Жанама ауылдық кітапханасы



Дата01.07.2016
өлшемі435 Kb.
#169673
Жанама ауылдық кітапханасы
Ақжайық ауданындағы Сарытоғай ауыл әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 180 км жерде, Жайықтың сол аңғарлық жағалауында орналасқан. Атырау облысымен шектеседі.


Жанама ауылдық кітапханасы Мәдениет үйі ғимаратының ішінде 56. кв.м көлеміне орналасқан.

Бұрынғы Тайпақ ауданына қарасты «Зауральный» совхозының орталығы болған Жанама ауылының іргетасы 1965 жылы қаланған. Жанама ауылдық кітапханасы 1967 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Кітапханашы Мұқанова Тұрсын 1977 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1981-1986 жыл аралығында кітапханашы қызметін Даулетиярова Ғалия атқарды.


Қазіргі уақытта 1986 жылдан бері кітапханашы болып Тұраисова Гүлсім жұмыс істейді. 2004 жылдан бастап Жанама ауылдық кітапханасында кішкентай оқырмандармен «Балдәурен» балалар клубы жұмыс істейді. 2007 жылы Ақжайық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Алмалы ауылдық кітапханасында өткен «Қазіргі таңдағы кітапхана және кітапханашының заман талабына сай үндестігі. Жаңа бастама» тақырыбындағы кәсіби кеңесте мамандығын шындау мақсатында өткен іскерлік сабағында кітап қорымен жұмысты ұйымдастыруда кәсіби біліктілігімен танылғаны үшін Жанама ауылдық кітапханасының кітапханашысы Тұраисова Гүлсім мақтау қағазымен марапатталды.



2007 жылы мәдениет үй ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп ғимарат ішінде орналасқан кітапхана жаңарып, заман талабына сай ауыл тұрғындарына рухани кітапханалық қызмет көрсетуде әртүрлі бағытта шаралар өткізіліп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет