Сабақтың мақсаты:
Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауын насихаттау. Абай шығармаларын жас ұрпақтың бойларына сіңірту, поэзия әлеміне енгізу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд
Жүргізуші:
Қадірменді оқушылар, оқырмандар! Қазақ халқының ұлы ақыны, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға Абайдың туғанына 170 жыл толуы қарсаңына арналған «Абайды танып, біл» таным сабағына қош келдіңіздер.
Нақыл сөз:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».
Жүргізуші:
Абай мұрасы- қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ алтын қазынасы. Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып өзіндік үлес қосып келеді.
1-оқушы:
Абайдың балалық және жастық шағы туралы.
Жүргізуші:
Ақын шығармалары оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді.
Мұхтар Әуезовтың Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан-жай емес.
2-оқушы:
Ғылым, білім туралы көзқарасы
-
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
-
«Интернатта оқып жүр».
-
«Ғылым таппай мақтанба».
-
«Есіңде бар ма жас күнің?».
Жүргізуші:
Абай- озық мәдениетті насихаттаушы, әлеуметтік- азаматтық санасы өскен халықтың үлкен қайраткері.
-
«Сабырсыз, арсыз, еріншек».
-
«Адасқанның алды жөн, арты соқпақ».
-
«Өлсем орным қара жер».
-
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес».
Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық танытқан шындықты айта отырып жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа шақырады.
Махаббат, достық лирикасы
-
«Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат».
-
«Есіңде бар ма жас күнің?».
-
«Ұяламын дегені көңіл үшін».
-
«Көзімнің қарасы» әні.
3-оқушы:
«Көркем сөздің асылы-поэзия» деп жоғары бағалай отырып ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
-
«Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы».
-
Қиындықтан қиыстырар ер данасы
-
«Біреудің кісісі өлсе қаралы ел».
-
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін».
-
«Өлең- сөздің патшасы».
Жүргізуші:
Абай- сазгер. 30-дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
-
Ән: «Желсіз түнде жарық ай».
Табиғат лирикасы.
-
«Жаз»- 1886ж.
-
«Қыс»-1988ж.
-
«Күз».
Абай әдебиеттегі шебер аудармашы:
70-80 шақты аудармалары өзге тілден аударылған.
1. Пушкин және Абай. «Евгений Онегиннен» 8 өлең аударылған, көбі- Онегин мен Татьяна хаттары.
2. М.Ю.Лермонтов пен Абай.
3. Крылов және Абай.
4. «Татьянаның хаты» өлеңі.
5. «Құмырсқа мен шегіртке».
Абайдың поэмалары:
-
«Масғұт».
-
«Ескендір».
-
«Әзім әңгімесі».
Жүргізуші:
Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі- ол Абайдың қара сөздері.
1). Жалпы қарасөздер саны-16
Абайдың қарасөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
Қорытынды:
Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған Ахмет Байтыұрсынов «Абай қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.
Парасатты болып туған-
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған-
Бүкіл әлем Абайы!
Келісілген Бекітемін
ДОЖО _____Г.Р.Әмірғалиева №26 мектеп-гимназиясы
____ ___ _____________ директоры
______ Г.К.Сванқұлова
____ ___ ___________
№26 мектеп-гимназиясы
кітапхананың сәуір айына
арналған жұмыс жоспары
Р/с
|
Іс-шаралар тақырыбы
|
Жұмыс түрлері
|
Уақыты
|
Жауаптылар
|
1.
|
Кітап қорын сақтау жұмыстары
|
тексеру рейдтері
|
сәуір айы
|
Мурзанова ЖҚ.
Сынып жетекшісі
|
2.
|
2015ж. «Бір ел- бір кітап» республика акциясы.
|
кітап көрмесі
|
20.04.
|
Сыздыкова А.Қ.
әдебиет пәні мұғалімдері
|
3.
|
Кітапхана жұмысын автоматтандыру, арнайы бағдарлама жұмысын орнату.
|
компьютерге деректер базасын енгізу
|
27.04.
|
Сыздыкова Ә.Қ.
Мурзанова Ж.Қ.
Бағдарламашы
|
4.
|
Мерзімді басылымдарды
реттеу, түгендеу
|
|
ай бойы
|
Сыздықова А.Қ.
Мурзанова Ж.Қ.
|
Орындаған: Сыздықова А.Қ.
Достарыңызбен бөлісу: |