Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілді
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
-
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті көрсетуші) көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:
-
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
-
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі портал)
арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13-сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетіген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін тамақтандыруды ұсыну жөнінде анықтама (бұдан әрі - анықтама) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – электрондық форматта. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті қағаз тасымалдағышта алу үшін өтініш берген жағдайда нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, қағазға басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолымен расталады.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау
-
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-әрекетті бастау үшін
негіз болып табылады:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
порталға жүгінген кезде қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш.
Көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесін қабылдау Стандарттың 9-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
-
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір
рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және нәтижесі:
-
қызметті берушінің жауапты орындаушысы қабылдау және тіркеу
жұмыстарын жүргізеді (15 (он бес) минуттан артық емес);
2) қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды (1 (бір) жұмыс күнінен артық емес);
3) жауапты орындаушы келіп түскен құжаттарды қарайды, қызмет алушыға анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауап жобасын дайындайды (3 (үш) жұмыс күнінен артық емес);
4) басшы анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды (1 (бір) жұмыс күнінен артық емес).
Нәтиже – қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын мемлекеттік қызметті көрсетуші құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
-
Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолданудың іс-әрекет тәртібін сипаттау
7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жолығу тәртібін және көрсетілетін қызмет беруші мен қызмет алушының рәсімдерінің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН), сондай-ақ парольдің көмегімен Порталда тіркеледі;
2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алу үшін қызмет алушының Порталда ЖСН паролін (авторизациялау үдерісі) енгізуі;
3) 1-шарт - ЖСН және пароль арқылы Порталда, тіркелген қызмет алушы деректерінің тұпнұсқалығын тексеру;
4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болғандығына байланысты, Порталдың авторизациялаудан бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыруы;
5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызмет алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұраныс нысанын шығару және де пішімді талаптарының және оның құрылымын ескере отырып, қызмет алушының нысанын (деректерді енгізу) толтыру, Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген қажетті құжаттарының электрондық түріндегі көшірмелерін сұраныс нысанына бекіту, сондай-ақ сұранысты куәләндіру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін алуы;
6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасын) тексеру;
7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты сұратылып жатқан қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастыру;
8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін ЭҮШ арқылы қызмет алушының ЭЦҚ куәләндырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарын (қызмет алушының сұранысы) ЭҮАШ АЖО жолдау;
9) 3-шарт - көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін қызмет алушының Стандартта көрсетілген қоса берген құжаттарының сәйкестігін және негіздемелерін тексеруі;
10) 6-үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарламаны қалыптастыру;
11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысаны бойынша хабарлама) алуы. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәләндырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеті осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес 1-диаграммада көрсетілген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекеттестігі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес рәсімдер реттілігі сипаттамасы бизнес-үдерістер анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет
регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іске қосылған ақпараттық жүйелерін функционалдық өзара іс-әрекеттері графикалық нысанының диаграммасы
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім
алушылар мен тәрбиеленушілердің
жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген
тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет
регламентіне 2-қосымша
«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Құжаттарды қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізеді
(15 (он бес) минут)
Келіп түскен құжаттармен танысады және жауапты орындаушыға жолдайды
(1 (бір) жұмыс күнінен артық емес)
Анықтама немесе дәлелді бас тарту туралы жауапқа қол қояды
(3 (үш) жұмыс күнінен артық емес)
Анықтама жобасын дайындайды
Дәлелді бас тарту туралы жауап дайындайды
Дайын нәтижені береді
ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-әрекеттің) атауы;
- келесі рәсімге (іс-әрекетке) өту;
Достарыңызбен бөлісу: |