Жалпы рецептура Рецепт



Дата03.03.2023
өлшемі15.72 Kb.
#470329
3 Жалпы рецептура




Жалпы рецептура
Рецепт - дәрігердің, фельдшердің немесе акушердің дәрінің бір реттік мөлшері мен саны, оны қолдану тәсілі көрсетілген, арнайы дәрілік қалыпта дәрі-дәрімекті босату туралы дәріханаға (провизорға, фармацевтке) жазған жазбаша сұранысы. Рецептің медициналық, заңды және қаржылық (тегін немесе жеңілдікпен босату үшін) мәні бар.
Рецептің құрылысы. Рецепте рецептің жазылған күні (күні, айы, жылы); науқастың тегі, аты-жөні; дәрігердің тегі, аты-жөні көрсетіледі. Рецепте дәрігердің фармацевтке жазған үндеуі латын тілінде Recipe: (Rp.:), яғни «Ал»: сөзімен басталып, дәрілік түрдің атауы, дәрілік заттың атауы мен оның мөлшері ілік септігінің жекеше түрінде (кейде табыс септігінде) жазылады.
Егер науқастың жағдайы ауыр болса және тез арада дәрілік көмек көрсету қажет болса, онда дәрігер рецептің жоғарғы оң бұрышына «Cito!», “Statim!”, «Citissime!» (тез!, өте тез!, жылдам!) белгісін қояды. Мұндай рецептер бойынша дәрі-дәрмектер тез дайындалып, кезектен тыс босатылады.Жазылымның қысқартылған және толық түрі бар.
Рецепт үлгісі таблетка
1-ші нұсқа:
Rp.: Paracetamoli 0,5
Da tales doses №10 in tabulettis
Signa. 1таблетка күніне 3 рет

2-ші нұсқа:


Rp.: Tabulettam Paracetamoli 0,5 №10
Da. Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет

Rp.: Dragee Diazolini 0,05


Da tales doses №20
Signa. 1 дражеден күніне 2 рет.


Рецепт үлгісі: капсула
Rp.: Omeprazoli 0,3
Da tales doses №20 in capsulis
Signa. Тамақтан 30 минут бұрын 1 капсуладан күніне 2 рет.


Рецепт үлгісі:мазь
Rp.: Unguenti Tetracyclini hydpochloridi 3% - 15,0
Da. Signa. Терінің зақымдалған аймағына жағу үшін


Рецепт үлгісі:суппозитории
Официнальды балауыз:
Rp.: Suppositorium cum Ichthyolo 0,2
Da tales doses №10
Signa.1 балауыздан таңертең және түнде.


Рецепт үлгісі.ерітінділер
Rp.:Solutionis Furacilini 0,02 % -50 ml
Da. Signa. Жараны жуу үшін


Ампуладағы құрғақ дәрілік заттарға (ұнтақ) рецепт үлгісі:
Rp.: Vincristini 0,005
Da tales doses № 6 in ampullis
Signa. Құты құрамында 5 мл 0,9% NaCl изотониялық
ерітіндіде ерітіп, аптасына 1 рет енгізіңіз.
Ампуладағы ерітінділерге рецепт үлгісі:
Rp.: Solutionis Glucosi 40% -50 ml
Da tales doses № 10 in ampullis
Signa. 50 мл күре тамырға енгізу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет