Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Шет тілі (екінші). Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. Пәндік бағдарламалардың айрықша ерекшелігі – олар тек пәндік білімді ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Оқу мақсаттарының жүйесі келесі негізгі құндылықтарға негізделген: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік ынтымақтастықты құрметтеу және шығармашылық ашықтық өмір бойы білім алу. Ағылшын тілінің оқу бағдарламасы оқушыларға әртүрлі аудиториялармен тиімді қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол бұл мақсатқа мектеп ортасында құрдастарымен, мұғалімдермен және келушілермен өзара әрекеттесу үшін жиі мүмкіндіктер және бейресми және ресми ауызша және жазбаша презентацияларды қамтитын интерактивті тапсырмалар арқылы қол жеткізеді. Сондай-ақ, онлайн және басқа мәдениеттердің ағылшын тілінде сөйлейтіндермен бетпе-бет сөйлесетін оқушылармен мектептен тыс қарым-қатынасқа баса назар аударылады.
Оқу пәнінің маңыздылығы коммуникация, ғылым, бизнес, туризм және спорт тілі боуымен анықталады. Ағылшын тілін меңгеру:
1) білім алушылардың түрлі өмірлік жағдайларда қатынасқан кезде сенімділіктерін артады;
2) білім алушыларға Қазақстанда және шет елдерде жоғары білім алу мүмкіндігіне жол ашады;
3) білім алушыларға Қазақстанда және шет елдерде кәсіби білім алуын жалғастыруға мүмкіндік береді;
4) білім алушылардың ағылшын тілінде шығарылатын жаңалықтар мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін арттырады;
5) білім алушыларға ағылшын тіліндегі әдеби туындылардың түпнұсқасын оқу мүмкіндігін береді;
6) білім алушыларға Қазақстанды өз елінде және шет елдерде таныстыру мүмкіндігін береді;
7) өмір бойы білім алуға, дағдыларды дамытуға, стратегияларды үйренуге және мектепте алған білімді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
3. «Шетел тілі (екінші). Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша оқу бағдарламасы білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда B1 деңгейінде тілдік дағдыларын:
1) талдау, бағалау және сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытатын түрлі тапсырмалар беру;
2) кең ауқымды ауызша және жазбаша дереккөздермен жұмыс арқылы дамытуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |