Жамбыл ауылдық кітапханасы
Аудан орталығы-Чапаев аулынан батысқа қарай 60км жерде, Жайықтың Көшім тармағы жағалауындағы орналасқан. Жамбыл ауыл округінің орталығы. Округ аймағына Бітік, Болдырев, Бұлан ауылдары кіреді.
Жамбыл ауыл кітапханасы мәдениет үйі ғимаратының жоғарғы қабатында 25 кв.м. аумағына орналасқан.
Жамбыл совхозында 1974 жылы кітапхана ашылды. Негізі Жамбыл ауылы 1973 жылы құрылғанымен оның бөлімшелері Болдырев, Бітікте кітапхана 1959 жылдары ашылды. Алғаш ашылған кітапханада Чунгулова Алма кітапханашы болып жұмыс істеді.
Жамбыл ауылдық кітапханасында әр жылдары Кубегенова Жұпар Дәулеткерейқызы, Шункеева Жеңіс Сүндетқызы қызмет атқарып, оқырман қауымға рухани білім нәрін себуде өз үлестерін қосты.
1981жылдан кітапханада Қайырғалиева Күляш Өресқызы қызмет етіп, заманның ауыртпалығына қарамастан оқырмандарын жоғалтпай, кітап қоры арқылы оқырмандардың білім дәрежесін жан-жақты дамытып отырды.
1965 жылдардан Жамбыл селолық советіне қарасты Дөңгелек ауылында «Красная юрта» атауымен кітапхана қызмет етіп, 1971 жылы №76 мәдениет бөлімінің бұйрығы негізінде Дөңгелек ауылдық кітапханасына аудандық кітапханасының қорынан дублетті әдебиеттер берілді.
1971 жылдан бастап кітапханада Исмаилова Идрис қызмет атқарып (бұйрық № 60,1971.07.09).
1973жылы Дөңгелек ауылдық кітапханасында А.М.Петруй. Н.П.Кизява кітапханашы қызметтерін атқарды.
1975 жылы «Красная юрта» жабылды.
1979 жылы аудандық совет атқарушы комитетінің 1979 жылғы 29 маусымындағы №223 шешімі негізінде Дөңгелек ауылында кітапхана ашуға бұйрық берілген болатын, кітапхана ашу үшін жұмыстану халық депутаттары А.И.Голубова, Рашеваға жүктелді.
1979 жылдың 1 тамызынан М.Мағзомов кітапханашы қызметіне кірісті.
1994 жылы тұрғын халықтың көшуіне байланысты Дөңгелек ауылдық кітапханасы жабылып, кітап қоры аудандық кітапхананың ОИЕФ бөліміне уақытша сақталды.
2001 жылы Жамбыл ауыл оқругіндегі Бұлан ауылдық кітапханасы тұрғын санының азаюына байланысты жабылып, кітап қоры жаңадан ашылған Алғабас ауыл округіндегі Тоған ауылдық кітапханасына берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |