Жалпы этиология. Жалпы патогенез мақсаты: жалпы этиология мен патогенезінің негізгі түсініктерін меңгеру


«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайы



бет7/8
Дата19.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#147583
1   2   3   4   5   6   7   8

«Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады» . Н.Н.Зайко.

ТЖ себептері:



Тыныс алу реттелуінің Тыныс алу Кеуде қуы- Тыныс алу Өкпе тінінің дерттік

бұзылыстары: бұлшықеттеріне сы қозғалыс- жолдарының өзгерістері:



  • Мидағы тыныстық жүйкелік серпін- тарының бұ- бұзылыстары: -өкпе тіні кішіреюінен

орталықтың(тыныштан дер тарауының зылыстары: -бөгде зат (пневмонэктомия)

дыратын дәрілік заттар, бұзылыстары неме- -кифосколиоз түскенде -қызмет атқаратын өк-

есірткілердің әсерлерінен) се тыныстық бұлшық- -торакопластика -өспе өскенде пе ұяшықтарының


  • Тыныстық орталықтың еттердің өздерінің -пневмоторакс -бронхоспазм азайып кетуінен(ате-

құрылымдық (ми жарақаты, бүліністері: -гидроторакс -кеңірдекшелер лектаз, пневмония)

бас миының өспесі) бүліністері -жұлынның қимыл- -гемоторакс сыртынан қы- -өкпе тінінің көлемдік



  • Тыныстық орталыққа дық нейрондарының -іш шемені сылып қалғанда -созылғыштығы азаюы-

бағытталатын жүйкелік сер- бүліністері (полиомиелит) -іш кебуі нан,мәселен пневмо-

піндердін бұзылыстарынан. –шеткері түйіспелердің -гепатомегалия склероз,эмфизема ке-

бүліністерінен (миастения) зінде

-тыныстық бұлшықеттердің - тыныстық қауырт

қабынуы (миозит) немесе дистресс синдромы

дистрофиясы. кезінде


Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің түрлері:

Орналасуы бойынша

  • Тыныс жолдарының дерттері кезіндегі ТЖ

  • Өкпе зақымдануы кезіндегі – ұлпалық

  • Кеуделік (кеуде қуысының зақымдануы кезінде)

  • Жүйке-бұлшықеттік

  • Орталықтық

Патогенезі бойынша

  • Өкпе ұяшықтары желдетілуінің бұзылыстарынан

  • Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың қабырғалары арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарынан

  • Өкпеде қан айналымының (перфузиясы) бұзылыстарынан

Ағымы бойынша

  • Жіті (бірнеше минут, сағат ішінде)

  • Тыныс алу жолдарына бөгде зат түскенде

  • ларингоспазм

  • өкпе артериясының тромбэмболиясы

  • асфиксия

  • Жітілеу (бір тәулік ішінде)

  • жіті пневмония

  • гемоторакс, пневмоторакс

  • өкпе ісінуі

  • сүлде (бірнеше айлар және жылдар ішінде)

  • пневмосклероз

  • өкпе эмфиземасы

  • өкпе туберкулезі

Сыртқы тыныстың созылмалы жеткіліксіздігінің сатылары:


  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің теңгерілген сатысында өкпе желдетілуі бұзылуының белгілер болғанымен қанда оттегінің қалыпты деңгейі ұсталып тұрады.

  • Шала теңгерілген субкомпенсациялық жеткіліксіздік сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты деңгейде немесе төмендеген,өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылған болады. Қанда тотыққан,оксигемоглобиннің деңгейі 93%-дан аз (НВО2 < 93%).

  • Теңгерілмеген сатысында ауыр гипоксемия (НВО2<75 %) және гиперкапния дамиды.

ТЖ түрлері


Гипоксемиялық түрі Гиперкапниялық-

(1-түрі) немесе гипоксемиялық түрі

Ұлпалық ТЖ (II түрі) немесе

(артериялық гипоксемия вентиляциялық ТЖ

рО2<60 мм с.б.)

себептері: себептері:

өкпе ұлпасының және ұсақ ұяшықтық гиповентиляция

тыныс жолдарының → СО2 шығарылуының

ауыр аурулары бұзылуы және гиперкапния (рСО2>45 мм с.б.),

даму тетіктері: газдық ацидоз, гипоксемия және


  • Дем алатын ауада рО2↓; газдық емес ацидоз.

  • Ұяшық-қылтамыр мембранасы арқылы

  • газдар диффузиясының бұзылуы ;

  • вентиляциялық - перфузиялық

арақатынастың бұзылуы;

  • веналық қанның жүректің сол

бөлігіне тікелей түсуі немесе

шунтталуы


Өкпе гиповентиляциясы

  1. Өкпе гиповентиляциясының обструктивті түрі жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда дамиды

Жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылуы

Себептері:

  • Кеңірдекке тағамның немесе басқа да бөгде заттың түсуі

  • Тыныс жолдарының қақырықпен, құсықпен бітелуі

  • Бронх өспесі

  • Кома жағдайында, наркоз кезінде тілінің көмейіне түсіп кетуі

  • Қабыну кезінде бронх шырышты қабатының ісінуі

  • Көмейдің ісінуі

  • жоғары тыныс жолдарының өспемен, ұлғайған қалқанша безімен, көмекей арты іріңдікпен басылуы

тыныс - стеноздық, сирек, демді ішке алу уақыты ұзарған


Төменгі тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылуы

Себептері

  • Бронх және бронхиолоспазм

  • Қабынуда кеңірдекшелер қабырғасының ісінуі

  • Кеңірдекшелердің дерттік сұйықтықтармен (экссудат) бітелуі

  • Ұсақ кеңірдекшелердің транспульмоналдық қысымның жоғарылауынан қысылуы эмфиземада өкпе серпімділігінің жоғалуы)


Демді шығару фазасының қиындауы




  1. Өкпе гиповентиляциясының рестриктивті түрі өкпенің жайылуы бұзылуынан өкпенің тыныстық беті азайғанда дамиды.

Себептері

  • Өкпеішілік

  • пневмониялар

  • өкпе ателектазы

  • өкпе өспелері

  • пневмосклероз

  • сурфактант тапшылығы

  • Өкпеден тыс

  • Қабырғааралық бұлшық еттердің миозиттері, миастения- бұлшықеттік әлсіздік, бұлшықеттік қажу (кеңірдекшелердің бітелуі, эмфизема)

  • Көкеттің зақымдануы (дем алудың негізгі бұлшықеттері (вентиляцияның 2/3 бөлігін береді) ® күтпеген, әдеттен тыс тыныс (дем ішке алғанда эпигастр төмен түседі)

  • гидро-, пневмо-, гемоторакс, плевриттер

  • қабырғаның, омыртқаның тұқымқуатын немесе жүре пайда болған ақауы, қабырға шеміршектерінің сүйектенуі® кеуде сарайының иілгіштігінің төмендеуі

  • асцит, метеоризм, гепатомегалия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет