Модерация қорытындысы бойынша білім алушылардың өзгертуге жататын жиынтық жұмыстарының тоқсандық балы қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша қойылатын жиынтық жұмыс балы жоғарылатып, сол сияқты төмендетіліп те қойылады. 20. Білім алушы белгілі себептермен екі аптаға дейін болмаған жағдайда (ауырып қалуына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, конференцияға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға (ғылыми жарыстарға) қатысу), білім алушы орта білім беру ұйымына қайтып оралғаннан кейінгі екі аптаның ішінде мектеп жасаған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалауды тапсырады. 21. Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі. 23. Балл түріндегі білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаларға ауыстырылады. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ 24. Формативті және жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі. Формативті бағалау нәтижелері тоқсандық және оқу жылының бағасын қою кезеңінде есепке алынбайды. 25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады. Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі
1 сыныптағы балдардың пайыздық мазмұны (%)
|
2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)
|
Баға
|
0-20
|
0-39
|
қанағаттанарлықсыз – «2»
|
21-50
|
40-64
|
қанағаттанарлық – «3»
|
51-80
|
65-84
|
жақсы – «4»
|
81-100
|
85-100
|
өте жақсы – «5»
|
Достарыңызбен бөлісу: |