КІPІСПЕ
Су–тіршіліктің қайнар көзі. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Су–түсі, иісі, дәмі жоқ сұйық зат, жақсы ерітуші. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың барлығында судың маңызы зор. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Aдaмзaтқa екі негізгі мәселесін шешу қaжет: су тaпшылығы және тaбиғи сулapды әpтүpлі лaстaнудaн қоpғaу. Су ресурстарын қорғау – адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай – күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған қызметі.Дүниежүзі су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатуда. Қазақстан Республикасыда тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады.
Бізде су үнемдеу әдеп-ғұрып жоқтын қасы. Суды қол жетімді ресурс деп санайды және де оны бейберекет қолданады, сондықтан көпшілікке суды үнемдеу өте қиын жұмыс болып табылады. Барынша таза су қорың үнемдеп сақтау үшін көптеген амлдар қолдану керек. Соның бірі жаңбыр суын әр түрлі мақсатта пайдалану үшін жинау және тазалау.
Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды.
Жаңбыр суын тазалау мәселесі екі жолмен шешілуі мүмкін:
а)Жаңбыр суын суатқа жіберу алдында жаңбыр тораптарында жергілікті тазарту ғимараттарын орналастыру;
б)Жаңбыр суын орталықтандырылған тазарту ғимараттарында тазалау.
Толық бөлінбеген жүйеде бір ғана (тұрмыстық және өндірістік лас суды әкетуге арналған) су әкету торабы болады. Бұл торап тұрмыстық-өндірістік деп аталады. Жаңбыр суын суатқа әкету үшін ашық науалар, жолдардың кюветтері қолданылады.
Жаңбыр суын заманауи құрылғылармен тазалап үлкен бір резервуарда жинап, тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек. Көбінесе қаладағы жасыл желектерді суғаруға, көшелерді жууға және авто жуу бекеттерінде, құрылыста, өндіріс орындарында пайдалансақ, табиғи ауыз су тапшылығың жоймасақта азайтуға мүмкіндік аламыз. Осы дипломдық жоба Алматы қаласы Алмалы ауданындағы жасыл желектермен көшеттерді, көшелерді және өндіріс орындарын тазаланған жаңбыр суымен суғаруға, суландыруға және қамтамасыз етуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |