабылы қондырғысын орнатуға 3377,0 мың теңге бөлініп, жыл соңына дейін бөлінген қаржыға байланысты жұмыстар атқарылатын болады.
2. Қысқы маусымға дайындық барысы
Қысқы жылу беру маусымында білім беру ұйымдарының 40-ы автономды бу қазандықтарымен, 2 мектеп (№221, 254) жекелеген тұрмыстық пештерімен жылытылады. 42 білім беру ұйымының 38-і қатты отын, 4 мектеп (№52, 110, 192, 247) сұйық отынмен жылытылады. Өткен 2012 жылға қысқы маусымға қатты және сұйық отын алуға жергілікті бюджеттен барлығы 113673,9 мың теңге қаралса, 2013 жылға 132716,0 мың теңге қаралды. Оның 81716,0 мың теңгесі қатты отынға, 51000,0 мың теңгесі сұйық отынға бөлінді. Жылу маусымына дайындық барысында аудандық бюджеттен Кеңес ауылындағы №239 орта мектепке жылу қазандығын алуға 1600,0 мың теңге, Төменарық ауылындағы №223 мектептің жылу жүйесін ауыстыру үшін оның жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 750 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар Бірлік елді мекеніндегі №55 мектептің жылу жүйесіне аудандық бюджеттен 3084,0 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
3. Жалпыға міндетті оқуды ұйымдастыру және тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жайы
2013 оқу жылында жалпыға міндетті оқу қорына қаралған қаржы білім саласына бөлінген жалпы соманың 3 ℅-ын, яғни 102791,0 теңгені құрап отыр. Оның ішінде 63959,0 мың теңгесі 2013 жылы аудан бойынша тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 2284 баланы 100% тегін ыстық тамақпен қамтуға, киім-кешек алуға 30844,0 мың теңге (2983 балаға), Тау самалы тынығу лагеріне 5700,0 мың теңге (380 балаға), мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне 2288,0 мың теңге (1600 оқушыға) қаржы қаралды. Аудандық бюджеттен 1 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтуға 1629 балаға барлығы 45652,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы асханалардың материалдық базасын нығайту мақсатында жергілікті бюджеттен 13392,0 мың теңге бөлініп, аталған қаржыға асхана құрал-жабдықтары алынды. Атап айтсақ 6518,8 мың теңгеге 30 дана газ плитасы, 3238,3 мың теңгеге 31 дана тоңазытқыш, 3190,1 мың теңгеге ыдыс-аяқтар, 446 мың теңгеге 25 дана аристон сатып алынып, мектеп асханаларындағы құрал-жабдықтар біршама түгелденді.
2013-2014 оқу жылында аудан бойынша 42 мектепте асхана жұмыс жасауда. Оның 19-ы ыңғайластырылған, 23-і типтік жобада салынған асхана және 11 мектептің асханасы жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жасақталған. 3 жақты келісім бойынша 4 мектепте, атап айтқанда, кент орталығындағы №51, №56, №125, №163 орта мектептерде буфет (мектеп буфетін жалға алу арқылы) жұмыс жасайды. Барлық мектеп оқушыларына мектеп асханаларында тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған.
Мектептерде берілетін ыстық тамақтың биылғы калькуляциясы бойынша бір оқушыны тамақтандыруға жұмсалатын қаржының бір күндік мөлшері - 170 теңгені құрап отыр.
4. Мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасы
2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы негізінде облыс әкімінің 2010 жылдың 18 маусым күні №816 санды қаулысымен бекітілген іс- шаралар жоспарын іске асыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 2013 жылы 52 балабақша мен 15 мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: |