Психологиялыќ дау-дамай Конфликтологиялыќ идеяларѓа тарихи шолу



бет1/5
Дата29.11.2023
өлшемі133.5 Kb.
#484810
  1   2   3   4   5
9 лек

Психологиялық дау-дамай Конфликтологиялық идеяларға тарихи шолу

  • Конфликт жер бетінде тіршіліктің пайда болуымен қатар дамыды десек, қателеспейтін шығармыз, өйткені тіршілік иесінің сұрыпталып, сақталуы үшін, тіршілік етуін жалғастыру үшін күрес жүргізуге тура келді.
  • Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғанған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің обúектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады.
  • Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік үшін күрес соғыстары болған.
  • қытай ойшылы (б.з.д. VІ-V ғ.ғ.) Лао-цзы: “Барлық тіршіліктің дамуы - инь мен янь энергияларының үйлесімділігінде”, - деп тұжырымдаған.
  • Тарихтан бізге жеткен ежелгі грек философтарының айтылған даналықтарын қарастырсақ, антикалық философ Гераклит (б.з.д. шамамен 530-470 жж.) дүниеде барлық заттар, ұғымдар соғыстың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшін “соғыс - барлық нәрсенің патшасы”.
  • Платон (шамамен б.з.д. 428-348 жж.) соғысты ең ұлы жауыздық деп санап, соғыссыз өткен кезеңдерді “алтын ғасыр” деп атаған.
  • Орта ғасырлардағы конфликт
  • Ағылшын материалист-философы Френсис Бэкон (1561-1626) өзінің “Саяси және адамгершілік тәжірибелері мен нұсқаулары” кітабында: “Ауқатты отбасында туылған адамның еңбекке деген ынтасы болмайды және ол өзгелердің ынтасына қызғанышпен қарайды. Адамдар арасында болатын қақтығыстар санын бірталай азайтуға болады, тек ол үшін мемлекет материалдық жағдайды жақсартып, адамдардың сұраныстарын қамтамасыз етіп отыруы қажет”, - деп тұжырымдайды.
  • Томас Гоббс (1588-1679) 1651 жылы шыққан өзінің “Левиафан немесе Материя, мемлекеттің азаматтық шіркеу формасы мен билігі” атты әйгілі трактатында дау-дамайдың негізгі үш себебін көрсетеді: бәсекелестік, сенім білдірмеу, атақ-даңққа құмарлық.

Дау-дамай және оны шешу жолдары

  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет