Жалпы дене дайындығы – спортшы ағзасын шыңдауға және дамытуға бағытталған: барлық мүшелер мен жүйелердің қызметтік мүмкіндіктерін дамыту, қозғаушы бұлшықеттерді дамыту, дене қасиеттерін талап денгейіне көтеру. Бұл міндеттерді шешу үшін әртүрлі дене дамыту жаттығулары қолданылады.
Жаттығушы ағзасында дене қасиеттері жеке дами алмайды. Олардың әрқайсының даму денгейі келесінің, ал келесі өз кезегінде одан кейінгінің даму денгейіне байланысты болады. Мысалы, жылдамдықты арттыру жүгерумен дамытылса, ондағы күш алу бұлшық еттің қызметіне тәуелді. Ал орнынан ұзындыққа секіруде ептілікті дамыту мақсатталса, бастапқы екпін алу әдісі күштілік қасиетіне тәуелді.
Жалпы дене дайындығы баскетболшының тәсілдік шеберлігінің артуына ықпал етеді. Спортшыға қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларының көпшілігі бұрынан бар қасиеттер негізінде қалыптасады. Сондықтан да спортшының қимыл-қозғалыс тәжірибесі қаншалықты бай болса, ол баскетбол тәсілін соншалықты меңгереді, тәсілдік шеберлігі де соншалықты жоғары болады. Қимыл-қозғалыс тәжірибесі тек дене дайындығы процесінде, баскетболшы әртүрлі дене жаттығуларының тәсілін меңгергенде ғана жинақталады.
Жалпы дайындық бәрінен бұрын спортшының органдары мен ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін арттыратын және оның денсаулығын нығайтатын жалпы дамыту сипатындағы жаттығулардың әсерінен қалыптасады.
Жалпы дайындық жаттығулары спортшының басымырақ жалпы дайындық құралы болып табылады. Бұлардың қатарында барынша әртүрлі жаттығуларды пайдалануға болады, яғни өзінің әсер ету ерекшелігі бойынша арнайы дайындық жаттығуларына жақын, сонымен бірге олардан елеулі айырмаланатын (оның ішінде қарама-қарсы бағытталғандары).
Жалпы дайындық жаттығуларының маңызы көптеген спорт түрлерінде, әсіресе өсіп келе жатқан спортшылардың жаттығуында жиі бағалана бермейді. Жекелеген мамандар көпжылдық жаттығудың барлық кезеңдерінде арнайы дайындық көлемін тез арттырады және жалпы дайындық көлемін қысқартып, жас спортшылардың жаттығуын жеделдетуге әкеледі.
Жалпы дамыту жаттығуларының нәтижелерді көтеруге әсері жанама түрде болып табылады, мамандандырылған құрал (жарыстық және арнайы дайындық жаттығулары), бірінші жағынан, нәтижені арттыруға барынша тікелей әсер етеді. Басқа жағынан, жеткілікті емес дәрежеде нәтиженің артуы, немесе жоғары нәтижелер сатысында олардың өсуінің тоқтауы, сонымен бірге спортшының артық жарақаттануы жаттығуда, әсіресе жаттығуды жаңадан бастаған кезде жалпы дене дайындығы жаттығуларының жеткіліксіз көлемде берілуіне байланысты болады.
Дегенмен, жалпы дамыту жаттығулары, сонымен бірге, спорттық маманданудың ерекшеліктерін көрсетуі тиіс екенін есте ұстаған дұрыс. Әртүрлі дене жаттығуларының арасында әртүрлі дене сапалары мен қозғалыс дағдыларының оңды және теріс “тасымалдау” заңдылықтарына себепші болған оңды және теріс қарым-қатынас болуы мүмкін.
Осы бір себептің өзімен жалпы дене дайындығының құралы әртүрлі спорттық пәндерге бірдей болуы мүмкін емес. Кейбір ұқсастықтармен қатар бұл құралдардың құрамының әрбір нақтылы жағдайда өзінің ерекшелігі болуы тиіс. Бұған жаттығу жүйесі құрылымында орын алатын оларды таңдап, іріктеу кіреді.
Жалпы дайындық жаттығуларын жаттығу жүйесіне ендіру әдетте оның жалпы әсерлілігіне мүмкіндік туғызады.
Жалпы дене дайындығының шамадан тыс машықтанудың алдын алуда және ұзаққа созылған арнайы машықтануларда сабаққа деген қызығушылықтың жоғалуына жол бермеуде ЖДД тиімді амал болып есептелетінін есте сақтаудың маңызы зор. Баскетболдың арнайы жаттығуларынан құрылымы мен сипаты жағынан дене жаттығуларының уақтылы ауысып отыруы жүйке жүйесіне игі әсер етеді, жоғалтқан күшті тез арада және толық қайта қалпына келтіруге көмектеседі, сондықтан да қарқындылығы мен көлемі жағынан ауыр келетін машықтану және жарыс жүктемелері жеңіл мүмкіндік береді, ал ондай жүктемелерсіз бүгінгі күндері жоғары спорттық шеберлікке қол жеткізу мүмкін емес.
Арнайы дене дайындығыбаскетболшыларға тән арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған және ойынның әдіс-тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен баскетболдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады.
Арнайы дайындық таңдаған спорт түрінде бұлшық ет қызметінің нақтылы түрін орындау барысында алынады.Арнайы дайындық жаттығулары – жарыстық қызметтің элементтері, олардың байланыстары және түрлері, сонымен бірге олармен түр немесе көрінетін қабілет сипатымен елеулі ұқсас қозғалыстар мен іс-әрекеттер кіреді.Арнайы дайындық жаттығуларының құрамы шешуші деңгейде таңдаған спорттық пәннің ерекшелігімен анықталады. Жаттығулар спортшыға қажетті дене қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыруды жетілдіруге көбірек бағытталған бөліктермен әсер етуді қамтамасыз ету есепке алынып іріктеліп алынады және құрастырылады.Көптеген арнайы дайындық жаттығуларының ішінде нақтылы қойылған міндетті шешу үшін жаттықтырушы тек қана жаттығуларды теріп алуы ғана емес, сонымен бірге бөліктерден, элементтерден, қозғалыс тізбегінен жаңаны жасай білуі тиіс. Бұл үйлесімділігі, күш салуы, сипаты, амплитудасы, жағынан басқа да ерекшеліктерімен жарыстық жаттығулармен ұқсас жаттығу болуы мүмкін. Алайда, барлық жаттығу құралдары шұғылданушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп іріктеліп алынуы тиіс. Олардың біреулері спортшының бұрыннан күшті жағын одан әрі жақсартуы тиіс, ал басқа құралдары жекелеген артта қалған әдістік әрекетті немесе дене сапаларын көтеруі тиіс.
ФИЗИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
Денешынықтыру дайындығы спорттық жаттықтырудың негізі болып таблады. Спортшының физикалық сапаларының қалыптасуына мақсатталған үрдіс. Бұл сапалар: күш, шыдамдылық, майысқақтық, жылдамдық қабілеттері.
Физикалық мәдениеттің негізгі қаржысының қозғалысы жаттығуының қозғалыс – ол физикалық трренировкасы. Жаттығудың мағынасы физиологиялық, биохимиялық, морфологиялық өзгерулердің дамуы, бірнеше қайталанатын жұмыстың әсерінен пайда болуынан немесе басқадай активті түрлеріне байланысты жәнеөзгерілетін жүктемесі, және функционалдық пен құрылымдық ресурстар бойынша.
Тренировканың барысында организмнің жұмыс қалыптасуының динамикасы болады, бірақта ол өзгеруін сипаттайды, жаттығу процесінде организмде өзгерістер және организмнің сапалы мұрагерлік организміне қайтару әдістері мен дамуы және жетілдіруі бойынша тренировка процесінің әр түрлі жолдары мен динамикасы.
2.Жеке тазалық өзінің құрамына орынды тәулік режимді еңгізеді, дене күтімін, киімнің және аяқ киімнің тазалығын, күн тәртібіне ерекше мән береді. Оны дұрыс және қатаң сақтағанда организнің қызмет етуіне дәл режим тудырады. Бұл өзінің кезегіне ерекше жағдай жасайды, жұмыс істеуіне қалпын келтіруіне, сонымен қоса денсаулықты сақту қабілеттілігін нығайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға. Еңбек өнімділігі үздіксіз бұзылуы сабақтың, сергектенудің, ұйқының төмендеуіне және басқадай жарамсыздық оқиғаларға әкеледі. Оқушылардың басым көпшілігінде ең максималды жұмыс қабілеттілігі болуы үшін, бекітілген: сағат 10 – 12 және 16 – 18 аралығында. Дәл осы уақытта ең жоғарғы жұмысты аз шығынмен орындауға болады. Күн тәртіп кестесін құрастырғанда оның ерекше нұсқауларын сақтау қажет: белгіленген уақытта әртүрлі қызметтің түрлері бойынша орындалуы, жұмыс пен демалыс уақытының дұрыс алмасуы, уақтылы тамақтануы. Таңертеңгі уақытта сылббыр иінез көрсетеді, көбірек ұйқтағысы келеді, «Бозторғайлар» ерте жатып ұйқтағанды ұнатады. Олар ертемен есесіне аяғына нық тұрады және белсенді ақылды түрде еңбек етуге дайын.
Демалудың ең негізгі толық ұйқыға және еш нәрсемен айырбасталмайтын көңіл бөлу қажет. Тұрақты ұйқының қанбауы қауіпті: Себебі нерв жүйесін жүдетуге әкеледі, организмнің қорғаныс күшін әлсіретеді, жұмыс қабілеттілігінде төмендетеді, көңіл – күйін нашарлатады. Ұйқының ең кең таратылған бұзылуы – ол ұйқысыздық. Ол нерв жүйесінің тозуына байланысты болады, ұзақ мерзімді жұмыс қызуында, қобалжушылықта, шулы ойында және ұйықтар алдындағы оқудан. Ұйқысыздықтан ұйқтататын дәрілерді пайдалануға сенім дұрыс емес. Дұрыс уақтылы ұйқыны жасау үшін, ережелерді орындау қажет қажет. Біріншіден, белгіленген бір уақытта ұйықтау қажет, түнге қарай көп тамақтанбау және су ішпеу керек. Ұйықтар алдында өзіңіздің режиміңізге қыдыру – таза ауада демалуды енгізу қажет. Тыныш жағдайда (свет сөндірілген, радимен, телефонды) тұрақты қалыптасқан тәртіп бойынша ұйқыға дайындалу миды түнгі демалысқа жақсы дайындайды. Ауасы тазаланған бөлмеде міндетті түрде ұйықтаңыз, ашық форточкада ұйықтаған тіпті жақсы.Зерттеудің өзектілігі.
Жасөспірім боксшылардың – күш жетілдіру
дайындығы мүлтіксіз методикалық бағытта болу үшін жарыс қызметінің
өзгешеліктерімен сәйкес болу керек. Ол үшін неғурлым келешегі бар
техникалық қызмет түрін әр салмақ категориясындағы боксшыларға нәтижелі
жылдамдық – күш жетілдіру дайындық бағдарламасын анықтап беруді ұсынады.
Жылдамдық – күш жетілдіру дайындық әдістеме бағытын таңдауда нәтижелі
методикалық өңдеу кезінде жеке шабуыл арсеналы мен қорғану қызметін қолдана
отырып белгілі бір спорттық нәтиже деңгейіне жеткен боксшының еңбегін
ұмытпаған жөн.
Әр спортсменге комплекстік жаттығу таңдау кезінде көбінесе өзі жақсы
көретін әдіс-тәсілдері мен ұқсас болуын ұсынады. Соған байланысты сол
спортсменге дайындық жоспарын құрғанда, айла-тәсілдерін қолданғанда
жылдамдық-күш жетілдіруде, көп жұмыс істейтін бұлшық ет топтарына
ыңғайлайды.
Жасөспірім боксшылардың жылдамдық-күш жетілдіру сапасын арттыруда
әртүрлі жаттықтыру әдісін жекеше нәтижеге жетуін қадағалауды ұсынады.
Боксшыларды дайындаудың қазіргі жүйесі жан – жақты шыныққан, жұмыс
қабілеті жоғары боксшыларды талап етеді.
Бокстағы келесі мәселелердің бірі, жас боксшылардың жарыс алдындағы
дайындық кезеңінде, спорттық шеберлігін жоғары деңгейге көтеретін тиімді
жолдарды іздестіру.
Жас боксшылардың дайындық кезеңіндегі олардың дайындықтары туралы,
сондай – ақ жалпы және арнайы дене дайындықтары көрсеткіштерінің
ақпараттылығы туралы жұмыстар өте аз, тіпті жоқтың қасында деуге болады,
сондықтан да бұл осы жұмыстың көкейкестілігін анықтайды.
Зерттеудің нысаны.10-13 аралығындағы жас боксшылардың дене
дайындығының әдістемелік негіздемелерімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңдағы
жаңа ғылымилық–әдістемелік тұрғыдан қарастырылған бағдарламаны оқу–жаттығу
барысында қолдану, жас боксшылардың арнайы физикалық деңгейлерін
жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты.
Жас боксшылардың арнайы физикалық дайындықтарын жетілдіру жолдарын
көрсету. Қазіргі таңдағы жаңа ғылымилық–әдістемелік тұрғыдан қарастырылған
бағдарламаны оқу–жаттығу барысында қолдану, жас боксшылардың арнайы
физикалық деңгейлерін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жас боксшылардың оқу–жаттығу барысында ерекшеліктеріне қатысты ғылыми,
оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және боксшылардың арнайы
физикалық дайындығын жетілдірудің негізгі жолдарын талдау.
2. Жас боксшыларды дайындаудың арнайы физикалық дайындығының әдістемесін
құрастыру.
Зерттеулердің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: Зерттеу барысында
жас боксшыларды дайындағанда қолданылатын дене жаттығулар жүйесі әзірленіп
ұсынылды.
Зерттеудің практикалық құндылығы:
Зерттеудің практикалық маңыздылығы жас боксшыларды айналма жаттығулары
арқылы дене жаттығуларын арттыруды зертеу болып табылады. Зерттеу барысында
алынған материалдарды сараптау Қ.Р. дене тәрбиесі және спорт саласындағы
боксшыларды іріктеу орнын ғылыми- педагогикалық тұрғыдан негіздеуге
мүмкіндік береді, білімді кеңейтеді.
— айналмалы дене жаттығулары арқылы оқушылардың дене және күш дайындығын
жетілдіру;
— күш пен төзімділіктің беріктігі жақсы нәтиже беруінің спорт түріне
сәйкестігі;
Зерттеу базасы. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі
Зерттеу объектісі:Жас боксшылар.
Зерттеу пәні: Жас боксшыларды бағдарлау және шынықтыру.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік
әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау әдістерін
өткізу.
Дипломдық жұмыстың құрастырылу құрылысы: жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімдерінен тұрады.
1. Боксшының функционалдық дене дайындығына айналма жаттығуларды
қолданудың теориялық негіздері
1. Боксшының функционалдық дене дайындығының негіздері
Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4
қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді. Жеңіс көп ұпай еншілеген
боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті
жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас
тартқан жағдайларда беріледі. Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға,
баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке
— ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.
Салмақ дәрежелері
XIX және XX ғасыр басында салмақ дәрежелерді таптарға бөлу негізі
қаланды. Негізгі себеп — ауыр боксшы әрқашан жеңілге қарағанда басымырақ
болғандығы. Салмақ дәрежелерді таптарға бөлу АҚШ пен Англияда орын алған.
Қазіргі кезде кәсіпқой бокста 17 түрлі салмақ дәрежесі бар. Бүкіләлемдік
Бокс Кеңесі (ББК — WBC) енгізген салмақ дәрежелері:
cruiserweight (крейсер салмағы, бірінші ауыр салмақ) — 190 фунт (86,2 кг,
ақырында төменгі шегін 200 фунтқа немесе 90,7 кг-ға дейін көтерген, кейде
super cruiserweight — 195 фунт немесе 88,5 кг салмақта да жекпе-жек
өткізілген);
super middleweight (суперорташа немесе екінші ауыр салмақ) — 168
фунт (76,2 кг);
super welterweight (немесе light middleweight — екінші жартылайорташа
немесе бірінші орта салмақ) — 154 фунт (69,9 кг);
super bantamweight (немесе junior featherweight — екінші жеңіл немесе
бірінші жартылайжеңіл салмақ) — 122 фунт (55,3 кг);
super flyweight (немесе junior bantamweight — екінші ең жеңіл немесе
бірінші жеңіл салмақ) — 116 фунт (52,6 кг);
light flyweight (немесе junior flyweight — бірінші ең жеңіл салмақ) —
108 фунт (49,9 кг);
strawweight (немесе minimumweight — ең аз салмақ) — 105 фунт (47,6 кг)
Әуесқой бокста басқа жүйе істейді, соған сәйкес боксшылар 11 түрлі
салмақ дәрежесіне бөлінеді (ресми түрде кг-мен белгіленгендіктен бұл
жердегі аттары шартты түрде берілген):
аса ауыр салмақ (91 кг-нан жоғары);
бірінші ауыр салмақ (91 кг);
жартылай ауыр салмақ (81 кг);
екінші орташа салмақ (75 кг);
бірінші орта салмақ (69 кг);
жартылайорта салмақ (64 кг);
жеңіл салмақ (60 кг);
жартылайжеңіл салмақ (57 кг);
жеңілірек салмақ (54 кг);
ең жеңіл салмақ (51 кг);
ең аз салмақ (48 кг).
Соққылар түрлері
Бокстағы негізгі соққылар түріне:
тура соққылар (джеб, кросс);
жанынан соққы (хук, свинг);
төменнен соққы (апперкот) — жатады.
Дене қуатының қасиеті, қозғалыс қасиеті деген терминдер,
ұғымдарарнайы оқу кітаптарында бір мағынада пайдаланылады. Олар адамның
қозғалыс мүмкіншілігінің әрекетті жағын көрсетеді. Дене қуаты
қасиеттеріадам қозғалғанда, дене қуатын көрсеткісі келгенде пайда болады.
Адам жайтыныштық күйде болғанда біз білмейміз ол қаншалықты күшті, жылдам
немесетөзімді екенін. Ол қозғалып аспа темірде тартылса қаншалықты күшті
екенін, кеңістікте бір уақыт аралығында жылдам қозғалса жылдам екенін,
қарқыныназайтпай үзақ жүгіре алса төзімді екені көрінеді. Яғни, дене қуаты
қасиеттеріадам денесінде белгілі бір деңгейде сақталып тұрады. Ол қозғалған
кезде, денеқуаты деңгейін көрсеткісі келген кезде біз білеміз ол адамның
қаншалықтыкүшті, жылдам, төзімді екенін. Спортшы дене жаттығуларын тұрақты
орындауарқылы дене қуаты қасиеттері деңгейін жоғарылата алады. Ол
солжоғарылатқан деңгейде адам денесінде, санасында сақталып тұрады.
Әринеспортшы әрекет жасап, ол дене қуаты қасиеттерін тұрақты деңгейде
ұстапотырмаса ол қасиеттер төмендейді, егер тұрақты өмір бойы
жүйеліжаттықтырулар арқылы шұғылданып отырса жаттығу техникасы секілді
денеқуаты қасиеттері де адам денесінде, санасында сақталып тұрады. Адамның
денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталыптұрып, ол қозғалғанда,
әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді денеқуаты қасиеттері дейміз
[1,36б.].
Ол қасиеттер міндетті түрде адам сол дене қуаты қасиеттерінің
деңгейінкөрсеткісі келіп әрекет жасағанда толық деңгейде көрінеді. Мысалы,
спортшыкүш деңгейін көрсеткісі келіп ауыр штанга көтерді, аспа темірде көп
тартылды, жылдамдық деңгейін көрсеткісі келіп 30 метрге тез жүгірді,
төзімділік деңгейінкөрсеткісі келіп 3 шақырымға жүгіріп аз, жақсы уақыт
көрсетті т.с.с.
Осы дене қуаты қасиеттерінің деңгейін көтеру, дамыту, тәрбиелеу арқылы
ғана біз дене тәрбиесі мен спортта жақсы нәтижеге жетеміз. Мысалы,
волейбол ойынындағы маңызды техника тәсілі шабуыл соққысын орындау,
жоғары көтерілген допты соғу үшін, спортшының секірген кездегі қолы тордың
үстінен ең аз дегенде 20-30 сантиметр жоғары шығу керек. Ол үшін міндетті
түрде аяқтың секіру, серпін жасау күшін дамыту керек болады. Сондықтанда
біз дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде қозғалыс техникасын үйретумен
қатар дене қуаты қасиеттерін дамытуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі, спорт
түрлерінің жаттықтырушылары, сауықтыру дене тәрбиесімен, қолданбалы дене
тәрбиесімен айналысатын мамандар, спорт нұсқаушылары дене қуаты қасиеттерін
дамыту, тәрбиелеу амалдарын, әдістерін, әдістемелерін, әдістемелерді жас
ерекшеліктеріне байланыстыруды жақсы білуі, іс-тәжірибеде қолдана білуі
керек.
Жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырылған жаттығулар боксшылардың
шеберлігінің тез жетілуіне әсер етеді. Боксшы осындай жаттығуларға неғұрлым
ертерек — жастайынан дағдыланса, ол соғұрлым нәтижелі болады. Мысалы,
бокспен жүйелі жаттығуларды 10-11 жасынан бастағандар 18-19 жасында жақсы
нәтижелерге жетіп жүр.
Біздің елімізде күреспен, бокспен, тағы басқа спорт түрлерімен он
жастан бастап айналысуға болады. Бұл жастағы балалардың денесі сәмбі талдай
иілгіш кез-келген жағдайда қимылдар жасай алады. Бірақ жаттығулар жүйелі
түрде ұйымдастырылғанда ғана жақсы нәтижелерге қол жетеді.
Бокс секциясының алғашқы жұмыстары оған қатысушыларды топтастырудан,
бастарын біріктіруден басталады. Жаттығу үстінде кездесетін қиыншылықтар
мен спорттық құрал-жабдықтарын қалай пайдалану қажеттігі, киімдер, тазалық
сақтау, өзін-өзі ұстау шарттары алғашқы бас қосуларда мұқият түсіндіріледі.
Спортшылар шешінетін бөлмені, жуынатын жерді, әжетхананы, жаттығуға қажетті
құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану — тәртіптің бір белгісі. Залдың ішінде
қалай жүруді түсіндіру, сапқа тұратын орынды, жаттығу кестесін белгілеу,
тағы басқалары алғашқы күндері мұқият тәптіштеп айтылады. Мұның өзі секция
мүшелерін белгілі бір жаттығу жүйесіне дағдыландырады.
Кейде жаттығу залының есігін жасөспірім ашады. Жаттықтырушы ә
дегеннен оның бетін қайтарып, дөрекі сөйлемей, әлгі талапкердің талпынысы
болса, оны қуаттап шәкірттерінің арасына қосуға тиіс Әдетте, секцияға
келгендердің дене бітімі, күші, ықыласы әр түрлі болады. Мұны есепке алып,
ер баланың ерекшелігін ескерген жөн. Уақыт өте келе әлгі өзгешеліктер
байқалмай кетеді.
Боксшылар жан-жақты дайындықтан өтуге тиіс. Ол баскетбол, волейбол,
теңбіл допты жақсы ойнай, ұршықша үйірсе, тамаша жүзіп, конькиді, шаңғыны
жақсы тепсе, зіл батпан қара тасты көтергенде қабырғасы қайыспаса құба-құп.
Боксшы сегіз қырлы, бір сырлы болса, мұратына жеткені.
Бокстың әдіс-айлаларын меңгерудің әдістемелік жолдары мынадай:
1. Әрбір әдіс-айла жүйелі түрде үйретіліп, пысықталып, бойда жақсы
қалыптасуға тиіс.
2. Әрбір әдіс-айла үйретілген кезде оны меңгерудің жолдары мұқият
түсіндіріледі. Шабуыл жасаған кезде қарсыласыңның қандай қарсы әдіс қолдану
мүмкіндігі бары да ескеріліп, үйретіледі.
3. Әдіс-айлалар қолданған кезде жаттықтырушы қателіктерді тез байқап, оны
дер кезінде түзетіп отыруға тиіс. Әр қимылдың түпкі нәтижесі негізгі баға
болып табылады. Спортшылардың дене құрылысына, күшіне, шапшаңдығына
байланысты әрбір әдістің орындалуында кейбір ерекшеліктер кездеседі.
Мұндай әдістерге қоса қолданылатын қарсы әдістер де бірге үйретіледі.
Боксшыға тек қана оқулықта көрсетілген қағиданы бұлжытпай орындау аз. Спорт
жұлдызы атану үшін әр әдіс-айланы іскерлікпен дамыта алатындай бойда ерекше
қасиет керек. Мұндай спортшы қарсыластары үшін әрқашанда қауіпті. Мысалы,
былғары қолғаптың атақты жұлдыздарының бірі Серік Қонақбаевтың боксты әсем
өнер дәрежесіне көтергені сонша, бокстың майын ішкен мамандардың өзі
оған таңқалып, бокс профессорыдеп ат қойды.
Үлкен спортпен айналысуға бел буған адам әрқашан еңбек күнін таңертең
бойжазудан бастауға міндетті. Адамның денесі сергіп, бүкіл организмі оянып,
тезірек жұмыс қалпына келуге әсер етеді. Ол дағдыға айналып уақытты
қадірлей білуге үйретеді.
Адамның күнделікті гигиенасының өзі таңертеңгі әрекеттерден басталады.
Тұрған бойда бөлменің ауасын тазарту үшін желдеткішті ашу керек, сонан
кейін төсек-орыныңды мүқияттап жинап, дене-шынықтыру жасап, жақсылап жуыну
қажет. Әсіресе тісті тазалаудың жалпы гигиенада маңызы зор.
Таңертеңгі денешынықтыруды араға уақыт салып, жиі-жиі өзгертіп отыру
қажет. Біркелкі жаттығулар адамды жалықтырып кетеді. Бұл кешендерді
құрастыруда да ең бірінші ақылшы жаттықтырушы болмақ. Сондықтан онымен
ақылдасып, білмегенді сұраудың айыбы жоқ.
Былғары қолғаптың жас шебері күнделікті киімге де мән беруі керек.
Жеңіл, ыңғайлы әрі жылы спорт киімдері адамды сымбатты әрі әдемі етіп
көрсетеді.
Әрбір жаттықтырушы өзінің шәкіртінің әзірлігінің жан-жақты
болғандығын, жаттығу кезеңінің барлық жолында оған ерекше кеңіл бөлінуін
қамтамасыз етуге міндетті. Спортшының шеберлік деңгейі өскен сайын оның жан-
жақты әзірлігі де ерекшеленуге тиіс.
Боксшының бойындағы күш, шыдамдылық, шапшаңдық, ептілік сияқты тағы да
басқа толып жатқан қасиеттер ерекше орын алады.
Егер боксшы рингте жүргенде тепе-теңдік қалпын жақсы ұстай алмаса, оны
жақсы шебер деп айтуға болмайды. Жанталасқан шайқас кезінде бойында мұндай
қасиеті жоқ спортшы жеңіл-желпі соққының өзінен құлап қалады. Сондықтан
соққылар алмасу, жұптасып жаттығулар өткізу кезінде мұндай қасиет бірте-
бірте дамиды. Сонымен бірге оны арнайы жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Мысалы, гимнастикалық, акробатикалық жаттығулар спортшының тепе-теңдік
қалпын жақсы ұстауына ерекше әсер етеді.
Жұптасып жаттығу кезінде әрбір қимылдың, қорғаныстың спортшының шабуыл
жасауына қолайлы жағдай туғызуын байқау қажет. Егер қорғаныс кезінде тепе-
теңдік қалпы дұрыс сақталмаса дененің салмағы түскен аяқ ебедейсіз басылса,
онда жақсы қорғанып, қарсы шабуылға шығуға да мүмкіндік төмендейді.
Мұндайда қас-қағым ғана сәтке кешігу қарсыластың жағдайын жақсартады, ол
жекпе-жектің тізгінін қолына алып кетеді.
Боксшының тепе-теңдік қалпын жақсы ұстауы оның ептілігіне тікелей
байланысты. Бұл екеуінің арасындағы байланысты бірі-бірінсіз көзге елестету
қиын. Епті болу деген сөз — тез қимылдау, шапшаң қозғалу, сонымен бірге
қарсыластың ойын, көздеген мақсатын сезіну. Спорттың түріне байланысты
шапшаңдықты дамыту үшін кәсіби жаттығуларға қоса арнайы жаттығулар да бар.
Бұған көбінесе қысқа қашықтықтарға жүгіру, секіру, тағы да басқа жаттығулар
тобы жатады.
Дегенмен, әр спорт түрінің өзіндік жаттығулары бар. Бокста да солай.
Бұл — алдымен шабуыл мен қорғаныс кезіндегі соққыларды алға, артқа, оң
қапталға, сол қапталға қозғалуды қамтамасыз ететін жаттығулар. Мұнда
кеңістікте дененің тұрған қалпын өзгертіп, орын ауыстырып тұруға тура
келеді. Бұлай болмайынша, шебер спортшы атанудың өзі қиын.
Ептілікке дағдыландырудың басқа да жолдары бар. Мысалы:
а) Волейбол, баскетбол, қол добын лақтыру, түрлі бұрылыстар жасау, қолайсыз
жағдайдан допты қағып алу.
ә) Қабырғаға тақалып тұрып, бір немесе бірнеше қарсыласыңның сені көздеп
лақтырған доптарына тигізбей, жалтарып кету.
б) Жұптасып алып, бір-бірін кеудеден, қолдан, іштен алма-кезек итерісу.
в) Гимнастикалық бөренеге шығып, тепе-теңдік қалпын сақтау үшін арнайы
жаттығуларды орындау.
Рингке көтеріліп қарсыласыңмен байқау жекпе-жегін өткізу. Мысалы,
бірінші спортшы алыстан төте соққы жасайды, екінші спортшы кейін шегініп,
әлгі соққыдан қорғанады да, қарсы шабуыл жасайды. Бұл қимылдар келесі сәтте
басқаша өзгереді, бірақ жаттығу жекпе-жектерінде жаттығу кездеріндегідей
қатты соққылар жасалмайды. Мұндай жаттығулар арқылы тек қана шапшаңдық,
ептілік дамып қоймайды, спортшының батылдығы артады, реакциясы күшейеді.
Осындай жаттығу кезінде бір-бірлерін алдап үйрену, яғни жалған қимыл жасау
да өте пайдалы.
Егер осы қасиеттерді дамытпаса техниканы да, тактиканы да шебер
меңгеру қиын. Ал бұл қасиеттер меңгерілмей шеберлік шыңына жету мумкін
емес.
Әр спортшының өз ауаны болуы керек. Бұл жаттығу, жарыс кезіндегіөз
қарқыны деген сөз. Кейбіреулер жекпе-жектерді өте жоғары қарқында өткізеді,
басқалары орташа қарқын ұстайды кейбіреулерінікі баяу, тек қана мықты дәл
соққыларға негізделген. Бірақ бұл кейде қарсыласыңның өзгешелігіне,
өзіңніңжарыс кезіндегіұстамдылық жағдайыңа көп байланысты. Мысалы, сол
жарысқа дайындық барысында бірнеше килограмм салмақ қостың немесе сәл-пәл
тұмауратып, ауырып қалдың делік. Бұл, сөз жоқ, спортшы организмінің қалпына
тікелей әсер етеді.
Шыдамдылық рингте танылады. Мысалы, оның әрқайсысы үш раундтан тұрады.
Бойжазу жасалып дене қызған соң жоғарғы қарқында үш раунд өтеді, содан
кейін төрт-бес минөттік еркін жекпе-жек. Тағы да екі минөттен үш раунд
сосын сәл үзіліс бұл кезде демалуға ия болмаса қыздырынып жәй жүруге
болады. Содан соң үш раунд снарядтармен жұмыс істеу, өз көлеңкеңмен ұрысу,
жіппен секіру, тағы басқалары тоқтаусыз жалғаса береді Бір сағатқа жуық
уақытқа созылатын мұндай арнайы жаттығуларды дайындығы әжептәуір спортшылар
болмаса көтере қоюдың өзі оңай емес.
Адамды жақсы шынықтыратын — өзімізді қоршаған орта, табиғат анамыз, оның
күні мен суы, ауасы. Бұлардың барлығы қатар жүріп, бірін-бірі толықтырып
отырған жағдайда ғана дене қоршаған ортаға жақсы бейімделе алады. Кейбір
адамдардың таза ауаға шығуға мүмкіншілігі жоқ. Күнге қыздырынып, суға
шомылып, далада шешініп жүруге уақыты жетпейді. Мұндай жағдайда еңбек
ететін, жататын, жұмыс істейтін бөлменің өзі де жарап жатыр. Тұратын
бөлмені желдетіп, ауасын тазартып, белуарға дейін шешініп тастап, біраз
жүрудің өзі де организмнің шынығуына әжептәуір сеп болады. Ауамен шынығуды
15—20 градус жылылықтан бастап бірте—бірте салқындата беру қажет. Күн сайын
осылайша шынығуды бір сағатқа дейін ұзарту керек. Осылайша шыныққан
адамдарға ешқандай жыл мезгілі әсер етпейді. Ал шынықпаған адамдар ауа райы
құбылмалы кездері жаттығуға бірден қалыптаса алмайды.
Сумен шынығу ауа ваннасын қабылдағаннан гөрі тиімдірек. Сондықтан мұны
қашан жасауға болатынын жақсы білген абзал. Күн сайын таңертеңгілік тыныс
жолдарына су жүгіртіп, ауызды сумен шайғанның өзі адамды біраз сергітіп
тастайды. Егер таңертең бойжазбадан кейін душ қабылдап отырса ше? Онда
адамдар бірден ширап көңілденіп кетеді, душтан кейін денені орамалмен
ысқылау терінің қан айналымын жақсартып, бойды бірден ширатады. Егер әркім
күн сайын осылайша душ қабылдап, судың температурасын бірте-бірте
төмендетіп отырса, бойы бұған үйреніп, салқын сумен жуынғанда тері
тітіркенбейді.
Жаз айларындағы өзен-көлдерге шомылу түрлі спорт ойындарымен қатар
жүрсе, тіпті жақсы. Жағажайдағы құмның үстінде футбол, волейбол, теннис,
бадминтон ойнау әрі шынықтырады, әрі жақсы тынықтырады.
Спортшыға қажетті гигиеналық талаптардың бірі — ұйқының бірқалыпты,
тыныш әрі жеткілікті болуы. Ұйқы кезінде дене тыңаяды, шаршаған бұлшық
еттер, жүйке қалпына келеді. Ұйқының ұзақтығы адамның жасына әрі қызмет
бабына байланысты, бірақ қандай жаста немесе жағдайда болмасын жақсы
ұйықтау үшін кешкіасты үйқыға жатардан бір жарым-екі сағат бұрын ішіп,
үйқының алдында таза ауада жарты сағаттай қыдыру керек. Төсек-орынды тым
жұмсақ салмай, кеуде қуысының дұрыс қалыптасуы үшін жастықты онша
биіктетпеген мақұл. Көрпеқаптар мен ақжаймаларды ай сайын алмастырып отыру
керек.
Жүйелі түрде дұрыс ұйымдастырылған жаттығулар боксшылардың
шеберлігінің тез жетілуіне. Біздің елімізде күреспен, бокспен, тағы басқа
спорт түрлерімен он Бокс секциясының алғашқы жұмыстары оған қатысушыларды
топтастырудан, бастарын біріктіруден. Кейде жаттығу залының есігін
жасөспірім ашады. Жаттықтырушы ә дегеннен Боксшылар жан-жақты дайындықтан
өтуге тиіс. Ол баскетбол, волейбол, теңбіл Бокстың әдіс-айлаларын
меңгерудің әдістемелік жолдары мынадай:
1. Әрбір әдіс-айла жүйелі түрде үйретіліп, пысықталып, бойда жақсы 2. Әрбір
әдіс-айла үйретілген кезде оны меңгерудің жолдары 3. Әдіс-айлалар қолданған
кезде жаттықтырушы қателіктерді тез байқап, оны Боксшыға тек қана оқулықта
көрсетілген қағиданы бұлжытпай орындау аз.
Үлкен спортпен айналысуға бел буған адам әрқашан еңбек күнін Адамның
күнделікті гигиенасының өзі таңертеңгі әрекеттерден басталады. Тұрған бойда
таңертеңгі денешынықтыруды араға уақыт салып, жиі-жиі өзгертіп отыру қажет.
Былғары қолғаптың жас шебері күнделікті киімге де мән беруі Әрбір
жаттықтырушы өзінің шәкіртінің әзірлігінің жан-жақты болғандығын, жаттығу
кезеңінің Боксшының бойындағы күш, шыдамдылық, шапшаңдық, ептілік сияқты
тағы да Егер боксшы рингте жүргенде тепе-теңдік қалпын жақсы ұстай алмаса,
Жұптасып жаттығу кезінде әрбір қимылдың, қорғаныстың спортшының шабуыл
жасауына Боксшының тепе-теңдік қалпын жақсы ұстауы оның ептілігіне тікелей
байланысты.
Дегенмен, әр спорт түрінің өзіндік жаттығулары бар. Бокста да
ептілікке дағдыландырудың басқа да жолдары бар. Мысалы: а) Волейбол,
баскетбол, қол добын лақтыру, түрлі бұрылыстар жасау, ә) Қабырғаға тақалып
тұрып, бір немесе бірнеше қарсыласыңның сені б) Жұптасып алып, бір-бірін
кеудеден, қолдан, іштен алма-кезек итерісу. в) Гимнастикалық бөренеге
шығып, тепе-теңдік қалпын сақтау Рингке көтеріліп қарсыласыңмен байқау
жекпе-жегін өткізу. Мысалы, бірінші спортшы Егер осы қасиеттерді дамытпаса
техниканы да, тактиканы да шебер Әр спортшының өз ауаны болуы керек. Бұл
жаттығу, жарыс Шыдамдылық рингте танылады. Мысалы, оның әрқайсысы үш
раундтан тұрады.
Адамды жақсы шынықтыратын — өзімізді қоршаған орта, табиғат анамыз,
Сумен шынығу ауа ваннасын қабылдағаннан гөрі тиімдірек. Сондықтан мұны Жаз
айларындағы өзен-көлдерге шомылу түрлі спорт ойындарымен қатар жүрсе,
Спортшыға қажетті гигиеналық талаптардың бірі — ұйқының бірқалыпты, тыныш
Боксшылар жаттығатын зал кең әрі жарық болуға тиіс. Егер Зал боксқа қажетті
құрал-жабдықтармен жабдықталуға тиіс. Оның ортасына ринг Халықта
Ас—адамның арқауы деген даналық сөз бар. Шынында да Ендігі әңгіме
жарақаттар жайында.
Спортшы жаттығулар, жарыстар кезінде жарақаттар Әрине жарақат өзінен-
өзі болмайды. Көбінесе оның басты себеп салдарыьКейбір спортшылар
жаттығулардың жүйелілігін сақтамайды, жаттығуға бірде келіп, бірде Кейде
спорт залдың гигиенаға сай келмеуі мүмкін, алаңда коқыстың Әрбір спортшы
дәрігерлік бақылаудан жиі-жиі өтіп түруға тиіс. Жаттығуға, Бұл жарақаттарды
туғызатын алғашқы себеп-салдар ғана. Ал жарақаттанудың қандай Кейде бұлшық
еттер жаншылып зақымданады, Мысалы, рингтің керме арқандарына Спорттың кез
келген түрінде жарақат кездеседі. Сырт көзге Сондықтан жарақаттан
сақтанудың барлық талаптарын орындаған жағдайда денсаулықтың әманда 3.
КСРО кезіндегі қазақ боксының дамуы Қазақ жеріндегі бокстың дамуы соғыстан
кейін қайта жанданды. Жұдырық Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой
түрі кеңес өкіметіметімен бірге Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын
өткен ғасырдың 30 Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері
Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже Содан
кейін біраз уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде Өткен
ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі тараған тұста 1992 жылы Сиднейде өткен
Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткішке қол КСРО кезінде қазақ
боксшылары Олимпиала ойындарында үш күміс, бір 3.1. Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі қазақ боксы Тәуелсіздіктен кейін 20 жыл ішінде қазақ боксшылары
бокстан өткен 1993-2011 жылдар аралығында өткен әлем чемпионаттарында
біздің былғары қолғап Алдағы күнде қазақ бокс одан әрі қанатын кеңге жайып,
Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО
құрамына Төрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада
ойындарында Осылайша қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап
2012 жылы Лондон қаласында өтетін Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев
4.Кәсіпкой бокс Қазақстанның бокс мектебі әлемдік деңгейде әлдеқашан
мойындалған. Олимпиада ойындары Ұлы империяның шаңырағы шайқалып, еліміз
Тәуелсіздік алғаннан кейін жоғарыдағы Азия аумағындағы жарыстарда Вадим
Присяжнюк, Бақытжан Аманбаев, Талғат Түсіпов, Отандастарымыз арасынан
кәсіпқой рингте өзін түбегейлі мойындатуға ең алғаш Бүгінгі таңда
Қазақстанның екі бірдей өрені әлем чемпионы атағын Кәсіпқой бокстағы ең
белді тұлғалардың бірі – Қарағандының тумасы Былтырғы жылдың қыркүйек
айында АҚШ-қа атанған Қанат Исламның да Міне, мықтыларымыз осылар. Десек
те, алдағы уақытта олардың қатары
Боксшылар жаттығатын зал кең әрі жарық болуға тиіс. Егер залдың ішінде
қараңғы болса, жаттығу кезінде спортшылардың жарақат алып қалуы да мүмкін.
Залдың ішіндегі ауаның температурасы 15-20, ал далада жаттыққанда ауаның
температурасы 15-25 градус жылы болады. Әр жаттығудың алдында залдың едені
ылғал шүберекпен сүртіледі, терезелер ашылып, желдетіледі.
Зал боксқа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталуға тиіс. Оның ортасына
ринг құрылады, рингтің жан-жағына көбінесе бұрыш-бұрыштарға соққы
үйірілтетін қап, екі жағынан керілген серпілмелі доп, қабырға жастығы,
гимнастикалық қабырға, брусья, гантельдер, секіргіш жіптер, жеңіл штанга,
гимнастикалық ат т. б. болуға тиіс. Басқа заттар сақталатын сейф,
жаттықтырушыға арналған орын, дәрігерлік бұрыш, медициналық гір, шешінетін
бөлмелер, душ болады.
Халықта Ас—адамның арқауы деген даналық сөз бар. Шынында да бүкіл
тіршіліктің, күш-қуатымыздың қайнар көзі ас екендігіне ешкім де дауласа
қоймас. Ендеше жас спортшының тамақ режимі де, бұлшық еттердің құнарлы
витаминдерді қажетінше алып, сапа жағынан жоғары болуын қамтамасыз етуге
тиіс. Мұндай бұлшық еттер жаттығу кезінде организмге түсетін күшті жақсы
көтереді, оның қалпына келуін тездетеді.
Ендігі әңгіме жарақаттар жайында. Спортшы жаттығулар, жарыстар кезінде
жарақаттар алмай тұрмайды. Тіпті бұл салада спорттық жарақаттарды емдеу
деп аталатын медицинаның саласы да бар. Спорттық жарақаттарды емдеу үшін
алдымен оның болу себептерін, ерекшеліктерін, қандай жарақат кезінде қалай
емдеу қажеттігін де білу шарт.
Әрине жарақат өзінен-өзі болмайды. Көбінесе оның басты себеп салдары
жаттығу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырмаудан туындайды. Кейде секцияға
қатысушылардың саны тым көбейіп, зал тарлық етеді, сондықтан олар жаттығу
кезінде бір-бірімен соқтығысады, қараңғы, тар залда ретсіз тасталған құрал-
жабдықтардың өзі жарақат алуға себепші болады.
Кейбір спортшылар жаттығулардың жүйелілігін сақтамайды, жаттығуға
бірде келіп, бірде келмейді, бойжазбаны аз жасайды, сақтықты ұмытады,
кестені бұзады. Міне, осылардың барлығы да күтпеген жерден жарақат алуға
әкеліп соқтырады.
Кейде спорт залдың гигиенаға сай келмеуі мүмкін, алаңда коқыстың
жатуы, ойқы-шойқы еден, желдеткіштің жоқтығы, терезелерден желдің гулеп
тұруы, спорттық құрал-жабдықтардың талапқа сәйкес келмеуі, ауа райының
қолайсыз күндерінде жаттығу сабақтарын өткізу — жарақат алудың басты
себептерінің бірі. Мысалы, қатты аязда, боранда жүгіру, шаңғы тебу дене
мүшелерінің — құлақтың, саусақтың, башпайлардың үсуіне әкеліп соғады.
Әрбір спортшы дәрігерлік бақылаудан жиі-жиі өтіп түруға тиіс.
Жаттығуға, жарысқа дәрігердің рүқсатынсыз қатысуға болмайды. Сырқат спортшы
бойға көп күш түсірсе, денсаулықты бұрынғыдан да әлсіретеді. ал режимді
сақтамаудың қаупі де одан кем емес.
Бұл жарақаттарды туғызатын алғашқы себеп-салдар ғана. Ал
жарақаттанудың қандай түрлері бар? Соған тоқталайық. Қанайтын, қанталайтын
жарақаттар қанның көп кетуіне, ұшынуына әкеліп соғады, мұнда бұлшық ет
тканьдары, кілегей қабат бұзылады. Мұндай жағдайда бірден қанды тоқтататын
ем жасалынады, жара дәріленіп, таңылады немесе салқын зат басылып,
тамырларды тарту арқылы қан тоқтатылады. Қан аққанда бір ескеретін жай
қанды тоқтатуға қанның ұюы арқылы дененің өзі көмекке келеді. Кейде қаны
нашар ұйитын адамдар да болады. Мұны спортшының өзі жақсы біліп, жарақаттың
алдын алуға ерекше назар аударуы қажет.
Кейде бұлшық еттер жаншылып зақымданады, Мысалы, рингтің керме
арқандарына қатты жаншылғанда ет қанталап, кейін көгеріп кетеді. Мұндайда
жаншылған жерді тазалап, сутегі қышқылы араластырылған сумен сүртеді де,
йод ерітіндісін жағып, майлайды. Таңып немесе таза дәке жапсырып қояды.
Спорттың кез келген түрінде жарақат кездеседі. Сырт көзге қауіпті
көрінетін бокс бұл тізімде он үшінші орында түр. Бірақ спорттың қандай
түрімен айналыссаң да, спортшы үшін ең қажет нәрсе, ең алдымен, сақтық.
Сондықтан жарақаттан сақтанудың барлық талаптарын орындаған жағдайда
денсаулықтың әманда мықты болары кәміл.
2. Боксердың күштік-жылдамдық қасиетін дамыту жолдары
Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол
қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қуаты
қасиеттері дейміз.
Күш және оны дамыту әдістемесі. Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық,
ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күштің пайда болу
түрлері: өз күш мүмкіншілігі статикалык кезде (дене қалыбын ұстау) және
ақырын қозғалыс кезінде, күш жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам
қозғалыста пайда болады (секіру, лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спортшы күшіне
жылдамдық қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғарғы нәтижеге
жетеді. Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар
екі топқа бөлінеді: 1 Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр
түрлі спорт кұралдарының салмағы (штанга, гирлер, гантельдер т.б.),
серігінің қарсы әрекеті (қосақ жаттығулар), сыртқы ортаньң қарсылығы
(құмда, қарда, суда жүгірулер т.б.) жатады. 2 Өз салмағының ауырлығын
басқару жаттығулары (аспа темірде тартылу, еденнен итерілу, отырып тұрулар,
секірулер т.б.). Дене тәрбиесі тәжірибесінде мынандай көп тараған күш
дамыту әдістері бар: Жоғарғы күш салу әдісі.Қайталап күш салу әдісі.
Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі [2,109б.].
Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі. Жылдамдық дегеніміз — адамның
белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық
үш түрде пайда болады: 1 Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті
жылдамдығы. 2 Жалғыз қимыл жылдамдығы. 3 Қимыл жиілігі. Жылдамдық
жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке
жүйесі қалыпты жағдайда тұрған кезде беріледі. Қимыл жиілігі жылдамдығын
дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын,жарыс әдістері қолданылады.
Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет көмегі арқылы оғанқарсылық
көрсетуді күш дейміз. Күш үш түрлі бұлшық ет жұмысы тәртібінде пайда
болады:
1 Жеңу тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет жиырылады, қысқарады. Мысалы,
аспа темірде тартылу.
2 Көну тәртібі. Бұл кезде бұлшық ет созылады, ұзарады. Мысалы, аспа
темірден төмен түсу, салбырау.
3 Қозғалмайтын (статикалық) тәртіп. Бұл кезде бұлшық ет ұзындығы
өзгермейді. Мысалы, аспа темірде асылып тұрып, екі аяқты кеудеге бұрышжасай
көтеріп, бірнеше ондаған секөнт ұстап тұру.
Күштің пайда болу түрлері:Өз күш мүмкіншілігі статикалык кезде (дене
қалыбын ұстау) жәнеақырын қозғалыс кезінде пайда болады. Мысалы: еденнен
жай қарқындаитерілу, аспа темірде тартылу, шалқадан жатып кеуде көтеру
жаттығуларынжасағанда споршының өз күш мүмкіншілігін көреміз.Күш
жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам қозғалыста пайдаболады (секіру,
лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спорпшы күшіне жылдамдық қосуарқылы, жаттығуды
тез орындау арқылы жоғарғы нәтижеге жетеді. Мысалы, жеңіл атлетикадағы
диск, ядро, граната, найза лақтыру, жүгіріп келіпұзындыққа секіру
жаттығулары.
Адам денесі күштің пайда болу үрдісінде үлкен маңыз атқарады.Адамның
қозғалыста өз дене салмағын есептемей, барлық мұмкіншілігімен көрсеткен
күші абсолютті күш немесе ең жоғарғы күш деп аталады. Әр түрлі салмақтағы
адамдардың күшін салыстыру үшінсалыстырмалы күш деген ұғым пайдаланылады.
Бұл – 1 кг адам салмағына келетін күш мөлшері. Спортшылардың салмағы
өсуімен бірге абсолюттік күшіде көбейеді, ал салыстырмалы күші азаяды.
Жаттығушылар абсолюттік немесе салыстырмалы күштерді спорт түрлеріне
байланысты дамытады. Мысалы, жеке сайыстағы спортшыларға (ауыр салмақ
дәрежесіндегілер), лақтырушыларға(найза, граната) абсолюттік күш қажет, ал
гимнастарға, акробаттарға, палуандарға, жеңіл салмақ дәрежесінде штанга
көтеретін спортшыларға салыстырмалы күш керек, ол күш неғұрлым көп болса,
соғұрлым спортшылардың дене қуаты дайындығы жоғары болмақ [3,21б.].
Күшті дамыту амалдары мен әдістері
Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық, жаттығулары қолданылады.Олар екі
топқа бөлінеді:
1 Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі
спорт кұралдарының салмағы (щтанга, гирлер, гантельдер т.б.), серігінің
қарсыәрекеті (қосақ жаттығулар), сыртқы ортаньң қарсылығы (құмда, қарда,
судажүгірулер т.б.) жатады.
2 Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (аспа темірде
тартылу, еденнен итерілу, отырып тұрулар, секірулер т.б.). Ауырлық шамасьн
білу үшін спортшы неше рет көтере алатыны белгілі салмақ, қолданылады. Ол
салмақ қайталау максимумы (ҚМ) деп аталады.
Мысалы, 2 ҚМ дегеніміз – спортшы екіден артық, көтере алмайтын салмақ.
Дене тәрбиесі тәжірибесінде мынандай көп тараған күш дамыту әдістері
бар:
Жоғарғы күш салу әдісі. Бұл әдіс кезінде жаттығуларды аса ауырсалмақты
заттармен орындалады (ауыр салмақты штанганы көтеру, салмақ қосып тартылу
т.б.). Жүйке бұлшық ет аппаратының жұмысы шегіне жетеқолданылып, сол арқылы
күштің көп өсуіне мұмкіншілік береді. Алайда бұл әдіс психикалық
ширықтыруға соқтырады да, балалармен жұмыс істегенде байқап қолдану керек.
Жоғарғы күш салу әдісін қолдану сипаты мынандай: Қарсыласу шамасы
1-4 ҚМ (ауырлық көтеру шамасынан 90-100%), бір жаттықтыру сабағында 3-4
сериямен орындалады. Серия аралығында тынығу спортшы ағзасы толықбастапқы
қалпына келгенге дейін 3-5 минөтке дейін созылады. Қайталап күш салу әдісі.
Бұл әдіс екі негізгі ауырлық, шегіаймақтарына бөлінеді. Әрб1р аймақта
жаттығу әбден шаршағанша немесекөтеруге шамасы келмей калғанша орындалады.
Бұл жағдайда соңғы әрекеттерде күш түсірудің шегіне жету әсері байқалады,
жаттығуға көптеген бұлшық, еттер саны қатысып, көмектесе бастайды.
Бірінші аймақ: жаттықтыру сабағында қарсыласу шамасы 4-12 ҚМ
(ауырлық көтеру шамасынан 50-80%) 3-6 сериямен орындалады. Серияарасындағы
тынығу – 2-4 минөт. Мұнда спортшы ағзасы толық бастапқықалпына келмейді.
Бұл жерде абсолюттік күш және күш төзімділігі дамиды.
Екінші аймақ: қарсыласу шамасы 13-20 ҚМ (ауырлық көтеру
шамасынан 30-60 %), 2-4 сериядан ары қолданылады. Серия арасындағы
тынығу 2-4 минөт. Мұнда күш төзімділігі дамиды. Жаттығу өте тез
қарқындаорындалса күш жылдамдығы қасиеті дамиды.Қайталап күш салу әдісі
балаларды зақымдандырмайды, жаттығутехникасын дұрыс орындауға қөмектеседі,
зат алмасу үрдісін жақсартады, бұлшық етті өсіреді. Жеке бұлшық ет топтарын
дамыту үшін қолдануға болады.Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі.
Қатаю ұзақтығы бір келісте 6-8 секунд, күш салу шамасы 70 тен 100 % дейін.
Бір жаттықтыру сабағында 3-5 рет қайталанады, тынығу аралығы әрбір қатаюдан
кейін – 30-60 секунт. Бұл әдіспен жаттығу кезінде жоғарғы күш жақсы дамиды.
Жас ерекшеліктеріне байланысты күшті дамыту
Балалар мен жасөспірімдердің күштерінің өсу қарқыны сүйек-бұлшықет
жүйелерінің морфофункциялық өзгеруіне, организмнің жалпы биологиялық
жетілуіне, қозғалыс белсенділігі деңгейіне т.б. көптеген себептерге
байланысты. Сүйек-бұлшық ет аппараты өзінің ересектік даму шегіне 18-
20жаста жетеді. Сондықтан бастауыш және орта мектеп жасындағы
оқушылардыңкүштерін дамытуды жылдамдатуға болмайды. Статикалық
жаттығулардышектеп, жалпы қозғалыс сипаттағы жаттығуларды көп қолдану қажет
[4,59б.].
Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың күш дайындығының
негізгі міндеттері – барлық бұлшық ет топтарының үйлесімді дамуы,
дененіңтүзу, дұрыс қалпын қалыптастыру, берік «бұлшық ет құрсауын» құру.7-8
жастағы балалардың күшін жетілдірудің қарапайым амалдары: гимнастикалық
қабырғаға, сүйенбелі сатыларға өрмелеу, ұсақ доп лақтыру, секіру, жеке
сайыс элементтері бар қозғалмалы ойындар ойнау және т.б. 10-11
жастағылардың күшін дамыту талабы артады: толтырылған доппен жаттығулар,
арқанға өрмелеу, қозғалыс сипаттағы күш түсіретін қозғалмалы ойындар ойнау
т.б. қолданылады. 12-13 жаста күшті арттыру амалдарын көбейтуге болады.
Бұлжастағыларға арнайы құрастырылған, бұлшық ет топтарына арналған, ұсақ
ауырлықтармен, қозғалыс сипаттағы күш жаттығуларының кешенін беруге болады.
14-15 жастағы жасөспірімдердің денеге күш түсіретін жаттығулар жасауға
шамалары жетеді. Осы жастан бастап күшке бағытталған жаттығуларберуге әбден
болады. Осы міндеттерді орындау үшін дене тәрбиесі сабақтарында толтырылған
доптармен жаттығу, айналмалы, шеңберлі жаттықтыру, арқан тартысу сияқты күш
ойындары т.б. қолданылады. Жаттығулар динамикалық, статикалық сипаттарда
орындала береді.Абсолюттік күштің табиғи өсуі бозбалаларда 16-17 жаста,
қыздарда 10-11 және 16-17 жаста айқын байқалады. Осы кезеңдерде жүргізген
оқушылардың дене дайындығына байланысты.
Дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелгенжаттығулар
әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен тынығудың түрлерін
ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Жүктеме дегеніміз дене
тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету. Жүктеменің
шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты.Жүктеменің көлемі –
орындалған дене қуаты жұмысының саны (мысалы,10 минуттық жүгіру, жаттығуды
қайталау саны т.б.).Жүктеме қарқындылығы – ол белгілі бір уақытта дене
тәрбиесі жаттығуларын қарқынды тездете орындау. Жүктеменің ішкі және
сыртқықарқынды көрсеткіштері болады. Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс жылдамдығы
(жүгіру, шаңғы жарысы, суда жүзу т.с.с.), спорт ойындарындағы ойын қарқыны
т.б. Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері жүректің соғу жиілігі, белгілі бір
уақытта күш жұмсау өлшемі. Адам ағзасына әсер ету көлеміне байланысты
жүктеме:
– кіші (жүректің минөтіне 130 ретке дейін соғуы);
– орта (жүректің минөтіне 131 – 155 рет соғуы);
– үлкен (жүректің минөтіне 156 -175 рет соғуы);
– жоғары (жүректің минөтіне 176 -190 рет соғуы);
– өте жоғары (жүректің минөтіне 190 — нан көп рет соғуы) болып бөлінеді.
Спортшының жаттығуларды орындау, жұмыс істеу қарқынынабайланысты
жүктеме бірқалыпты және ауыспалы болып келеді. Бірқалыпты жүктеме – ол
спортшының белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы тұрақты қарқынды
жұмысы. Ауыспалы жүктеме – ол спортшының жұмысты
орындаудағы қарқындылығының өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып
өзгеруі мүмкін). Жүктеме әрқашанда тынығумен кезектесіп отыруы керек.
Тынығу аралықтарының үш түрі бар. Олар: қарапайым, қатаң және
төтенше.
1 Қарапайым немесе толық тынығу аралығы деп, бір жаттығуды
орындап болып келесі қайталанар жүктеменің алдында ағзаның жұмыс
қабілетінің толық бастапқы қалпына келуін айтамыз. Толық қалпына келуін
тамыр соғысын есептеу арқылы анықтаймыз. Мысалы, жаттығу орындағаннан кейін
ж.с.ж. 180 соғумин, толық қалпына келуі 60 соғумин.
Дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелгенжаттығулар
әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен тынығудың түрлерін
ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Жүктеме дегеніміз дене
тәрбиесі жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету. Жүктеменің
шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты.Жүктеменің көлемі –
орындалған дене қуаты жұмысының саны (мысалы,10 минуттық жүгіру, жаттығуды
қайталау саны т.б.).
Жүктеме қарқындылығы – ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын
қарқынды тездете орындау. Жүктеменің ішкі және сыртқы
қарқынды көрсеткіштері болады. Сыртқы көрсеткіш – қозғалыс жылдамдығы
(жүгіру, шаңғы жарысы, суда жүзу т.с.с.), спорт ойындарындағы ойын қарқыны
т.б. Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері жүректің соғу жиілігі, белгілі бір
уақытта күш жұмсау өлшемі. Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін мынандай
әдістер
қолданылады:
Бірқалыпты орындау (стандартты) әдісі. Бұл әдіс жаттығулардыүзбей,
ұзақ уақытта, бір қарқында орындауды талап етеді (мысалы, ұзақ уақытта
бірқалыпты жүгіру, жүзу, ескек есу және т.б.). Жүктеме бұл кезде жоғары
деңгейдің 70 пайызынан аспауы керек (жүрек соғуының жиілігі
минөтіне 130-150 рет). Ұзақ уақыт бір қалыпты істелген жұмыс жүрек қан
тамыры және тыныс алу жүйелерін нығайтып, ағзаның жалпы төзімділігін
дамытады.
Өзгермелі орындау әдісі. Бұл әдісте жүктеме қарқыны жаттығуды
орындау кезінде өзгеріп отырады (мысалы, 400 метр қашықтыққа жүгіруде
жылдамдық – бірінші 100 метр жүгірген кезде 12 жартылай күшпен, екінші 100
метрде қатты қарқында, үшінші 100 метрде – еркін, төртінші 100 метрде ¾
күшпен орындалып отырылады). Жүктеме бұл жүгіру кездерінде кіші жүктемеден
үлкенге және керісінше өзгеріп отырады. Өзгермелі орындау әдісінің
көмегімен біз жалпы төзімділікті және жылдамдық төзімділігін дамытамыз,
спортшыларды жігерлілікке тәрбиелейміз.
Қайталап орындау әдісі. Бұл әдіс кезінде жаттығу көп
қайталанылады,аралықтағы тынығуда ағза толық бастапқы қалпына келуі қажет
(мысалы,
қысқа қашықтыққа өте жоғары жылдамдықпен қайталап жүгірген кезде, аралық
тынығу толық болуы қажет). Қайталап орындау әдісі күшті, жылдамдықты және
күш жылдамдығын, жылдамдық төзімділігін дамытады.
Дене тәрбиесі тәжірибесінде қайталап орындау әдісінің бірнеше түрі
кезігеді. Мысалы, циклді жаттығуларды орындау кезінде мынадай түрлер жиі
кездеседі:
– тұрақты бірдей қашықтықтарға жүгіру (7×100м);
–біртіндеп ұзартылып отырылған қашықтыққа жүгіру(200х400х600х800);
– біртіндеп қысқартылған қашықтыққа жүгіру (800х600х400х200);
– біртіндеп ұзартылған сонансоң біртіндеп қысқартылған қашықтыққа
жүгіру (200х400х600х800х600х400х200).
Аралық орындау әдісі. Бұл әдістің мәнісі көп рет қайталанғанжаттығудың
орындалу қарқыны жоғары (минөтіне 160-180 рет жүрек соғу
жиілігі) және тынығу аралығы қатаң болуында. Жаттығуларды орындаған
соңтынығу кезіндегі жүрек соғуы минөтіне 120-140 ретке жеткенге дейін
созыладыда, сонан соң жаттығу қайталанады. Әрбір жаңа жүктеме ағза толық
бастапқықалпына келмеген кезде беріледі. Тынығу белсенді немесе бәсең болуы
мүмкін,жаттығу сериялы орындалады (мысалы 7х200). Бұл әдістің көмегімен
азмерзімде жалпы және арнайы төзімділік қасиетін дамытуға болады.
Жоғарыда аталған әдістер дене тәрбиесі тәжрибесінде жеке ғана
еместоптастырыла, жіктестіріле қолданылады (мысалы, бірқалыпты
аралықжаттығулар әдісі, өзгермелі-аралық жаттығулар әдісі т.б.). Осындай
әдістердітоптастыру тәсілдері ағзаның функционалды мүмкіндіктерінің өсуіне
тиімдіәсер етеді және кең көлемде дене қуаты қасиеттерін дамытады.
Шеңберлі орындау әдісі. Спорт зал мен спорт алаңдарында шеңбербойынша
орналасқан cтанциаларда жаттығуларды шеңбер бойымен айналыпжүріп орындау
шеңберлі орындау әдісі деп аталады.Станциаларда (саны 6-10 болуы мүмкін)
қарапайым, үйренген бір жаттығу орындалады (мысалы, штанаганы иықта ұстап
отырып-тұру, аспа темірде тартылу және т.б.). Жаттығуды орындау саны әрбір
“станцияда” жекетағайындалады. Бір сабақта шеңберді бір реттен үш ретке
дейін тынықпайнемесе тынығу аралығымен өтуге болады. Шеңберді бір айналып
жаттығудыорындау уақытын, тынығу аралық уақытын, жаттығуды қайталау санын
мөлшерлеп белгілеу қажет. Шеңберлі орындау әдісінің бірнеше түрі бар:
1 Жаттығуларды ұзақ, үзбей орындау әдісі. Сабақ тынығусыз, шеңбер
бойынша бірден үш ретке дейін қайталана орындалады. Сабақ міндеті –
жалпыжәне арнайы төзімділікті дамыту.
2 Аралық орындау әдісі бойынша. Жаттығуларды орындау аралығында
тынығу қатаң аралықты. Күш және жылдамдық, күш төзімділігін
тәрбиелеугеқолданылады.
3 Бірқалыпты орындау әдісі бойынша. Тынығу аралығы толық. Күштіжәне
жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады [4,60 б.].
Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі
Жылдамдық дегеніміз адамның белгілі бір уақыт аралығындағы жылдам
қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады:
1 Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы.
2 Жалғыз қимыл жылдамдығы.
3 Қимыл жиілігі.
Қарапайым қозғалыс жылдамдығы дегеніміз алдын ала белгілі қозғалыспен
белгілі, бірақ кенеттен берілетін дыбысқа жауап. Қарапайым
қозғалыс жылдамдығы қандай да бір қоздырғышқа кері жауап қайтару уақытымен
бағаланады. Қоздырғыштар – жаттықтырушының, төрешінің
дауысы, сөрелік тапаншаның атылуы, шапалақтың соғылу дыбысы, жарықтың жарқ
етуі, төрешінің жалау ұстаған қолын сермеуі ж. т. б. Мысалы, 100 метрге
жүгірудегі, сөрелік тапаншаның атылуы немесе төрешінің дауыстаған бұйрығы
бойынша жүгіре жөнелу.
Достарыңызбен бөлісу: |