«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қимыл және тірек. Тірек-қимыл жүйесі» пәнінен жазбаша емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар тізімі



Дата03.01.2022
өлшемі16.59 Kb.
#450218
АнатГистоФизио Экзамен


«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қимыл және тірек. Тірек-қимыл жүйесі» пәнінен жазбаша емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар тізімі

2019-2020 оқу жылы
Блок Анатомия

  1. Қанат-таңдай шұңқыры, оның қабырғалары және байланыстары.

  2. Мұрын қуысы, оның қабырғаларының құрылысы, мұрын жолдары және оның байланыстары.

  3. Мұрынмаңы қойнаулары, оның байланыстары.

  4. Омыртқа жотасындағы байланыстардың түрлері.

  5. Атлант–шүйде буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  6. Атлант-біліктік буындар, олардың құрылысы және сипаттамасы.

  7. Шықшыт буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  8. Иық буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  9. Шынтақ буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  10. Кәрі жілік-білезік буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  11. Жамбас–сан буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  12. Тізе буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  13. Сирақ-топай буыны, оның құрылысы және сипаттамасы.

  14. Бас және мойын бұлшықеттері, олардың қызметтері.

  15. Кеуде және арқа бұлшықеттері, олардың қызметтері.

  16. Иық белдеуі бұлшықеттері, олардың қызметтері

  17. Иық және білек бұлшықеттері, олардың қызметтері.

  18. Жамбас белдеуі бұлшықеттері, олардың қызметтері.

  19. Сан және сирақ бұлшықеттері, олардың қызметтері.

  20. Шап өзегі, қабырғаларының құрылысы, өзектің құрылымдары (әйелдер мен ер адамдарда)

Блок гистология

1. Эпителий тіндері. Морфофункционалдық сипаттамасы. Жіктелуі (морфофункционалдық және генетикалық). Жабынды эпителий. Морфофункционалдық сипаттамасы, жіктелуі (морфофункционалдық және генетикалық). Физиологиялық қалпына келуі. Безді эпителий. Бездер. Жіктелуі, даму көздері. Секреторлық цикл, сатылары мен олардың цитофизиологиялық сипаттамасы. Секреция түрлері.

2. Дәнекер тіндер, олардың жіктелуі. Борпылдақ талшықты дәнекер тіні, морфофункционалдық сипаттамасы. Жасушааралық заты, құрылысы мен маңызы. Фибробласттар және олардың жасушааралық затты түзудегі маңызы. Тығыз талшықты дәнекер тіні, жіктелуі, морфофункционалдық сипаттамасы. Қаңқалық дәнекер тіндер. Шеміршек тіндері, жіктелуі, морфофункционалдық сипаттамасы, құрылысы мен қызметтері. Шеміршектің өсуі. Сүйек тіндері, жіктелуі. Морфофункционалдық сипаттамасы. Тура және тура емес остеогенез.

3. Бұлшықет тіндері. Жіктелуі, даму көздері, қызметтік маңызы. Жалпы морфофункционалдық сипаттамасы. Бұлшықет тіндерінің қалпына келуі. Қаңқалық көлденең-жолақты бұлшықет тіні, құрылысы. Бұлшықет талшықтарының түрлері. Көлденең-жолақты жүрек бұлшықет тіні, құрылысы. Кардиомиоциттердің түрлері. Жазық бұлшықет тіні, жазық миоциттің құрылысы. Бұлшықет тіндерінің жиырылуының негіздері және құрылымдық құралуы, миофибрилланың құрылысы.



Блок Физиология

  1. Қозғыш тіндер, қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері. Лабильділік, рефрактерлік. Қозғыш тіндердің тітіркену заңдары. Реобаза, хронаксия және олардың клиникалық практикадағы маңызы. Қаңқа бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері. Қаңқа және тегіс бұлшықеттері қызметтерінің негізгі айырмашылықтары. Тірі тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар (Гальванидің 1 және 2 тәжірибесі). Мембраналық потенциал, оны тіркеу, пайда болу механизмі. Натрий-калий насосы, оның физиологиялық ролі. Локальді (Жергілікті) жауап. Жергілікті және таралушы қозудың ерекшеліктері. Әрекет потенциалы және оның фазалары, пайда болуы, тіркеу. Қозу фазаларының әрекет потенциалы фазаларымен байланысы. Қозудың миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары бойымен таралуы. Олардың қозғыштық және лабильділік сипаттары. Жүйке бойымен қозудың өту заңдылықтары. Парабиоз, оның фазалары (Н.Е.Введенский), оның медециналық практика мен теориясындағы маңызы. Синапстардың құрылымы, жіктелуі және функционалды қасиеттері. Әр түрлі синапстардағы қозудың таралу механизмдері мен ерекшеліктері. Қозу механизмдері, ҚПСП-дың иондық механизмдері. Тежеуші синапстар және олардың медиаторлары. ТПСП иондық механизмдері.

  2. Қимыл бірліктері туралы түсінік. Электромиография. Бұлшықеттердің тонусы, оның қалыптасу және реттелу механизмдері. Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылу режимдері. Қаңқа бұлшықеттерінің жиырылу түрлері. Бұлшықеттің жеке дара жиырылуы, оның фазалары. Бұлшықеттің жеке дара жиырылуының жинақталуы. Тетанус, оның түрлері. Күштің оптимумы мен пессимумы. Бұлшықет жиырылуы мен босаңсу механизмі. Бұлшықеттің жиырылуы кезінде химиялық және жылу процесстері. Бұлшықеттердің физикалық қасиеттері. Бұлшықеттердің күші және жұмысы. Бұлшықеттердің қажуы, оқшауланған бұлшықеттің қажу теориясы. Зерттеу әдістері. Бұлшықет тонусының және фазалық қимылдардың реттелуінің жүйелік механизмдері. Еңбек физиологиясы. Бұлшықеттің физикалық жүктемелерге бейімделуі.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет