Жалпы бiлiмдер пәндерi– 2 кредит



бет1/6
Дата27.06.2016
өлшемі389.5 Kb.
#160489
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

"ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ І" РМҚК



СМЖ-нің 3 деңгейлі құжаты


« » 20 ж №1 басылым

Ф 042-05.1.10.03-2011-01

Эллективті пәндер каталогы





Бекітемін

ОЖ бойынша проректор _________ Б. Рскелдиев

«____» _____________ 2012 жыл
ЭЛЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ

Мамандық 5В070200 – Автоматтандыру және басқару





№ п/п

Пәннің коды

Циклдер және пәндер атаулары.

Пәннің қысқаша мазмұны






1

2

3




Жалпы бiлiмдер пәндерi– 2 кредит




1

Pci 0101

Психология

Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3.



Прекреквизиттер - студенттер мектепте жалпы және кәсіптік білім беретін мемлекеттік стандарт бағдарламасы бойынша : Адам анатомиясы, Биология, Валеология, Адам және коғам, Жанұяның этикасы мен психологиясы деген арнайы пәндерді окып үйренеді.

Постреквезиттер- жоқ.

Оқыту мақсаты: Психология - өмірлік құбылыстар жүйесі ретінде. Психологияның негізгі категориялары. Психика мен адам миы. Психолгиялық процестердің сипаттамасы және жеке тұлға күйі. Келешек мамандық іс-әрекеттегі психологиялық білімнің маңызы.

Қысқаша мазмұны: Психологияның негізгі категориялары. Психика мен адам миы. Психолгиялық процестердің сипаттамасы және жеке тұлға күйі. Келешек мамандық іс-әрекеттегі психологиялық білімнің маңызы.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: жалпы психололгияның негізгі түсініктерін, психологиядағы бар әртүрлі бағыттар мен теориялардың мазмұнын, бүгінгі психикалық процесстердің теориялық және қолданбалы ерекшеліктерін, педагогикалық процесте тұлға мен ұжымды зерттейтін негізгі әдістерін біледі.

Іскерлігі: оқыту және тәрбиелеуге тікелей немесе жанама қатысы бар бір жүйеге келтірілген психология ғылымының жалпы ұғымдарын студенттер менгеруі керек, психологиялық көріністі психологиялық зандылықтарға негіздей отырып талдау.

Дағдысы: тұлғаның өзін-өзі дамыту деңгейін, кәсіби дағдыларын жетілдіруде психологиялық зерттеу әдістерін практикада пайдалану.

Құзіреттілігі: студенттер өздігінен жұмыс істеу кабілеттерін арттырып, қажетті әдебиеттерді оқып үйреніп, өзіндік ептілігі мен білімін көрсетулері керек.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А. Бураханова




2

Cam 0102

Өзін-өзі тану

Кредит саны- 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны-3.



Прекреквизиттер - жоқ.

Постреквизиттер - жоқ.

Меңгеру мақсаты: Жеке тұлғаның психологиялық, рухани, тәндік, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізу.

Қысқаша мазмұны: Пән жеке тұлғаның санқырлы қасиеттерін ашуға, жеке және қоғамдағы өмірінің мағынасының потенциалын ашуға, өмірде орнықты жол табуына мүмкіндік береді, сонымен қатар маман ретінде қалыптасуына көмек жасайды.

Бақыттың кілті өз қолыңда. Студенттік өмір қайталанбас сәт. Менің жан дүнием. Менің жүрек қалауым. Болашақ бүгінненн басталады. Адам тарих ағымында. Адами құндылықтар. Тілдесу мәдениеті. Өзара түсіністік. Ата-ананың қара шаңырағы. Махаббат шуағы. Мен және сен. Өмір әдебі. Әлем, неткен әсем ең.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: адамгершілік құндылықтар және өмір, Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік, парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;

Іскерлігі: өзінің мінез-құлқын, физикалық және психикалық жағдайын еркін басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы әдеттерін көрсете алады, күнделікті өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алады.

Дағдысы: өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік мәнін түсіне отырып, өзара адами қарым-қатынастарды тани алу және оны бағалай алу дағдысы.

Құзыреттілігі: нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мәселелер шешіміне іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушысы Т. Кейкова




3

Kul 0103

Мәдениеттану

Кредит саны- 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3.



Прекреквизиттер – жоқ.

Постреквезиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Мәдениеттанудың қазіргі жағдайы, структурасы мен құрамы; мәдениеттану жүйесіндегі философия, социология және мәдениеттату тарихы; әлемнің мәдениеттік картасы; мәдениеттің типологиясы, этникалық және ұлттық, элитарлық және жалпылық мәдениеттер; мәдениеттің шығыстық және батыстық типтері; Қазақстанның әлемдік мәдениеттегі алатын орны; мәдениеттің табиғатқа әсері; жеке адамның қалыптасуындағы мәдениеттің алатын рөлі.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: мәдениеттану жүйесіндегі философия, социология және мәдениеттату тарихы; теориялық және қолданбалы мәдениеттатудың негізгі ұғымдары;

Іскерлігі: теориялық және қолданбалы мәдениеттатудың негізгі ұғымдары; цивилизация, мәдениеттің морфологиясы, мәдениеттің функциясы, мәдениет субьекті, культурогенез, мәдениет динамикасы,мәдениет тілі мен символы, мәдениетаралық коммуникация;

Дағдысы: Мәдениеттанудың қазіргі жағдайы, структурасы мен құрамы; мәдениеттану жүйесіндегі философия, социология және мәдениеттату тарихы; әлемнің мәдениеттік картасы;

Құзіреттілігі: Қазақстанның әлемдік мәдениеттегі алатын орны; мәдениеттің табиғатқа әсері; жеке адамның қалыптасуындағы мәдениеттің алатын рөлі.

Бағдарлама жетекшісі: оқытушы Т. Кейкова.




4

Ped 0104

Педагогика

Кредит саны-2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны-3.



Прекреквизиттер- жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы.

Постреквезиттер- 4 курстағы пед. практика.

Оқыту мақсаты: студенттерге кәсіби іс-әрекеттеріне қажетті педагогикалық білімнің негізін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Педагогиканың теориялық негіздері; тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі; дидактика; білім беру теориясы мен оқыту теориясы; ҚР-ң білім беру жүйесі, басқарудың педагогикалық негіздері мен бектептің іс-әрекетіне басшылық. Қоғамның әлеуметтік экономикалық жаңаруы кеңестік дәуірдің барлық саласына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бұл білім беру саласына да әсерін тегізді. Аталған курс педагогиканың белгілі бір мәселелерін толықтырады. Дәріс курсы мүғалімнің кәсіби дайындағымен және педагогикалық іс-әрекетіне, ұстаздың педагогикалық процеске, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды шығармашылықпен және ізгілік демократиялық идеясымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұнына шығармашылық ізденісті күшейтуге, білім берудің жаңа технологиясын ендіруге қазіргі тенденция ескерілді.

Күтілетін нәтиже:

Білімі: педагогикалық ғылымдар жүйесі туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; педагогикалық зерттеу әдістерін; педагогика ғылымының категориялық құрылымын біледі.

Іскерлігі: педагогикалық жағдайларға талдау жасай біледі.

Дағдысы: педагогиканың заңдылықтары мен принциптерін қолдана білу.

Құзіреттілігі: педагогикалық білімін кәсіби әрекетінде қолдана алады.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы А.Бураханова.




5

DGYa 0105


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет