Тур анимациядағы аниматорларға қойылатын талаптар кәсіби талаптар құқықтары



бет1/2
Дата07.01.2024
өлшемі22.42 Kb.
#488588
  1   2
13 сұрақ анимация


  1. Тур анимациядағы аниматорларға қойылатын талаптар кәсіби талаптар құқықтары

Туристің бұл отельге екінші рет келуге деген ынтасы сол қонақ үйдің барлық қызметкерлерінің кішіпейілділігі мен өз ісінің маманы болғандығына өте қатты байланысты. Ал туристердің осы қысқа мерзім ішіндегі демалыстың есте сақталуы қаншалықты екендігі аниматор мамандардың квалификациясына байланысты.
Аниматор деген түрлі идеяларды ойлап табушылар, оларды қонақтардың іші пыспас үшін жұмысқа алады. Бір сөзбен айтқанда, аниматор –бұл бұқараның көңілін көтеріп, олардың көңіл-күйін жоғары деңгейде сақтап отыратын адам. «Анима» сөзі латын тілінен аударғанда «жан», «рух» дегенді бекерге білдірмейді.
Аниматор – бұл өзіндік артист және оның барлық іс-әрекеті күнделікті, әр минут сайын, тәулігіне он бес не одан да көп сағат толық күш салуды қажет етеді. Бұндай белсенді әрі қиын ритмді әркім көтере алмайды, сондықтан аниматордың жұмысын жақсы ұйымдастыруы өте маңызды. Жақсы аниматор – бұл кез келген іс-шараның жетістігінің теңдей жартысы.
Барлық дерлік қонақ үйлердегі аниматорларға қойылатын жалпы талаптар:
- Отбасылық көңіл-күй құра білу;
- Қонақжайлылық және жымию,
- Кез-келген қонақпен байланыс орнату;
- Ойын-сауықтың барлық түрлерін меңгеру;
- Ағылшын және тағы бір шетел тілінде сөлей білу;
- Жақсы білімді, сенімділік, таланттылық, тәртіптілік пен шынайылық;
- Топта жұмыс істей білу;
- Жұмыс ауысу барысында әр түрлі қонақ үйлердегі анимациялық әдістерді жылдам меңгеру;
- Жұмыс рахат әкелуі тиіс;
- 30 жасқа дейінгі азаматтар (бойдақ немесе тұрмыс құрмаған)
- Шылым және наркотик қолданбайтын азаматтар;
- Психикалық және физикалық денсаулығы жақсы, созылмалы ауруларсыз және күнге аллергиясы жоқ адамдар.
Соңғы талап маңыздыларының бірі болып табылады, себебі жағажайлық қонақ үйдегі аниматордың жұмыс уақыты таңғы 9-дан түнгі 1-ге дейінгі аралықта, яғни көбіне күн көзнде жұмыс істеуді қажет етеді.
Аниматор жетекші біріншіден зиялы, харизмасы бар, сөз қоры мол болу керек, жақсы қалжыңдай алу керек және ең маңызды қасиетті - кештің бірінші минутынан аяғына дейін қонақтардың көңілін аударып, соны ұстап тұра алу керек. Шараларды басқарудың бүге-шүгелері туралы әрі қарай жалғастыруға да болады. Мысалы, шараларды жүргізуде ең бастысы - тек тәжірибе. Тек соның арқасында қажетті шыңдарға жетуге болады. Жүргізушінің сырт келбеті де сондай-ақ маңызды. Мерекелік кешті зиялы, талғаммен киінген, сондай-ақ өз ісін жақсы білетін адам жүргізгені бәріне ұнайды. Негізгі тапсырма - шараны өткізуге мұқиятты түрде дайындалу.Жургізушілер сценарийлердегі әдеттегі үлгілерді қолданудан аулақ болуға тырысуы керек. Жүргізуші әр шараны ұмытылмас етуге, қонақтардың жүректерінде сол кеш туралы жақсы естелік қалдыруға міндетті.Шебер жүргізуші шиеленіскен жағдайды жоя алады, қалжыңның арқасында кез келген ыңғайсыз, әсіресе жанжалды жағдайдың пайда болуын уақытылы байқап, оның дамуын әр уақытта тез тоқтата алады. Өз-өзін сыйлайтын жүргізуші немесе түрлі форматтағы шараларды өткізе алу керек. Әрине әр адамның өз қалауы бар, бірақ сипаты жағынан, жанры жағынан, специфика жағынан түрлі шараларды өткізе алу керек.
Алайда, барлық анимациялық қызмет менеджерлері ұстанатын ортақ талаптар бар. Ол ең алдымен аниматорлардың жеке қасиеттеріне қойылады:
- Коммуникабельділігі, адамдармен тез тіл табыса алауы;
- Табиғи туа біткен көшбасшылық;
- Әртістік қабеліттер;
- Төзімділік;
- Жауапкершілік;
- Интеллигенттік;
- Дипломаттық;
- Такттілік;
- Тәртіпке бағыну.
Осы салада істеймін деп шешкен адамдар, көрікті және шығармашылық адамы, шет тілдерін білетін,

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет