Жалғыз ағаш
Сенің кім екендігіңді дөп басып көрсететін
әділет таразысы – ата-ананың жүрегінде
Қаркөлден әудем жерде жапырағы жайқалған бір ағаш тұр. Өрістен түстікке келген мал біткен көлден су ішіп келіп, осы ағаштың түбінде. Жап-жасыл болып жайқалған жапырағына бір шыбышта, қоңыр қозы да ауыз салмайды. Қоңыр күз келіп,қара жерге қар түскенше жалғыз ағаш осы қалпынан таймайды. Мен үшін жалғыш ағаштың ішіне бүккен сыры бардай көрінді.
Кемпіршуақта тынығып отырған әжемнің жанында отырып, әңгіме бағытын осы ағашқа бұрдым. Әжем болса бір күрсініп алып, «Бұл Жұмағазы шалдың көзі ғой, бір кездері осы жерде үлкен әулет болған десем, қазір ешкім сенбесі анық. Таңмен жарыса тұрып, самаурыны шоқтан, қазаны оттан түспей, дастарханы жылмайтын Гүлдәрінің басындағы бағы бес елі еді бір кездері. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырамын деп бір тыным таппайтын марқұм шалы. Балалары ер жетіп, қыздары бой жетіп жан-жаққа кетті. Бірақ бес баласының бесеуі де ұшқан шаңырақтарына ат ізін салмады. Балаларын сарыла күткен кемпірі сағыныштың сары орамалын желпіп жүріп, көз жұмды. Күндердің бір күні бір ұлы келіп, әкесімен бірге тұрды. Үлкен қала ұлын көп өзгерткен екен, олда көп ұзамай шалдың жиған-тергенін алып жөніне кетті. Содан көп ұзамай Жұмағазы шалда көз жұмды. Марқұм өте еңбекқор еді, балаларым келіп қалар деп жыл сайын ауласына қауын-қарбызын егуші еді. Мына ағаш сол шалдың көзі. Өзінің жаны қандай жайсаң еді, қарашы екен ағашы да қаншама жыл өтседе әлі жайқалып тұр.Тіптен тұрған үйінің ізі де жоқ, тек еккен ағашы тұр.»
Байқайсыз ба, ана көлеңкесінде жатқан қозы,лақ осы ағашқа тиіспейді.
Иә, кейде адамның жанын адам түсінбейді, амал нешік, мал боп
жаратылса да қозы, лақта Жұмағазы шалдың «Балаларым бір күні оралар»-деген үміті үзілмесін дейтін шығар,бір ауыз салмайды.
Осы ағашты ешкім суғармайды. Көлден әріректе жатсада жапырақ жаймаған бір жылы жоқ. Көзі кетседе марқұмның үміті үзілмеген.
Осы ағашты бетке ұстап, күндердің бір күнінде әке мен шешені сағынған бір ұрпағы оралса деген үміт менде де пайда болды. Арман алдамайды, егер үміт үзілмесе.
Нургалиева Анар Елеусізқызы
Қызылорда қаласы
Достарыңызбен бөлісу: |