Жалпы металлургия


Графиттің пайдалы әсерлері



бет19/57
Дата24.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#481539
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57
Жалпы металлургиядан даристер

Графиттің пайдалы әсерлері
●Сынғыш жоңқа түзілгендіктен, графит кесумен өңдеуді жақсартады.
●Болатпен салыстырғанда шойын жақсы антифрикциялық қасиеттерге ие, өйткені графиттің бар болуы қосымша үйкелу бетінің майлануын қамтамасыз етеді.
●Микро бос орындарда графит орналасқандықтан, шойын вибрацияны бәсендетеді және жоғары циклдық жабысқақтыққа ие болады.
●Шойыннан жасалған детальдар сыртқы концентратты күштенуге сезімталдығы аз болады.
●Шойын болаттан әлдеқайда арзандау.
●Шойыннан құю арқылы жасалалған бұйымдар болат дайындамаларынан кесу , құю және соңынан механикалық өңделетін қысыммен өңдеу арқылы жасалған бұйымдарға қарағанда арзан болып келеді.
Сұр шойын
Құрылымы пластикалығына әсер етпейді, ол өте төмен қала береді. Механикалық беріктігі көбінесе мөлшерімен, формасымен және графит қосуларының мөлшерімен анықталады. Ұсақ графит қабыршағының формасы беріктігін аз төмендетеді. Мұндай форма модификация арқылы алынады. Модификатор есебінде алюминий, силикокальций, ферросилиций қолданады. Сұр шойын жеңіл өңделіп, жақсы қасиеттерге ие болғандықтан машина өндірісінде кеңінен қолданылады. Беріктілігіне байланысты сұр шойын 10 маркалы болады (ГОСТ 1412).
Сұр шойындар созылуға қарсы төзімділігі аз болса да, қысылуға төзімділігі жоғары. Сұр шойындардың құрамында көміртек мөлшері – 3,2...3,5%; кремний – 1,9...2,5%, марганец –0,5...0,8%, фосфор – 0,1...0,3%, күкірт – 0,12%. Металл негіздік құрылымы көміртегі мен кремний мөлшеріне байланысты. Көміртегі мен кремний жоғарлаған сайын, графитизация дәрежесі мен ферритті құрылымды металл негізінің пайда болу бейімділігі жоғарылайды. Бұл пластикалылығының жоғарылауысыз шойын беріктігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Жақсы беріктік қасиеттерімен және тозуға төзімділігімен ерекшеленетіні перлитті сұр шойындар.Сұр шойын құймаларының созылуға және ұру күштеуіне қарсылығы аз болатынын ескеретіндіктен, оны қысылатын және иілетін бұйымдар жасау үшін қолданады.
Станок өндірісінде базалық, корпустық детальдар, кронштейндер,тісті доңғалақтар;
автоөндірісінде – цилиндр блоктары, поршеньді сақиналар, бөліп тұратын біліктер, ұстасу дисктерін жасау үшін қолданылады.Сонымен қатар сұр шойын құймалары электромашина өндірісінде халық пайдаланатын тауарлар жасауға қолданады. Белгіленуі: индекс СЧ (сұр шойын) және 10-1 СЧ көбейтілген беріктік шегін көрсететін сан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет