Жалпы ережелер



бет1/10
Дата12.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#128967
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Солтүстік Қазақстан облысы

әкімдігінің 2015 жылғы

18 маусымдағы

№ 211 қаулысымен бекітілген

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10981 болып тіркелген) бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес әзірленген, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес аудандардың, Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдары, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшаға сәйкес аудандық маңызы бар, кент, ауыл, ауылдық округ, Петропавл қаласының әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

3) «электронды үкімет веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

Бірінші кезекті орынды алуға мыналар құқылы:

1) заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары;

2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) жетім балалар;

4) көп балалы отбасылардан шыққан балалар;

5) әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары;

6) арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның iшiнде қызмет

өткеру кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымына (соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім тапсырысы орналасқан меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымға) жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектілік нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады.

Портал арқылы жүгінгенде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі және (немесе) «жеке кабинетке» қызмет көрсетушінің уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат түріндегі хабарламасы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасымалдағышпен жүгінгенде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен куәландырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимылы тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілі) құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) ұсынуы болып табылады:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

4) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (бар болғанда).

Көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО-ның қызметкері жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО-ның қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар

мәліметтерді пайдалануға келісім алады.

Көрсетілетін қызметті алушы кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгінгенде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағында көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет) және көшірмелерін ұсынады.

Порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрату.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады.

Порталда электронды өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, 5 (бес) минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрыштама қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін береді, 5 (бес) минут ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 3 (үш) минут ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 5 (бес) минут ішінде.

7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) құжаттар топтамасын тіркеу;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бұрыштамасы;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

4) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы мемлекеттік қызмет көрсету

нәтижесінің жобасына қол қоюы;

5) қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі және оны көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің

құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын қабылдауды жүзеге асырады, тіркейді. Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына береді, 5 (бес) минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, құжаттар топтамасына тиісті бұрышта қойып, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді, 5 (бес) минут ішінде;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін береді, 5 (бес) минут ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қойып, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді, 3 (үш) минут ішінде;

5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді, 5 (бес) минут ішінде.

Рәсімдерді (іс-қимылдарды) сипаттау реттілігі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес – процестерінің анықтамалығында келтірілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


10. ХҚКО-ға жүгіну тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті берушінің сұратуын өңдеу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-ға жүгінеді;

2) ХҚКО қызметкері өтініштің дұрыс толтырылуын және осы регламенттің 5-тармағына сәйкес құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, 1 (бір) минут ішінде;

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған

жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, 1 (бір) минут ішінде;

3) ХҚКО қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан жазбаша келісім алады 1 (бір) минут ішінде;

4) ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіреді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпарат пен берілген құжаттар тізімін ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді, 1 (бір) минут ішінде;

5) ХҚКО қызметкері құжаттар топтамасын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды, 1 минут ішінде;

6) ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді, 1 (бір) минут ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің ХҚКО арқылы функционалдық өзара іс-қимылын сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығында келтірілген.

11. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің жүгіну және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі, ЭЦҚ арқылы порталда тіркелуді (авторландыруды) жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушының электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, электрондық сұрату жолдарын толтыруы және құжаттар топтамасын тіркеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұратуды куәландыру;

4) көрсетілетін қызметті берушінің электрондық сұратуды өңдеуі (тексеру, тіркеу);

5) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихынан көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұратудың мәртебесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі туралы хабарламаны алуы;

6) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдауы;

7) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тарихынан алуы.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің портал арқылы функционалдық өзара іс-қимылын сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Аудандар, Петропавл қаласы жергілікті атқарушы органдарының тізімі




Көрсетілетін қызметті беруші атауы

Көрсетілетін қызметті беруші орналасқан жердің мекенжайы

Солтүстік Қазақстан облысы

1

«Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

Қазақстан Конституциясы көшесі, 23

Айыртау ауданы

2

«Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, ША, 20

Ақжар ауданы

2

«Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Целинная көшесі, 13а

Аққайың ауданы

4

«Аққайың аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново селосы, Труд көшесі, 16

Есіл ауданы

5

«Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка селосы, Ленин көшесі, 12

Жамбыл ауданы

6

«Жамбыл ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка селосы,

Шайкина көшесі, 30

Мағжан Жұмабаев ауданы

7


«Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданының

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Комаров көшесі,16

Қызылжар ауданы

8


«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Молодежная көшесі, 2

Мамлют ауданы

9


«Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А.Құнанбаев көшесі, 5

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

10

«Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишим селосы, Ленин көшесі, 2

Тайынша ауданы

11


«Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы,

Қазақстан Конституциясы көшесі, 206

Тимирязев ауданы

12

«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев селосы, Уәлиханов көшесі, 25

Уәлиханов ауданы


13

«Уәлиханов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл селосы, Жамбыл көшесі, 76

Шал ақын ауданы


14

«Шал ақын ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы,  Сергеев қаласы, Желтоқсан көшесі 14



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет