«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі» КММ Ғ.Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебі»
Бұйрық №
Тараз қаласы 10.10.2023ж
«2-11 сыныптарда тоқсандық
жиынтық бағалау өткізу туралы»
Оқушылардың тоқсан бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын меңгерту деңгейін және білім алушылардың ілгерілеуін анықтау мақсатында және білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауын енгізуді ұйымдастыру және үйлестіру бойынша БҰЙЫРАМЫН:
2022-2023 оқу жылында жиынтық бағалауды өткізу кезінде ҚР Білім және ғылым вице-министрінің 2017 жылғы 10 ақпандағы «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау өткізудің тәртібі туралы нұсқаулық» басшылыққа алынсын;
2022-2023 оқу жылында І тоқсан бойынша 2-11 сыныптардағы тоқсандық жиынтық бағалау 19-22 қазан аралығында өткізілсін; (Қосымша 1)
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары мемлекеттік стандартты және әдістемелік ұсынымдарда ұсынылған тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы негізінде әзірленсін;
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың өткізу кестесін жасау 2-4, 5-11 сыныптар бойынша ДОІЖО Т.Сейткасимоваға тапсырылсын.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудың өткізу кестесі білім алушыларға және ата-аналарға таныстырылып, мектеп сайтына, kundelik.kz электронды журналына орналастырылсын;
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарының көшірмесі модерацияға тапсырылсын;
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау критериалды бағалау жүйесіне енгізу бойынша мектеп үйлестірушісі Т.Сейткасимоваға, ДӘІЖО А.С.Кулыбековаға, ДБЖО Г.Махановаға жүктелсін.
Мектеп директоры М.Досмаханұлы
«Бекітемін»
Мектеп директоры
_____________ М.Досмаханұлы
Достарыңызбен бөлісу: |