Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы
5-11-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына
ТҮСІНІК ХАТ
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 5-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 51-1 тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Қазақстан тарихы» пәні бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына қарамастан сыныптарды топтарға бөлу, қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде рұқсат етіледі (2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығымен толықтырулар енгізілген).
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.
5-11-cыныптарда «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Сынып
|
Оқу пәнінің атауы
|
Жалпы жүктеме, сағат
|
Үлгілік оқу жоспары
|
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу жүктемесімен)
|
Апталық
|
Жылдық
|
Апталық
|
Жылдық
|
5
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
72
|
2
|
72
|
6
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
72
|
2
|
72
|
7
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
72
|
1
|
36
|
8
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
72
|
1
|
36
|
9
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
72
|
1
|
36
|
10-11 (ҚГБ)
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
72
|
2
|
72
|
10-11 (ЖМБ)
|
Қазақстан тарихы
|
2
|
72
|
1
|
36
|
Достарыңызбен бөлісу: |