Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды


Сарқынды сулардың құрамы мен қасиеттері



бет5/26
Дата03.01.2022
өлшемі406.15 Kb.
#451792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Aytbaev Damir

1.2.1 Сарқынды сулардың құрамы мен қасиеттері
Сарқынды су деп тұрмыстық, өнеркәсіп және тағы басқа қажеттерге пайдаланылып, әртүрлі қоспалармен ластанып өзінің алғашқы химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін өзгерткен суларды және елді мекендер мен өнеркәсіп орындарының көлемінде пайда болған жаңбыр суымен көшелерді жуған су айтады.

Пайда болуы, түрі және қоспалардың сапалық сипаттамасына байланысты ластанған су, тұрмыстық су, өнеркәсіп суы және жаңбыр суы деп үш категорияға бөлінеді. Тұрмыстық ластанған су шаруашылық және фекалдық суға бөлінеді. Шаруашылық-тұрмыстық ластанған су – ас үйде, су себерде, кір жуғанда және т.б. жағдайларда пайда болады.

Өнеркәсіп ластанған суы – өндіріс орындарында пайда болады, олардың құрамы өндіріс саласына байланысты әртүрлі болады.

Атмосфералық лас су – жаңбыр жауғанда немесе қар ерігенде пайда болады. Жаңбыр суының көлемі еріген қар суының көлеміне қарағанда едәуір көп болады.

Сарқынды суды қажетті дәрежеде тазалау үшін сарқынды судың құрамын білу және суаттың суымен араластыру дәрежесін анықтау керек. Сонымен қатар, суаттың суының өзін – өзі тазарту қабілетін анықтау қажет. Сарқынды суларда үнемі органикалық және органикалық емес ластанған заттар болады. Тұрмыстық ағындағы органикалық заттар ақуыз, көмірсутек, май және сонымен қатар физиологиялық өңдеу өнімдері түрінде болады. Одан басқа тұрмыстық ағындарға шүберек, қағаздар, өсімдік өнімдерінің қалдықтары жатады. Минералдық сарқынды суға құм, лайдың бөлшектері, руданың бөлшектері, минералды тұз ерітінділері, қышқылдар, минералды майлар кіреді. Өндірістік кәсіпорыннан шығатын сарқынды сулардың құрамы әртүрлі, бұндай жағдайда бұл суларда фосфор және азот жоқ, олар жай ғана патогенді микрофлорамен ластанбаған. Органикалық сарқынды сулар өсімдіктерден және жануарлардан пайда болады. Елді-мекендердің, қалалардың және өнеркәсіп орындарының шекараларында пайда болған сарқынды суды жинау, әкету, тазалау, зиянсыздандыру және оларды суатқа шығару үшін арналған инженерлік ғимараттар мен санитарлық іс–шаралардың кешенін су әкету жүйесі дейді.

Суатқа жіберер алдында сарқынды суды күрделі тазалаудан өткізу керек. Тазалау ғимараттарының құрамы сарқынды судың көлемі, түрі және қоспалардың сапалық сипаттамасына байланысты қабылданады. Сарқынды суды сапалы тазалау үшін әртүрлі механикалық қондырғылар мен биологиялық ғимараттар қолданылады.

Мысалы Алматы қаласының ластанған суы 1979 жылға дейін тек қана механикалық қондырғыларда тазартылған. Бұл қондырғылар сарқынды суды толық тазарта алмаған. 1980 жылдан бастап қалада толық биологиялық тазарту бекеті жұмыс істей бастада. Оның өнімділігі 560 мың м3/тәулікке тең болды.

Атмосфералық су өнеркәсіп маңында жуылған заттармен ластануы мүмкін. Бұндай жағдайда өндірстік лас сулар жуылуы керек. Қазіргі уақытта қалаларда кейбір өндірістік кәсіпорындардағы сарқынды сулар қалалық тұрмыстық канализациялық тораптарға келіп түседі, сондықтан да қалада кәдімгі аралас сулар болады. Кейбір қалаларда қыс мезгілінде көшелерді қардан тазалау кезінде канализациялық торап қолданылады. Бұндай жағдайда қалдық заттар саны өсуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет