«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша 5B011900 «Шет тілі: екі шет тілі»



бет2/4
Дата17.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#142352
1   2   3   4

5-дәріс Тіл, сөйлеу мен ойлау.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың кез келген саласында өзі үшін де, елі үшін де өскелең экономикалық және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей білетін білікті, қабілетті, ізденгіш азаматтар қажет екені белгілі. Оның үстіне қазіргі нарықтық экономикаға бет алған кезеңде мамандық атаулының барлығы болжағыштықты, бейімділікті, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық қабілетті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына ақылдылықпен бұра білу ептілігін қажет етеді. Қоғамның ойлы да дарынды адамдарға деген зәрулігін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына жас жеткіншекті ақыл-парасатты, соның негізінде кездескен қиыншылықтан тез жол табуға қабілетті тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр. А.Байтұрсынов: «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білетін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуге керек, екінші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек,» – деп, ұстазға жас жеткіншекті дене тәрбиесімен бірге интеллектуалдық жақтан да тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Балалардың таным процестерін дамытуда мектепте жүргізілетін «Қазақ тілі» мен «Ана тілі» пәндерінің үлесі мол. Тіл атериалдарын небір тиімді әдістермен меңгертуге талпынғанмен, егер бала қабылданатын материалдарды ой елегінен өткізіп, өзіндік ой қорытындысын жасай алмаса, оның бойында тіл ұшқырлығы, ой мен іс-әрекеттегі жүйелілік, қиял мен сезімнің ұшқырлығы ерік-жігердің күштілігі сияқты қабілет-қасиеттерді дамыту мүмкін емес. Баланы жастайынын ақыл-ой өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай? Қазіргі педагогикалық өзекті мәселелерінің бірі – осы. Ойлау - адам таным процестерінің ішіндегі ең күрделі процестің бірі екенін айтқан болатынбыз. Кісі ойлау нәтижесінде сезім мүшелері арқылы алынған мағлұматтарды өңдеп, қоршаған ортадағы, қоғамдағы, тілдегі өзіне таныс емес заңдылықтарды, олардың арасындағы орын алып отырған байланыстарды танып біледі, түсінеді. Ойлау процесі қалай жүзеге асады? Орыстың ұлы психологі Л.С.Выготскийдің айтуынша, адам сырттай сөйлеудің әсерінен қалыптасқан іштей сөйлеу арқылы ойлау процесі жүзеге асатынын айтқан болатын. Дәлірек айтқанда, сырттай сөйлеу эгоцентрлік сөйлеуге, бұл іштей сөйлеуге, ал ойлау осы іштей сөйлеудің нәтижесінде өрбиді. Ойлау мен тілдің органикалық байланысы арқасында ойлау арқылы адамдар өздері тікелей қабылдай алмайтын, көзге ілігер формасы жоқ, ал тіптен сезімдік қабылдауға көнбейтін құбылыстар арқасындағы байланыстарды аша алады. Дүниедегі заттар мен құбылыстар, сонымен бірге, тіл біліміндегі заңдылықтар ешуақытта жеке дара кездеспейді. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады, алайда осы байланыс, қарым-қатынастың барлығы бірдей адам санасында сәулелене бермейді. Егер адамның қабылдауы тіл заңдылықтарын жеке-жеке ғана қабылдайтын болса, ойлауда кісі олардың арасындағы қатынас, байланыстарды танып білуі қажет. Ақиқат дүниедегі объективті түрде дұрыс сәулелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай ойды диалектикалық ой деп атайды. Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып, адам бір нәрсені білгісі, сырын ашып, түсінгісі келеді. Мұндай қажеттілік көбінесе адам бір жаңа заңдылықтармен, түсініксіз жайттармен кездескенде туады. Ойлаудың басталуына жол ашатын не дегенде? «Сұрақ» деп жауап беруге болады. Өйткені, ол ақыл-ойды белгісіз мәселені шешуге бағыттайды. Детерминді, яғни, адамның белгісізді білгісі келу қажеттілігінен ой процесі пайда болады. Ойлау құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы тікелей қабылдауға бола қоймайтын байланыстарды, тәуелділіктерді ашуға бағытталғандықтан, оларды талдай іздегенде, яғни адам белсене істеген ақыл-ой әрекетінде аңғарылады. Шешілуі тиіс міндет әрқашан да сөзбен, сұрақпен беріледі. Сондықтан адам әрқашан өзі нені білмейтіндігін, нені тауып, ашып анықтауға тиісті екенін біледі. Осындай саналы міндет ойлауға ақыл-ойға қонымды, айқын мақсатқа бағдарлы сипат береді. Ойлаудың проблемалы сипаты балаларды оқыту практикасында енді-енді ескерле бастады. Оқытушы балалардың алдына міндет қояды. Оқушылардың дұрыс жауап іздеуі, ұқсас және әр түрлі шешім табуы, қажетті фактілерді талдап, өзіндік қорытындыға келуі тиіс. Кейде олар алға қойған міндетті өз беттерінше анықтауы керек. Мұндай жағдайда оқу әрекеті айқын проблемалық сипатқа енеді. Ойлау мен сөйлеу әр түрлі генетикалық тамырларда дамып жетілуіне қарамастан. (П.П.Блонский бұл пікірге қарс шығады), бұл екі күрделі процесс бірлікте болатынын көптеген ғалымдар мойындайды. Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, «в известном пункте обе линии пересекаются, после чего мышление становится речевым, а речь – интеллектуальной». Сөз бен ойлаудың жалпыламалық сипатқа ие болуы Л.С.Выготский айтқан бұл екі процестің қиысу нүктесі болып табылады. Яғни, олау мен сөйлеу бірлікте дамып отырады. Бұл бірлік тілсіз сөйлеу мүмкін емес екендігінен, ойдың дамуынан тілдің шын мәнінде әсерінен көрінеді . Мұндай әсер, біріншіден, адамдар қарым-қатынас (сөз, сөйлеу) барысынды ойлау әрекетінің нәтижесі (түсінік, пікір, ой қорытындысы) бұл индивидтің басынан екіншісіне көшеді. Ал бұл өз тарапынан ақыл ой актісінің барысында қоршаған ортадағы шындықты дұрыс тануға алғышарт жасайды. Екіншіден, адам өзінің субъективті пікірін тіл арқылы объективтендіруге қабілетті болады. Үшіншіден, ең бастысы адам қоғамдық ортамен өзара қатынасқа түсу нәтижесінде сырттай сөйлеу біртіндеп іштей сөйлеудің қалыптасына өз әсерін тигізеді. Іштей сөйлеу ойдың дамуына ықпал етеді. Сондықтан сөйлеу мен ойлауды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Сөйлеу, сөз біздің саналық болмысымыздың формасы қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Өзара қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты таниды. Демек, сөйлеу адамдардың өзіндік сана сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Олай болса, баланың тіл мәдениетінің қалыптасу нәтижесінде ойлауының дамуына мектепте жүргізілетін қазақ тілі пәнінің маңызы ерекше.Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі сөз бен ұғымның бірлігі түрінде лексикалық единицада нақтылана түседі. Ұғым дегеніміз мәнді белгілердің бір жақтылығына қарай біріккен құбылыстардың, заттардың, саналардың тұтас бір тобы туралы жалпылнған білім. Ұғым – ойдың бірлігі. Тіл единицасы болып келетін сөз ойлаудың бір формасы ұғыммен тығыз байланысты. Ойлау ұғым негізінде жүзеге асса, ал ұғым сөз жүзінде өмір сүреді, сөзбен білдіріледі. Сондықтан ойлау сөз, сөйлем арқылы жарық көреді. Ойлау мен сөйлеу әрекеттері бір тұтас, бөлінбейтін ойлау-сөйлеу әрекетін түзейді. Міне, сондықтан тіл әрекеті игерілген тіл материалдарына емес, ойлауға сүйенеді. «Чтобы практически владеть русским языком или каким-либо языком, надо по этому не опираться на языковые знания, а мыслить на используемом языком». Бұдан шығатын қорытынды, қазақ тілі сабақтарында ана тілінде ойлауға қалыптастырғанды ғана оқушы санасында сөздік қоры моайып, тілі ұшталады. Сөзді іс жүзінде пайдалану үшін оның мағынасын білу жеткіліксіз. Айналадағы заттар мен құбылыстарды, олардың арасындағы байланыс пен қатынастарды дұрыс тану үшін адам санасында ұғымдар пайда болу тиіс. Адамға тіл материалдарын игеруге көмектесетін, әр түрлі ұғымдардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілерін анықтайтын ұғымдар логикалық ойлау операциялар жүйесі нәтижесінде жасалынады. Ұғым сөзбен беріледі дедік. Мәселен «зат есім», «есімдік», «көмекші сөздер» жіне т.б. сөздерді алайық. Оқушы әр түрлі тілдік категорияларды бір топқа бөлу үшін мәні жоқ белгілерге көңіл бөлмеуі (абстракциялау) қажет. Түрлі тілдік категориялардың елеусіз белгілерінен дерексіздендіру (абстракциялау) негізінде олардың елеулі белгілерінің ұқсастығын таба білу жалпылаудың жоғары формаларының көрсеткіші болып табылады. Абстракциялау негізінде жалпылау процесі адамның қабылдайтын сөзді, сөйлемді, мәтінді жүйелі талдауды қажет ететін аса қиын ақыл-ой жұмысын білдіреді. Біріншіден, мұғалім белгілі бір ұғымды даяр күйінде бере алмайды. Ұғым – баланың жеке іс-әрекетінің нәтижесі. Оның бірнеше материалдарды талдау – олардың әрқайсысындағы өзіне белгілі, негізгі белгілерді ерекшелеу және оларды басқа мәнсіз белгілерден дерексіздендіру негізінде (жалпылау бойынша) жүргізілетін жеке ой еңбегінің қорытындысы. Екіншіден, әрбір ұғым сөзбен берілетін болғандықтан оның мән-мағынасын толық түсінбейінше бір топқа біріктіре де, дерексіздендіре де алмайды. Мәселен оқушы «бастауыш», «сөйлем» ұғымдарының анықтамаларын айтып бергенімен, жаңа жағдайларда пайдалана алмай, берілген ұғымды мүлдем меңгермегендігін байқауға болады. «Көрпе», «ана» сөздерін дұрыс түсініп, қатесіз сөйлем түзуі мүмкін. Алайда «Жер-Ана ақ көрпесін жамылып алған» деген сөйлемдегі «жер-ана», «ақ көрпесін» деген сөздерді түсінуіне көп еңбектенуге тура келеді. Ұғым – жалпыланған білім. Ал білімід тәжірибеде пайдалана білу дегенді, негізінде, екі түрлі мағынада түсінуге болады. Біріншісі, оқушының сабақтан алған білімін келесі сабақтардағы тапсырмаларды шешуге қолдана алу, екіншісі, оқушылардың қалыптасқан ұғымдарды әр түрлі жаттығуларды (сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма т.б.) пайдалана алу, ал білімді тәжірибеде қолдану – ұғымдардың оқушы санасында қалыптасуының негізгі шарты.
6 – дәріс ТІЛ МЕН ҚОҒАМ

Тіл және қоғам. Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:


1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген татаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды.
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданылмайды. Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады.
2. Территориялық дифференция тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер – жергілікті аймақтардың тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер – деген аймақтың ішіндегі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзінің бағытталуы бойынша монологті, диалогті, полилогті түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі тіл, қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.
Тіл және қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу аясы, мемлекеттік және ресми тіл, халықаралық қатынас тілі статустары, тілді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен 6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының жазба тілі жоқ және жойылып кетудің алдында тұр. «Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҰҰ-ның ресми жұмыс тілдеріне қолданылады. Олар қытай, ағылшын, испан, француз және орыс тілдері. Тілдің таралуын, көлемділігін сол тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 млннан аса адам сөйлейтін тіл лингвистикалық өлшеммен ірі тіл болып саналады. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық. Қазіргі ана тілі, қос тілділік (билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мәселелері де осыған енеді. Тіл халықтың және ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттер әрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.
Тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл және қоғам түсінігіне орайласады. Бұл бағыттағы барлық мәселелермен тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын социолингвистика ғылымы айналысады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Реформатский А. А. Введение в языковедение. М., 1967.
2. Широков О. О. Введение в языковедение. М.,1985.
3. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978.
7 – дәріс

Тақырыбы: Әлеуметтік макролингвистика.Әлеуметтік өзгерістердің тіл тарихына әсері


Қазіргі заман әлеуметтік лингвистиканың негізін салушы американ ғалымы Уильям Лабов әлеуметтік лингвистика " Әлеуметтік контекстідегі тілді " зерттейтін ғылым деген анықтама береді. Бұны былай түсіндіруге болады: әлеуметтік лингвисттер тілге емес, тілді халықтар қалай қолданады, соған назар аударады.Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілсіз қоғам жоқ, қоғамсыз тіл жоқ. Сондықтан қоғам алғашқы даму кезеңінен бастап лингвистерді тіл мен қоғамның байланыс мәселелері қызықтырады.Кез келген тіл сол қоғам арқылы табылған білімді жинақтау, сақтау құралы болып есептеледі. Қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгешіліктер тілдің әр түрлі қабаттарына әсерін тигізбей қоймайды.Әдеби өнделген кез келген тіл формасы, оның қолдану формалары қарым – қатынас сферасына үлкен әсер етеді, сол тілде сөйлеушілердің мәдени деңгейінің өсуіне себеп болады, диалектикалық айырмашылықтардың жойылуына әкеп соғады. Тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері, сөздердің жаңа мағынасы адамдарға қоршаған ортаны тереңірек сезінуге, өз ойын нақты білдіруге көмек береді.Сондықтан тіл мен қоғамның бір- бірімен тығыз байланысу проблемасы әр түрлі лингвистикалық бағытттың және лингвистердің қызығын туғызады.Қызығушылық деңгейі әр түрлі уақыт кезеңдерде біркелкі болмайды. Тек теориялық тіл білімі пайда болғаннан кейін ғана ғалымдар бұл мәселеге көбірек көңіл бөле бастады.Әлеуметттік лингвистика әдістері мен тәсілдері актив және пассив әдістер болып екіге бөлінеді. Актив әдістерге тест, сауалнама, интервью жатады.

Сауалнама - зерттеу міндеттері мен мақсаттарына байланысты сауалдар. Оларға респондит ауызша не жазбаша жауап беруі керек. Сауалнама 3 бөлімнен тұрады:

А) кіріспе бөлім – сұрақтар мақсатын түсіндіру және анонимдік деңгейін көрсету

Б) негізгі бөлім – нөмірленген сұрақтар тізіміВ) қорытынды бөлім – респонденттер туралы демографиялық - әлеуметтік мәселелер, олардың ойы және тілектері.

Сауалнамаға қойылтын талаптар:шындықққа сәйкестілік, валидтілік,нақтылық

Интервью – зерттеуші мен информанттың тікелей қатынасында қолданылады.

1) Әлеуметтік лингвистикалық мәлімет алу үшін эксперимент жүргізушінің информанттардың белсенді сөйлеу әрекетін туғызу мақсатымен коммуникативтік процеске араласуына жағдай жасауымен байланысты. Эксперимент жүргізуші тестілеуде:- орынды өзі таңдайды

- информанттарды жынысына, жасына, мамандығына, біліміне қарай топтастырады

- тақырып сұрақтарынсұрыптайды Актив әдістердің кемшілігі уақытттың үнемделмеуі мен керекті құралдардың көптігі жатады

2) Пассив әдіс:- жазбаша құралдар арқылы тексерумен байланысты

- почта арқылы сауалнама сұрақтарады жіберіліп сұрыпталады

Бұл әдістің артықшылығы – уақыт үнемдеу және информанттардың үлкен топтары қамтылады; кемшілігі- информантттардың тікелей қатынастың болмауы

Әлеуметтік лингвистика сипаты көп векторлы:мемлекеттегі тілдік жағдаятты байланыстыра зерттеу,ұлттық тілдердің өмір сүру формаларын зерттеу,әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің жас, этникалық ерекшеліктеріне, мамандығына, біліміне қарай белгілі бір тілді қолдануын зерттеу,

мемлекеттік және ресми тілдер проблемасын, орта және жоғары білім беруде қолданылуы және т.б. мәселелерді талдау,морфологиялық және генетикалық классификацияға қосымша әлем тілдері функцияналды классификация арқылы талдау. «Тіл және ұлт» мәселесін әлеуметттік лингвистика ұлттық тіл категориясымен байланыстыра зерттейді. Әлеуметтік лингвистиканың ең маңызды ұғымдарының бірі – тілдік жағдаят, бір тілдің немесе бір территориялық - әлеуметтік ортада қызмет ететін тілдер тобының белгілі бір аймақ, болмаса саяси - әкімшілік құрылым шегінде өмір сүру формасының жиынтығы.Әлеуметтік лингвистика ұғымдарының қатарына тілдік қауымдастық, тілдік жағдаят, әлеуметтік – коммуникативті жүйе, билингвизм, диглоссия, тілдік саясат жатады. Сонымен қатар кеғйбір ұғымдар жалпы тіл білімнің басқа салаларынан енген тілдік норма, сөйлеу әрекеті, тілдік акт, тілдік қарым – қатынас, тіпті әлеуметтанудан, әлеуметтік психологиядан, қоғамның әлеуметтік құрылысы, әлеуметтік статус, әлеуметтік рөль, әлеу меттік фактор жатады.


8- дәріс Тілдік құбылыстардың әлеуметтік байланыстары
ХІХғ. 2-жартысындағы тіл білімінің басқа ғылымдар жетістіктерімен байланысы. А.Шлейхердің натуралистік бағытының қайнар көзі. А.Шлейхер концепциясының жетістіктері мен қателіктері. А.Шлейхердін "Родословное древо" еңбегі. А.Шлейхардің типологиялык топтастыруы. Ф.И.Буслаев еңбектеріндегі жалпы тіл білімі мәселелері. Г.Штейнталь концепциясы.

XIX ғасырдын 2-жартысындағы компаративистиканың қалыптасуы. Тілді басқа ғылымдар жетісітігімен байланыстыра зерттеу -XIX ғасырдың 2-жаргысындағы тіл білімі дамуының негізгі ерекшеліктерінің бірі. Август Шлейхердің натуралистік концепциясы және оның компаративистикадағы көрінісі. Логика-грамматикалық бағыт (К.Беккер, Ф.И.Буслаев). Психологиялық бағыт (Г.Штейнталь және А.А.Потебня). Жас грамматикалық мектеп жөне оның тілді зерттеу принциптері.



Бақылау сұрақтары:

1. А.Шлейхердің типологиялық топтастыруын талдаңыз.

2. Ф.И.Буслаев еңбектерінде жалпы тіл білімі мәселелері қалай көтерілді?

3. Жас грамматикалық мектептің зерттеу принциптерін атаңыз.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қордабаев . Т. Жалпы тіл білімі. Алматы, 1999.

2. Қалиев .Б. Жалпы тіл білімі . Алматы, 2000.

3. Хасенов. Ә. Тіл білімі. Алматы, 1996.

4. Общее языкознание. Внутренняя структура языка. М,1972

9- дәріс ТІЛ ЖӘНЕ ТАНЫМ. Когнитивті лингвистика.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы - бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.Жалпы тіл білімі – жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары.Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.Тіл білімі және филология. Филология грек тілінен аударғанда «сөзді сүю» деген мағынаны береді. Тіл білімі - тарих, археология, этнография, әдебиеттану, психология, педагогика, логика, философиямен байланысты.Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.Тіл қоғамдық құбылыс. Қоғамсыз тіл, тілсіз қоғам болуы мүмкін емес.Тілдің қызметтері: қарым-қатынас құралы болу – коммуникативті, ойды жарыққа шығару қызметі – экспрессивті, адамның көңіл-күйді білдіруі – эмоционалды, таным құралы болуы - когнитивті, белгілі бір зат не құбылыстың атауы болуы - номинативті және т.б.

Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1) еріктілік, 2) шарттылық.Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Семиотика - хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.Құрылым дегеніміз - бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы.Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема - тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын, олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі. Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі. Лингвистиканың ғылыми нысаны- тіл, бірақ бұл тұжырымдама бізге толық емес. Ертедегі гректер тіл деп оның адамның ойы мен сезімінің тек жазбаша түрде берілуі деп айтқан. Тіл туралы ілімді олар грамматика деп атаған (грек сөзі «grammatike» - тіл құрылымы туралы ғылым, грекше «gramma» -грекше жазылған әріп) және оны философияға қатысты қоршаған орта туралы жалпы білімдердің бір бөлігі ретінде санаған. Ғылымның коммуникативті ( латын сөзі «comulatio» - ұлғаю, қорлану деген мағынаны білдіреді) сипаты бар. Ол нысан туралы алынған білімдерімізді жинақтап, білімімізді атқарады. Қазіргі заманда біздің тіл туралы біліміміз Де Соссюр кезіндегінен бірталай айырмашылығы бар. Біз нысандардың заттық және функционалды қасиеттерін қарастыруымыз керек. Заттық дегеніміз нысанның, ағзаның және құбылыстардың табиғи туа біткен қасиеті. Олар ішкі қасиеттер болып есептеледі, мысалы адамның заттық қасиеттері – оның ішкі құрылысы арқылы анықталады (дене құрылымы, жүйке жүйесі, қан айналымы, зат алмасу).

Функционалды қасиеттері (латын сөзі «funktio»- рөл, қарым-қатынас) сыртқы басқа адамдармен қарағанда қасиеттерді сипаттайды. Мысалы, мұғалімнің оқушыға қатысы, айдаушының көлікке, ректордың университетке қатысы. Осы заттар мен құбылыстарға , тілге де тән қасиеттерді есепке ала отырып тіл туралы ғылымыд екі негізгі бағытқа бөлуге болады: ішкі лингвистика және сыртқы лингвистика.

Когнитивті лингвистика ( латынша «сognosure» -тану) ой мен тілдің ара қатынасын, адамның танымдық әрекетінің құбылыстары мен нәтижелерінің сөйлеуде және тілде қалай байқалатынын зерттейді.Когнитивті лингвистика- бұл 1970 жылдың ІІ жартысында пайда болып, әсіресе Еуропа елдерінде лингвистикалық зерттеулердің басты бағыттарының бірі болды. Бұл зертттеудің түрі АҚШ-та пайда болғандықтан, оны көбіне сол елде «когнитивті грамматика» деп атады. Когнитивті лингвистиканың пайда болуы – бұл жалпы методологиялық құбылыстардың орнынан ауысуымен тікелей байланысты, бұл лингвистикада 1950жылдың аяғна таяу кездерге келіп тірелді. Бұл фундаментальдық қозғалысының басты бөліктері Хомсконың жасаған генеративті грамматикасы болды. Негізгі түсінігі «түпкілік құрылым» ( глубинная структура), грамматиканың тез дамуы, лингвистикалық прагматиканың пайда болуы, мәтін теориясының және қазіргі грамматикалық теорияның пайда болуы. Осы зерттеулердің басталу негізіне тілдік фактілреді түсіндіру ойы кіреді, сонымен қоса егер генеративті тұжырымдамада түсіндіру мағынасында , ең бірінші адамның тілдің заңдылықты біл қабілетін ашу бағытында бастауыштар ұсынылса, басқа түсіндірмелі бағдарламаларда тілдік фактілер де соның бөлікшесі бола алады. Мысалы, егер тілдік прагматика үшін осындай фактілер ретінде адамның әлеуметтік контексттік іс-әрекеттері (түсіндірмелік құрылымдар ретінде – іс-әрекеттің мақсаты, шарттары болса), онда когнитивтік лингвистикада үлгілік құрылымдар ретінде когнитивтік құрылымдар және адамның танымдық құбылыстары: фрейм ( М.Минский, лингвистикалық тапшылықтар, бұл түсінікті жалғастырушы Ч.Филлмором), жүзеге асырылған когнитивтік үлгі (идеализированная когнитивная модлеь) (Дж. Лакофф) немесе ментальдік кеңістік ( Ж. Фоконье);

Тілдік пайда болуларға байланысты когнитивтік қолайлылықтарына мысал келтіре кетсек. 1970 жылдың бастапқы кезеңдерінде, когнитивтік лингвистиканың пайда болуының бастапқы кездерінде , американ лингвисті У.Чейф өзінік толық жұмыстары баспаға шықты.Оның ішінде ағылшын сөздерінің айтылу интонациясы, сөздердің орналасу заңдылықтары, сонымен қатар олармен тығыз байланысты грамматикалық категориялар анықтамалары, адамның естік қабілет құрылымы және адамның мәліметті қабылдай алу қабілетінің танымдық процестері туралы да айтылды. Сонымен, ағылшын тілінде хабарлы сөйлемдердегі қойылатын интонация, яғни кез келген бір жағдайды хабарлай айтылу, бұның орнына Чейф бойынша, мезгілдік пысықтауышқа байланысты, осы айтылып тұрған, хабарлай айтылған жағдайдың қайсы түпкі жалтан алынған мәлімет екенін, когнитивтік күштің қаншалықты қолданылу керектігін – кейбір мәліметтердің белсенділігі қаншалықты екеенін анықтауға бағытталған.

1. Бәрінен бұрын, когнитивтік лингвистика көп жылдар бойы дамып, тіл мен ғылым, адам туралы ғылым арасындағы қиын жағдайлардыұстап келе жатыр. Тілдік құрылымдық қасиеті психологиялық механизмдерге тікелей баланысты. Бірақ та, соған қарамастан, лингвистер мен психологтар арасында көптеген қиыншылықтар кездседі: бұл ек гуманитарлық ғылымдар, бірінші, лингвистика- пәндердің « семиотикалық ретін» құрайды, ал психология - өзіне «физикалық » циклді құрайды. Когнитивті лингвистика, дәлірек айтқанда қарама-қарсы ретте құрылған: бұл лингвистикалық шындық көмегімен психологиялық болжамдар арқылы түсіндірілген. Болжамдар психологияға тәуелді болуы мүмкін немесе лингвист арқылы да құрылуы мүмкін.Бірақ олар лингвистикалық фактілерді, критерийлерді түсіндіру үшін құрылады.

2. Когнитивті лингвистиканың екінші бастауы болып лингвистикалық семантика табылады. Негізінде, когнитивті лингвистиканы «сверхглубинная семантика» деп анықтап, семантикалық ойлардың қарапайым дамуы деп қараструға болады. Лингвистикалық семантика мен когнитивті грамматикаға негізгі жолдар американ лингвистері Л.Талми и Р.Лангакер (Лэнекер) жұмыстарында толық берілген. Мысалы, Талми канцептуалдық супер категориялрдың бірнеше ретін қарастырған, оларға әртүрлі грамматикалық құрылымдар жатқызуға болады. Мысалы, мынадай жұптарда ойдық қарым-қатынасты сипаттау үшін: (4)а. Доп көк шөпте домалады. б.Доп көк шөпте домалауды жалғастырды. (5)а.Ол онымен сыпайы б.Ол онымен тура (6)а. Оған театрға баруға тура келді. б.Оған театрға баруға мүмкіндік болды. әмбебап сызбалардың басқа да көптеген түсініктемелері болды, ол «күш динамикасы» деп аталды: бұл жұп сөйлемдерде бір жағдайдың әртүрлі айтылу жолдары берілген, олардың бөліктері болып, агонист- айтылған жағдайдың сақталуына қатысты. Нақты жағдайлар физикалық (4), психологиялық (5) әлеуметтік(6) ара байланысқа жатуы мүмкінжәне көптеген әртүрлі тілдік құралдармен сипатталуы мүмкін. Талмидің айтуы бойынша, динамикалық күштің когнитивтік-семантикалық категориясы дәстүрлі грамматикалық категорияларды жалпылауға мүмкіндік береді.

3. Когнитивтік лингвистиканың тағы бір, тарихи бастауы бар: оның құрылу кезеңі ( 2-3 жыл кейінірек) когнитивтік ғылымның (ағыл.cognitive science) пайда болуымен қатар келеді, оны когнитология немесе когитология деп те атай береді. Когнитивтік ғылымның зерттеу пәні болып адамның білімінің құрылымы және орналасуы, ал ол инженерлік пәннің дамуы нәтижесінде, яғни жасанды интелектің дамуы нәтижесінде пайда болды. 1960-1970 жылдары жасанды интелектіде түсінік пайда болды.Ол бойынша, үлгіленуімен жасанды интелектайналысатын адамның интелектуалдық процесі «адамның әмбебап ойлау заңымен » басында айтылғандай еш байланысы жоқ екені анықталды: көртеген интелектуалдық тапсырмалар адамның білімімен шешіледі. Когнитивтік ғылымда 1970 жылдың өзінде білімді көрсетуші тілдер және оларды қолдану принциптері (концептуалдық қорытынды ережежесі) дайындалып шығарылды.

1970 жылдар жасанды интелектіде А.Ньюэл және Г.Саймонның «мәліметтерді символдық қайта құру» семантикалық парадигмасы жоғары орынды алды. Ал Массачусетск технологиялық институттағы жасанды интелект лабороториясының директоры П.Уинстон айтуы бойынша, машинаны қарапайым тілді үйретуге тырысу, жаңа бір интеллект жасап шығарумен бірдей. Осындай ғылым барысында когнитивтік лингвистика пайда болды.

Осы когнитивтік лингвистиканың пайда болу және даму барысында, орын алған лингвистикалық типология және этнолингвистика . Бұлар тілдің құрылымын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Когнитивтік лингвистиканың құрылу кезеңдері мынадай жағдайда. 1975 жылы «когнитивтік грамматика» термині ең алғаш Дж.Лакофф және Г.Томпсонның «Представляем когнитивную грамматику» атты мақалаларында берілді. 1985 жылы когнитивтік грамматика үлкен көлемде, бірақ ескірген кезеңінде көрсетілді. Сол уақытта Ж.Фоконье «Ментальные пространства» кітабы, дәстүрлі лексико-грамматикалық проблемаларды көрсетті. 1987 жылы Р.Лангакердің «Басты когнитивті грамматиканың» бірінші томы басып шығарылды, екіншісі – 1991жылы шықты. Кейін М.Джонсонның Ойланудағы дене (ағыл. The Body in the Mind). Сонымен қатар, Р.Джэкендоффтың монографиясына бастау болған және оның кітабы «Таным және есептеуіш ойлау» шықты.1995 жылы «Тіл және ақыл» деген жинақ аудармасы шықты. 1990 жылдан бастап, «Когнитивті лингвистика » журналы шығарылады. Когнитивті лингвистика алғашқы кезеңдерде тек танымдық құрылымдар мен шыққан болжамдарды ғана байланыстырған болса, дами келе өзінің негізгі пәнін, өзінің ішкі құрылымын және категориялық аппаратын таба бастады. Қазіргі уақыттар когнитивті лингвистиканың өз ішінде келесі бөлімдерді алып көрсетуге болады.

1. Өндіріс процестерін және қарапайым тілді түсінуді зерттеу. Тарихи жағынан алғанда бұл анағұрлы ескі бөлім, бұл компьютерлік үлгілерді құрастырушы мамандардың қатысуымен құрылған бөлім. Бұл ймақта өзінің үлесін қосқан лингвистердің ішіндегілерінің бірі У.Чейф. Ол естің категориялары мен белсенділігін зерттеген.

2. Тілдік категорияның принциптерін зерттеу. Бұл бағытта көп жұмыс жасағандар Дж.Лакофф, Элеонора Роштың ойын жалғастырушы.

3. Түсіну құрылымының түрлерін және олардың тілдік ұқсастықтарын зерттеу. Бұл жұмыстар жасанды интеллект бағытында басталды. (Р.Абельсон, Р.Шенко, М.Минский –фрейм және сценарий сиқты категориялардың авторлары).

4. Когнитивті-семантикалық суперкатегорияны зерттеу , бәрінене бұрын Л. Талми есімімен байланысты. Тарихи жағынан алғанда, когнитивті лингвистика Н.Хомскийдің альтернативтік генеративизмі ретінде беріледі. Когнитивті лингвистиканың негізгі орталықтары болып Беркли мен Сан-Диегодағы Калифорния университеті сонымен қатар, Нью-Йорк штатындағы Буффалодағы когнитивтік ғылым орталығы Университеті табылады. Еуропада , әсіресе, Голландия мен Германияда когнитивті лингвистика жақсы дамыған. Жыл сайын халықаралық конференциялар өткізіліп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет