Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қалалық
«Əбіш оқулары» байқауын өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ереже
Осы ережелер жалпы білім беретін
мектеп оқушылары арасында
өткізілетін облыстық «Əбіш оқуларының» (бұдан əрі – Əбіш оқулары)
мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастырушылық-əдістемелік қызметінің
жүзеге асырылуын, байқауды өткізу мен қаржыландыру тəртібін,
оқушылардың қатысуын жəне жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау
тəртібін айқындайды.
1.
Байқаудың ұйымдастырушысы «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-
əдістемелік орталығы (бұдан əрі – «Қостанай дарыны» ӨОƏО).
2.
Əбіш оқуларының негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында
Əбіш
шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін,
эстетикалық талғамдарын, сөз мəдениетін дамыту,
жазушының рухани
мұрасына деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке,
демократияға жəне азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары
мен сана-
сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
3.
Əбіш оқуларының негізгі міндеттері – дарынды балаларды анықтау,
əдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою.
ІІ. Əбіш оқуларының қатысушылары
1.
Əбіш оқуларына облыстық кезеңнің жеңімпазы атанған жалпы білім
беретін ұйымдардың 8 - 11 сыныптарының оқушылары қатыса алады. Əр
аудан облыстық кезеңге жекелеген байқауларға қатысқан 3
оқушыны қоса
есептегенде барлығы
8 оқушы жəне жетекшіден тұратын бір топты
ұсынады.
2.
Жетекші топ құрамындағы оқушылардың
жол бойындағы өмір
қауіпсіздігіне жауапты. Жетекшіні білім ұйымдары тағайындайды.
ІІІ. Əбіш оқуларын ұйымдастыру жəне өткізу тəртібі
1.
Облыстық «Əбіш оқулары» төрт бағыт бойынша өткізіледі.
1. 1.Үй тапсырмасы.
Ə.Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу
Қойылатын талаптар: Байқауға 1 оқушы қатысады. Жұмыс саны 3-тен
аспауы тиіс. Суреттің оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, оқушының
аты-жөні,
облысының атауы, мектебі, сыныбы мен жетекшісінің аты-жөні
толық жазылуы қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы – А3 түрінде. Кескіндеме
(
акварель, гуашь, акрил), графика (
тушь, перо, қылқалам, түрлі-түсті
қарындаштар жəне т.б). Рамкаға салу міндетті.
Облыстық кезеңде жас суретшілерге қазылар алқасы екі тақырып
(«Бəйгеторы» жəне «Автомобиль» шығармалары) бойынша ұсынып,
оны жоғарыдағы орындау техникасына сəйкес салуды тапсырады.
Жұмыс уақыты 3 сағат.
1.2.