Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп



бет1/2
Дата14.12.2022
өлшемі0.53 Mb.
#467231
  1   2
казак тили


Жалғаулар
Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырып тұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар: 1) көптік жалғау; 2) тәуелдік жалғауы; 3) септік жалғауы; 4) жіктік жалғауы.
КӨПТІК ЖАЛҒАУ


Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағына береді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады. Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады.

С Ө З Д Е Р

Ж А Л Ғ А У Л А Р

Дауысты дыбыстарға;
үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса

-лар, -лер

Ұяң дыбыстарға;
үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса

-дар, дер

Қатаң дыбыстарға;
Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса

-тар, -тер

Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:


1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына: қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.
2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, өзбек, татар, т.б.
3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім, ізеттілік, көмек, жолдастық, т.б.
4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге: жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой, сексен түйе, т.б.
5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жұмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап, т.б.
ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет