Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы
басқармасының 2011 – 2015 жылдарға арналған
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
Тараз – 2013 ж.
Стратегиялық жоспардың құрылымы
1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы - 3
Миссиясы - 3
Пайымдауы - 3
2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті салалар қызметтердің даму тенденциясы - 3-8
3 бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және - 8
нәтижелердің көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және
нәтижелердің көрсеткіштері - 8-16
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары Мемлекеттік
стратегиялық мақсаттармен сәйкестігі - 17
4 бөлім. Міндетті мүмкіндіктерді дамыту - 18-19
5 бөлім. Ведоствоаралық қарым-қатынас - 20-21
6 бөлім. Қауіп-қатерлерді басқару - 22-23
7 бөлім. Бюджеттік бағдарламалар - 24
7.1. Бюджеттік бағдарламалар (әр бағдарлама бойынша) - 25-44
7.2. Бюджеттік бағдарламарының қорытындысы - 45
Арынов Ж.А.
тел. 45-08-22
Жамбыл облысының әкімдігінің 2011 жылғы
«27» шілдедегі № 238 қаулысымен
бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының
2011 – 2015 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары
1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы
Агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді, ауылдық аумақтар мен аграрлық ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру.
Пайымдауы
Агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, жергілікті өндірген өнімнің бәсекелестік басымдылығын дамыту, облыстың азық-түлік қауіпсіздігін және мемлекеттік қаржыны және материалдық активтерді басқару тиімділігін қамтамасыз ету, аграрлық салаларының үйлестіру жұмыстарын жоғары деңгейге жеткізу.
2 бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тиісті салалар қызметтердің
даму тенденциялары
1. Стратегиялық бағыт. «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету».
-
Негізгі параметрлер дамуының реттеу салалары немесе қызмет салалары:
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.
Бүгінгі күні облыстың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндіріс тиімділігінің өсуімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.
2012 жылы агарлық саланы дамытуға барлық көздерден 11,3 млрд. теңгеден аса қаржы жұмсалса, оның 4,1 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен субсидия және трансферттер, ал 1,37 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен.
Сондай-ақ «КазАгроҚаржы» АҚ есебінен 981,9 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ -нан 805,8 млн.теңге, «Аграрлық несиелеу корпрациясы» АҚ-ынан 953,5 млн. теңге, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ -ың 195,6 млн.теңге бағытталды.
Бұлармен қатар, агроқұрылымдар өз қаржылары, алған несиелері есебінен 2,8 млрд. теңге жұмсады.
Мемлекеттің жан-жақты қолдауы мен көмегі нәтижесінде 2012 жылы облыс бойынша аграрлық секторда өндірілген жалпы өнім көлемі 93,2 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені саласын тұрақты дамтытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, облыстың Даму бағдарламасы, ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, «Сыбаға» бағдарламалары лайықты жүзеге асырылуда.
Облыстың егін шаруашылығы саласында айқын ілгерілушіліктер байқалады. Аудандар жоғары рентабельді, сұранысы үлкен дақылдарды егуді қолға алып, осы тарапта мол тәжірибе жинақтай бастады.
Жылдын-жылға майлы дақылдардың, дәндік жүгерінің, көкөністердің, картоптың және басқа да тиімді дақылдардың көлемдері ұлғая түсуде.
2012 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдар егілген алқаптар 527,3 мың гектарды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 13,6 мың гектарға немесе 2,6 пайызға артық егілді. Оның ішінде дәнді дақылдар бұршақ тұқымдастармен бірге 239,3 мың гектарға себіліп, 2011 жылға қарағанда 4,9 мың гектарға немесе 2,1 пайызға артты.
2012 жылы облыс бойынша масақты дәнді дақылдар 209,1 мың гектардан жиналып, орын алған құрғақшылыққа қарамастан, барлық жалпы өнім көлемі 229,1 мың тоннаны, әр гектардың түсімділігі 11 центнерді құрады. Бірқатар астықты аудандар облыстық орташа көрсеткіштен де аса көп астық жинады.
Егіс алқаптарын қайта құру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Меморандумға сәйкес, 2013 жылдың өнімі үшін 115,0 мың гектар күздік бидай егу көзделсе, бұл мақсат үшін қажетті 20767 тонна тұқым өзімізде дайындалып, күздік егу жұмыстары ойдағыдай жүргізілді.
Облыста алқаптарға су үнемдеу техногологияларын ендіру, сондай-ақ, босалқалы жерлерді айналымға қосу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл тарапта 2012 жылы су үнемдеу технологиялары 1770 алқапқа (оның ішінде 870 га алқапқа тамшылап суару, 900 гектарға жаңбырлатып суару енгізілді) бұл 2011 жылмен салыстырғанда 540 гектарға артық.
Жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде 485 мың га босалқы жерлер анықталып, олардың 62 мың гектары ауыл шаруашылығы айналымына қосылды, нәтижесінде пайдаланыстағы жерлер 654 мың гектарға ұлғайды.
Облыста ғылыми тұрғыда негізделген айналмалы жерлерді пайдалану үрдісі пайаланылуда. Сонымен қатар, нөлдік және минималды технология 2008 жылдардан бастап енгізілуде. 2009 жылы облыста 13,5 гектар алқапқа осы технология қолданылса, 2010 жылы 15,2 мың гектар және 2011 жылы 17,0 мың гектар алқапқа жетіп, 2012 жылы бұл технология 21,0 мың гектар алқапқа қолданылып, 1,7 есеге артты.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 100 пайыз көлемінде шабындықтарын шауып, ірі сабақты мал азықтарын дайындап, мал қыстатуға жақсы дайындықпен кірісті.
Ауыл шаруашылығын жаңа техникалармен жарақтау мақсатында 2012 жылдың басынан бері облыс бойынша барлығы 591,3 млн. теңгеге 143 дана жаңа техникалар алынды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №1089 қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы зор, негізгі деген 33 азық-түлік тауарлары белгіленген. Осы тізбеге енгізілген көкөніс өнімдері бойынша облыс тұрғындары қажеттілігінің қамтылу деңгейі 132-969 пайыз аралығында, оның ішінде қырыққабат бойынша облыстың ішкі қажеттілігінің қамтамасыз етілуі - 132 пайызды, пияз бойынша 969 пайызды, асханалық қызылша бойынша – 437 пайызды, асханалық сәбіз бойынша – 396 пайызды, картоп бойынша 206 пайызды құрап отыр.
Сиыр және қой еттерін өндіру тұтынушылардың қажеттілігінен 2 есеге жуық артық болса, 1-2-ші санатты тауық жұмыртқасының өндірісі қажеттіліктің 135 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, ішкі сұраныстың шикі сүтпен қамтылу көрсеткіші 160 пайызды құрайды.
Алайда, облыс бойынша қайта өңделген ет, сүт және жеміс-көкөніс өнімдері әліде тиісті дәрежеде дами алмай отыр.
Оған себеп: облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының көптеген түйінді мәселелері аудан, кәсіпорын басшылары тарапынан қолға алынып, шешуді қажет етеді. Сапалы шикізат тапшылығы, айналымдық қаржылардың жеткіліксіздігі, қондырғылардың тозуы, энергоқуаттар тарифтерінің өте жоғары болуы, инфрақұрылымдардың нашар дамуы, міне осының бәрі де шешімдерін күтіп тұрған мәселелер.
Маусымаралық кезеңдерде облысқа сырттан әкелінетін көкөніс өнімдері импортының үлесін азайту мақсатында облыста көкөніс өсірілетін жылыжайлар тұрғызу жұмыстары жақсы жолға қойылып келеді. Бұл тарапта, өткен жылы Жамбыл ауданындағы Бектөбе ауылында жалпы аумағы 5,2 гектарды құрайтын 104 шағын жылыжай кешені тұрғызылды. Ал, 2012 жылы тағы да осы Бектөбе ауылында 100 шағын жылыжайлар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Байзақ ауданында «Манап» шаруа қожалығы аумағы 1 гектарды құрайтын жылыжай кешенін іске қосып, көкөніс өнімдерін өндіруде. Қазіргі кезде облыс бойынша жалпы көлемі 27,2 гектарды құрайтын 405 жылыжай бар. Ал қолданыстағы 13,8 га жылыжайдан 1276,5 тн. өнім жиналды.
Облыста мал шаруашылығын дамыту саласында бірқатар ілгерінді жұмыстар атқарылуда. 2011 жылмен салыстырғанда, 2012 жылы қой-ешкінің, жылқының саны 1-2 пайызға артқан. Мал басының өсуімен қатар, 2012 жылы жоғарыдағы салыстырмалы кезеңге, мал өнімдері: ет, сүт және жүн өндіру 1- 4 пайызға ұлғайып отыр.
Облыс көлемінде 2011-2015 жылдарға арналған Даму, 2011-2015 жылдарға арналған ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту және «Сыбаға» бағдарламалары жүзеге асырылуда. 2011-2015-ші жылдарға белгіленген межелерге сәйкес, облысқа 2012 жылы 3600 бас аналық және 120 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа сатып алу тапсырылған болса, бұл тапсырма аналық МІҚ бойынша – 3607 басқа, бұқа бойынша 219 басқа орындалып, артығымен орындалып отыр.
Қазіргі кезде облыстағы асыл тұқымды мал шаруашылықтары саны 118-ге жетіп отыр. Мал басын асылдандыру бағытында облыс бойынша 170 қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыс атқаруда.
2012 жылға Жамбыл облысына 1,0 мың басқа арналған шаруашылық-репродукторлар құру тапсырылған болса, оларды құруға Қордай ауданының шаруашылықтарына 816 бас ет бағытындағы шет елдік асыл тұқымды мал әкелініп, репродрукторлар құру жоспары 82 пайызға орындалды. Бұлармен қатар, 2012 жылға 1,0 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдарын құру жоспарланса, нақты 2300 басқа арналған бордақылау алаңдары құрылып, бұл тапсырма 230 пайызға орындалды.
Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуда қалалар мен ірі елді-мекендер маңынан мамандандырылған «сүт белдеулерін» құруға, сүт-тауарлы фермаларын ашуға күш салынуда.
Мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауыспалы жайылымдарды енгізу және жайылымдық жерлерді жүйелі және ұтымды пайдалану бағытында да барлық аудандарда сала ғалымдарымен бірлесіп, жайылымдық қой шаруашылығын дамыту бағытында нақты іс-шаралар жүргізілуде.
Елбасы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалана отырып, ет және биязы жүн бағытындағы қой шаруашылығын дамыту бағытында да межелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі кезде биязы жүнді қой шаруашылығын дамыту үшін тиісті мемлекеттік қолдаулар да қарастырылған.
Ал, жылқы шаруашылығы бойынша тек қана қымызға ғана емес, шет елдердің жылқы етіне де сұранысы да жоғарылап келеді. Осы себепті, жылқы етін шет елдерге экспорттау мүмкіндіктері де қалыптасып отыр. Бұл орайда, түйе малынан шұбат өндіру жұмыстары да қолға алынуы тиіс.
Мал басын көбейтуге және мал өнімдерін ұлғайтуға, олардың сапасын арттыруға ветеринария саласының да қосар үлесі аз емес.
Облыста соңғы 2 жылда мал ауруларын жедел, әрі сапалы диагностикалау мақсатында халықаралық стандартқа сай модульдік 1 типтік, 1 облыстық, 5 аудандық ветенринариялық зертханалардың ғимараттары салынды. Сондай-ақ облыстық бюджет есебінен 18 мал сою алаңдары салынып, мал сою орындарының саны 65-ке жеткізілді. Биологиялық, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен биотермиялық шұңқырлар және жылжымалы крематорийлер салынуда.
Облыс бойынша 433 ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары, цехтар және өндірістік желілер бар, бірақ, бүгінгі күні олардың 280-і ғана жұмыс істеп тұр. Оларда 2012 жылы 35 млрд. 172 млн. теңгенің өнімдері өндірілді.
2012 жылдың басында көкөніс қоймаларына жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес бүгінгі күні облыста жалпы сиымдылығы 61415 тоннаны құрайтын 62 көкөніс-картоп қоймалары бар. Оның ішінде сиымдылығы 5 мың тонна болатын 1 заманауи көкөніс қоймасы 2011 жылы іске қосылды («Тараз-Тарту» ЖШС). Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша маусымаралық кезеңдерде жеміс-көкөніс өнімдеріне деген қажеттіліктің толық қамтылуына сиымдылығы 67,5 мың тоннаны құрайтын қоймалар қажет (қамтылу 91 пайыз).
2012 жылы облыстың агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы сомасы 6,6 млрд.теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаның іске асырылуы бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде жалпы сомасы 939 млн. теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске қосылды (6 гектарды құрайтын 2 жылыжай кешені, 1 репродуктор, 1 көкөніс қоймасы және мал шаруашылығы кешені).
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елді мекендерге келген мамандарға әлеуметтік көмек көрсетілді. 2012 жылы 268 маман 113260 теңге көлемінде (әр қайсысы) көтерме жәрдем ақы алды. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендерге келген 153 маман тұрғын үймен қамтылды.
Облыста негізгі азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша облыстық штаб жұмыс жүргізуде. Аталған штаб жанынан азық-түлік тауарлары рыногындағы күнделікті жағдайды бақылау мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылған. Тұрақты түрде сауда нүктелері басшыларымен азық-түлік өнімдерін сату барысында үстеме сату бағасын 10-15% асырмау, жергілікті тауар өндірушілерге коммуналдық базардан сауда орындарын ұсыну жұмыстары жүргізілуде.
-
Негізі мәселелерді талдау
Облыстың агроөнекәсіп кешенінде негізгі жүйелі мәселелер болып агротехнологиялардың артта қалуы, өндірістің негізгі құралдарының физикалық және моральдық тозуы;топырақтың құнарлығы жағдайын бақылаудың жоқтығы;суармалы судың нормативтен тыс шығындары, сонымен қатар табиғи ресурстардың басқа да түрлерін тиімсіз қолдану;жерлердің мелиоративті жағдайының нашарлауы; ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы; қолданылатын тұқымдардың және мөсірілетін малдардың тегінің генетикалық әлеуетінің төмендігі;жемшөп базасының әлсіздігі ,жайылымдардың құлдырауы; өндірістік қайта өңдеуге сапалы шикізаттың жетіспеушілігі және ішкі азық-түлік тауарларының нарығында терең қайта өңделген отандық өнімдердің үлесінің төмендігі; облыстың ішкі сұранысын қанағаттандырмайтын маңызды азық-түлік өнімдерінің бар болуы; экономиканың аграрлық саласына инвестиция тартудың төмен деңгейі; ауылдық кооперацияның дамуының жетіспеушілігі болып қала беруде
-
Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
- жаңа агротехнологиялар енгізу ;
- сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі;
- жоғарғы білікті мамандармен қамтамасыз ету;
- тартылатын инвестициялардың тартымдылғы;
- сыртқы нарықтағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың өсуіне байланысты даму болашағы, халық санының өсуі және әл-ауқатының жақсаруы:
- қаржылық тәуекел (әлемдік қаржылық дағдарыс, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат көлемінің қысқаруы.);
- бағалық тәуекел (ауыл шаруашылығы өнімдеріне республикалық ішкі және әлемдік бағалардың өзгеруі );
- Кедендік одақ елдерінің жағынан импорттың ұлғаюы;
- облыстың азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп-қатар;
- табиғи сипаттағы тәуекел (құрғақшылық, тоңазыту, үсу, жылудың жетіспеушілігі, артық суарылу, су тасқыны, сел, жауын, бұршақ, қатты жел, дауыл, ғаламдық жылыну, малдардың және өсімдіктердің жаппай ауруы.
3 бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар,
іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
1 Стратегиялық бағыт. Агроөнеркәсіп кешені салаларын орнықты дамыту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Мақсат 1.1. Тұрақты өсу ырғағында және қазіргі заманғы озық технологияларды пайдаланумен жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін және азық-түлік өнімдері өндірісін құру
Нысаналы
индикатор
(жетімділіктің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсетумен бірге)
|
Ақпарат көзі
|
Оның ішінде аралық мәнін көрсетумен
|
Есепті кезеңде
|
Жоспарлы кезеңде
|
Өлшем бірлігі
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлемі индексі (ИФО.
|
стат. мәлім.
|
%
|
122,7
|
99,6
|
106,8
|
103,5
|
105,1
|
105,5
|
106,7
|
Аграрлық-өнеркәсіп кешені өнімінің экспорттық өсімі
|
стат. мәлім.
|
%
|
48,6
|
63,7
|
75,8
|
105
|
106
|
107
|
109
|
Аграрлық-өнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің өсімі
|
стат. мәлім.
|
%
|
100
|
113,8
|
129,1
|
112,4
|
118,9
|
113,9
|
109,6
|
Өнімді қайта өңдеу үлесін арттыру
ет
сүт
жеміс-көкөніс и
|
стат. мәлім.
|
%
|
27,2
18,9
0,01
|
28,5
25
0,2
|
29,9
27,8
2
|
31,4
33,8
5
|
32,9
40,9
7
|
34,5
49,5
12
|
35,5
55
15
|
Аграрлық-өнеркәсіп кешенінің жалпы қосымша құны
|
стат. мәлім
|
%
|
-
|
-
|
106,5
|
102,1
|
104,9
|
105,5
|
106,7
|
Міндет 1.1.1. Озық технологияларды енгізу және материалдық-техникалық базаны жақсарту негізінде өсімдік шаруашылығы көрсеткіштерін тұрақты арттыру
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
Ақпарат көздері
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті кезеңде
|
Жоспарлы кезеңде
|
|
|
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
Өсімдік шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі
|
мәлімет
|
%
|
147,6
|
96,5
|
111,6
|
98,5
|
100,2
|
100,8
|
101,0
|
Рентабельді ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарының көлемін ұлғайту
|
мәлімет
|
%
|
4
|
10
|
10
|
12
|
15
|
18
|
20
|
Егіс алқаптары көлемін төмендегі көлемдерге жеткізу,
майлы дақылдар
картоп
көкөністер
|
мәлімет
|
мың га
|
63,2
5,9
18,1
|
68,4
6,0
20,1
|
78,0
7,5
21,8
|
72,0
6,2
22,0
|
75,0
6,3
23,0
|
78,0
6,5
24,0
|
80,0
7,0
25,0
|
Жалпы егіс көлеміндегі ылғал сақтау технологиясын пайдалану арқылы өңделетін алқаптар көлемін ұлғайту
|
мәлімет
|
%
|
3
|
9
|
12
|
19
|
26
|
35
|
50
|
Басым бағыттағы дақылдарды өндірудің агротехникалық циклін қамтамасыз ету
|
мәлімет
|
мың га.
|
50
|
100
|
250
|
320
|
320
|
325
|
330
|
Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану
|
мәлімет
|
мың тонна
|
7
|
10
|
21
|
30
|
35
|
41
|
46
|
Элиталық тұқымдар өндіріп, сату
|
мәлімет
|
тонна
|
1200
|
1450
|
1600
|
2000
|
1500
|
1600
|
1700
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі
|
|
|
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
2014 ж.
|
2015 ж.
|
Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алаңын ұлғайту
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімдікткрдің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіру
(субсидия)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Минералдық тыңайтқыштарды пайдалану (субсидия)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Көктемгі-дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету (субсидия)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Тұқым шаруашыығын дамыту (субсидия)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ағын сумен қамтамасыз ету (субсидия)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Достарыңызбен бөлісу: |